"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша күтіліп отырған таза табыстан:
1) жарғылық капиталға - 5 465 643 мың теңге;
2) резервтік капиталға - 0;
3) республикалық бюджет кірісіне - 6 081 660 мың теңге жіберілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті