Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 U990317_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1999 ж., N 58, 559-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшелері (мемлекеттік қызметшілер мәртебесін иеленушілер) және мемлекеттік инспекторлары," деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары";
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 372 U000372_ Жарлығында:
2-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында "Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мемлекеттік қызметшілер
мәртебесі бар мүшелері", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
мемлекеттік комиссияның мемлекеттік инспекторлары" деген сөздер алынып
тасталсын;
3)
Ескерту. 3)-тармақша күшін жойды - ҚР Президентінің 2001.03.26. N 575
жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.