Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 мамыр N 401. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 U990317_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1999 ж., N 58, 559-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшелері (мемлекеттік қызметшілер мәртебесін иеленушілер) және мемлекеттік инспекторлары," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары";
      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 372 U000372_ Жарлығында:

 

     2-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында "Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мемлекеттік қызметшілер

мәртебесі бар мүшелері", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі

мемлекеттік комиссияның мемлекеттік инспекторлары" деген сөздер алынып

тасталсын;

     3)



     Ескерту. 3)-тармақша күшін жойды - ҚР Президентінің 2001.03.26. N 575

              жарлығымен. 


U010575_
 


     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

            Президенті



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады