"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына түсініктемесі

      Мемлекет басшысы 10 жылға есептелген ұзақ мерзімді бағдарлама болып табылатын "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" бекітетін Жарлыққа қол қойды.
      Бағдарламаны қабылдаудың өзектілігі тіл проблемаларын шешу жөніндегі шұғыл шаралар процесін мемлекеттік қолдау қажеттігімен айқындалады.
      Бағдарламада орталық және атқарушы органдардың, сондай-ақ еліміздің жетекші тілші-ғалымдарының ұсыныстары ескерілген.
      Бағдарламада Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұрын көзделген, орындалуы қазіргі уақытта аяқталған іс-шаралар одан әрі жалғасын тапты.
      Бағдарламада Қазақстандағы тіл құрылысының ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтары, мақсаттары мен міндеттері айқындалған, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың басты бағыттары мен іске асыру тетіктері белгіленген.
      Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері онда көзделген іс-шараларды қысқа мерзімді жоспарлауға негізделген. Ол әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы өзгерістерге неғұрлым икемді оңтайласуға мүмкіндік береді, жүргізіліп жатқан ұйымдық жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және нақты нәтижелерге қол жеткізеді. Атап айтқанда, Бағдарламада белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-әрекеттерді әрбір екі жылға арнап уәкілетті орган әзірлейді, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Бағдарламаны іске асыру Қазақстанда қолданылатын тілдердің қажетті функционалдық арақатынасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық
      бөлімі

"О Государственной программе функционирования и развития языков на 2001-2010 годы"

Комментарий государственно-правового отдела Администрации Президента Республики Казахстан к Указу Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 550 ("Казахстанская правда" от 17 февраля 2001 года № 47-48)

      Главой государства подписан U010550_ Указ, утверждающий Государственную программу функционирования и развития языков на 2001-2010 годы, которая является долгосрочной и рассчитана на 10 лет.
      Актуальность принятия Программы определяется необходимостью государственной поддержки процесса неотложных мер по решению языковых проблем.
      В Программе учтены предложения, поступившие от центральных и местных исполнительных органов, а также ведущих ученых-лингвистов страны.
      В Программе нашли свое дальнейшее развитие мероприятия, ранее предусмотренные в P980119_ Государственной программе функционирования и развития языков на 1998-2000 годы, исполнение которой в настоящее время завершено.
      Данной Программой определены стратегические приоритеты, цели и задачи языкового строительства в Казахстане на долгосрочную перспектив, а также намечены генеральные направления и механизмы их реализации.
      Механизм реализации Программы заключается в краткосрочном планировании мероприятий, предусмотренных ею, что позволит более гибко реагировать на изменения в социолингвистической ситуации, обеспечить эффективность проводимых организационных работ и приведет к реальным результатам. В частности, конкретные действия по осуществлению мероприятий, определенных Программой, будут разрабатываться уполномоченным

органом на каждые два года и утверждаться правительством республики.
     Реализация данной Программы будет способствовать достижению 
необходимого функционального соотношения языков, использующихся в 
Казахстане.
     
     Государственно-правовой отдел
     Администрации Президента Республики Казахстан
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Мартина Н.А.)