Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесі құрылсын.
2. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
2001 жылғы 29 қыркүйектегi
N 692 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жанындағы Кәсіпкерлер кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Байменов - "Меркур" ЖШС бас директоры
Есенғали Қанатбайұлы
Байсейiтов - "Центркредит Банкi" ААҚ
Бақытбек Рымбекұлы директорлар кеңесiнiң төрағасы
Баталов - "Raimbek Group" ЖШС президентi
Райымбек Әнуарұлы
Белович - "Базис-А" корпорациясының
Александр Якубович президентi
Жұмағұлов - "Теңiзмұнайқұрылыс" ААҚ
Төкен Танайұлы директорлар кеңесiнiң төрағасы
Жамалов - "Мырзакент" ААҚ президентi
Салдар Жамалұлы
Исламов - "Астана-қаржы" ААҚ
Кинталь Кинталевич басқарма төрағасы
Кравченко - "Беккер и Ко" БК бас директоры
Иван Михайлович
Никитинская - Қазақстан Республикасы Жұмыс
Екатерина Сергеевна берушiлер конфедерациясының
атқарушы директоры
Попелюшко - "Рахат" ААҚ президентi
Анатолий Весханович
Сатылғанов - "Қазақстан Халық банкі" ААҚ
Қайрат басқармасының төрағасы
Алпамышұлы
Сауэр - "Агроорталық-Астана" ЖШС
Иван Адамович бас директоры
Сейфуллин - "Фудмастер" ААҚ бас директоры
Сәкен Орынбекұлы
Сұбханбердин - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқарма
Нұржан Сәлкенұлы төрағасы
Сырғабеков - "Акцепт" корпорациясы" ЖАҚ
Ескендiр Нариманұлы президентi
Тұрсынов - "Қарасу" ААҚ президентi
Алмат Жанәбiлұлы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы
Кәрім Премьер-Министрінің
Қажымқанұлы орынбасары,
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрі
Әбдіғапаров - "Қазақстан халықаралық
Сағадат инвестиция-инновациялық қаржы
Едігеұлы компаниясы" ЖАҚ президенті,
Қожахметов - "Әсем" ЖШС президенті;
Талғат
Базарбайұлы
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.05. N 915
жарлығымен .
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2002.10.18. N 967
жарлығымен .
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
2001 жылғы 29 қыркүйектегi
N 692 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнің
жанындағы Кәсіпкерлер кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы , заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерi құрайды.
2. Кеңестің негiзгi мiндеттерi
3. Кеңестiң негізгi мiндеттерi:
1) елдi дамыту үшiн отандық iрi бизнестiң әлеуетiн жұмылдыру;
2) отандық инвестицияларды пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын айқындау болып табылады.
3. Кеңестiң функциялары
4. Кеңеске негізгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функциялар:
1) iскерлiк белсендiлiктi ынталандыру және отандық инвесторлар үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi шараларды айқындау;
2) экономиканың құрылымдық реформалары жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау жүктеледі.
4. Кеңестiң құқықтары
5. Кеңес жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын орындау үшін:
1) инвестицияларды тарту, кәсiпкерлiктi және жаңа технологияларды дамыту мәселелерiн қарайды;
2) қаралған мәселелер бойынша шешiм қабылдайды, олар хаттамалармен ресiмделедi;
3) қажет болған жағдайда өз жұмысына қатысу үшiн мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың басшыларын шақырады.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
6. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң Төрағасы болып табылады.
7. Кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары, сондай-ақ отандық iрi бизнес өкiлдерi кiредi.
8. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
9. Кеңестiң отырыстары қажеттiгiне қарай жылына кемiнде бiр рет, Кеңес Төрағасы айқындаған мерзiмде өткiзiледi.
10. Кеңес мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. Кеңестiң шешiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың актiлерiн шығару арқылы iске асырылуы мүмкiн.
12. Кеңестiң қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi, сондай-ақ Кеңес отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажеттi материалдарды дайындауды Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.03. N 1036 жарлығымен.