Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы таза табысының жұмсалуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 6 маусым N 623

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша күтіліп отырған таза табыстан:
      1) жарғылық капиталға - 5 465 643 мың теңге;
      2) резервтік капиталға - 0;
      3) республикалық бюджет кірісіне - 6 081 660 мың теңге жіберілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады