Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 692 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2003 жылғы 3 наурыз N 1036. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.11.15. N 1228 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне шағын бизнесті қолдау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілуіне байланысты қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 692 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ережеде:
      12-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады