"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 692 Жарлығының қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Мәсімов - Қазақстан Республикасы
Кәрім Премьер-Министрінің
Қажымқанұлы орынбасары,
Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат монополияларды реттеу,
Асқарбекұлы бәсекелестікті қорғау және шағын
бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігінің төрағасы,
Әбдіғапаров - "Қазақстан халықаралық
Сағадат инвестиция-инновациялық қаржы
Едігеұлы компаниясы" ЖАҚ президенті,
Қожахметов - "Әсем" ЖШС президенті;
Талғат
Базарбайұлы
"Сатылғанов - "Алматы қаржы-сауда банкі" ААҚ
Қайрат басқармасының төрағасы"
Алпамышұлы
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сатылғанов - "Қазақстан Халық банкі" ААҚ
Қайрат басқармасының төрағасы";
Алпамышұлы
аталған құрамнан Жандосов Ораз Әлиұлы, Имашев Берік Мәжитұлы, Әбілов Болат Мұқышұлы, Әблязов Мұхтар Қабылұлы, Мырзабеков Ғазиз Төлеубекұлы, Нұрселенов Ахметбек Күсетайұлы, Павлов Александр Сергеевич шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, 2002 жылғы 5 тамыз
N 915