Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасып келе жатқан қатынастарды қадағалау мақсатында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріле отырып таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін және онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлесін және 2001 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде аталған заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін; Z030474
3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен .
5. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 463-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті