Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ықпалдастықты одан әрі тереңдету және тең құқықты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. 2001 жылғы 24 шілдеде Бішкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы 2001-2005 жылдарға арналған шарт бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы
арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы
2001-2005 жылдарға арналған
Шарт
*
*(Келісім 2002 жылғы 6 қарашада күшiне ендi. -
Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары Бюлеттені
2003 ж., N 9, 61-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгi достық туралы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi шартты басшылыққа ала отырып,
мемлекетаралық ықпалдастық экономикалық дамудың маңызды бөлiктерiнiң бiрi болып табылатынын ескере отырып,
Тараптардың тең құқылы және өзара тиiмдi сауда-экономикалық және өндiрiстiк қатынастарын одан әрi нығайту және дамыту, оларға ұзақ мерзiмдi және тұрақты сипат беру, экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану қажеттiлiгiн негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
Тараптар осы Шарттың құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асыруды жүзеге асырады.
Тараптар өздерi қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарға және ұлттық заңнамаларының ережелерiне сәйкес, меншiк нысандарына қарамастан, Тараптардың шаруашылық субъектiлерi арасындағы өзара тиiмдi экономикалық қатынастарды дамыту жолымен экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тараптар өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға септiк жасау үшiн, бiрлескен өндiрiстiк құрылымдар құруға, жекешелендiруге өзара қатысуға қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Тараптардың Yкiметтерi Бағдарламаның орындалуын үйлестiрудi, оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын және қажет болған жағдайда, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн болады.
Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде дау және келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Шарт Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
Осы Шарт Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы жазбаша хабар алынған күннен күшiне енедi.
Егер Тараптардың бiр де бiрi оның күшiн тоқтату ниетi туралы басқа Тарабына жазбаша хабар жiбермесе, осы Шарт 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмге жасалады. Осы Шарт осындай хабар алынған кезден алты айдан кейiн күшiн жоғалтады.
Осы Шарттың күшiнде болатын мерзiмi тоқталысымен оның ережелерi iске асыру кезеңiнде тұрған жобаларға қатысты күшiнде қалады.
2001 жылғы 24 шiлдеде Бiшкек қаласында, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
(Қолдары)
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы
арасындағы 2001-2005 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық байланыстардың дамуы екi мемлекет экономикасының жетекшi салаларының арасында тарихи қалыптасқан өндiрiстiк және ғылыми-техникалық байланыстармен, оларды өзара тиiмдi және тең құқықтық негiзде сақтаудың және одан әрi дамытудың объективтiк қажеттiлiгiмен байланысты.
Қырғыз Республикасының экономикасы тұтынатын химия және мұнай химиясы өнiмдерiнiң, көмiрдiң, металлургия өнiмдерiнiң және минералдық өнiмдердiң едәуiр бөлiгi Қазақстан Республикасынан жеткiзiледi.
Өз кезегiнде, Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасынан электр қуаты, электротехника өнеркәсiбi, көкөнiс шаруашылығы өнiмдерiн, құрылыс индустриясы мен тамақ өнеркәсiбiнiң жекелеген түрлерiн алып тұрады.
Сонымен бiрге, соңғы жылдары шаруашылық және кооперативтiк байланыстардың әлсiреуi, өндiрiс көлемдерiнiң едәуiр құлдырауы, өзара тауар айналымының қысқаруы байқалуда.
Отын-энергетикалық және агроөнеркәсiптiк кешендер, машина құрылысы мен жеңiл өнеркәсiп, көлiк және коммуникациялар саласында, техникалық күрделi және ғылыми жұмсалымды түрлерiн қоса алғанда, өнiмнiң әртүрлi түрлерiн өндiру, сондай-ақ iргелi зерттеулер жүргiзу саласындағы өзара мүдделiлiк туғызатын мәселелердi шешуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзiрлеуде және iске асыруда екi жақты экономикалық өзара қарым-қатынастардағы ынтымақтастықтың мүмкiндiктерi жеткiлiксiз пайдаланылады.
Экономикалық қатынастардағы қазiргi проблемалар өзара тиiмдi экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзiмдi стратегиясы мен басымдықты бағыттарын қалыптастыру жөнiндегi, қалыптасуы мен iске асырылуы осы Бағдарламада көзделетiн қажеттi де сындарлы шаралар мен шешiмдер қабылдауды қажет етедi.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгi достық туралы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi
шарт
және Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы 1995 жылғы 22 маусымдағы
келiсiм
осы жұмысты жүргiзу үшiн негiз болып табылады.
І. Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2001-2005 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) өзара тиiмдi экономикалық байланыстарды дамыту, екi мемлекет экономикасы жетекшi салаларының ынтымақтастығы мен өзара iс-қимылында елеулi прогреске қол жеткiзу бойынша шаралар кешенiн жүзеге асыру, осы негiзде өзара сауда айналымын өсiру мақсаттарында әзiрлендi.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн:
- екi мемлекеттiң өзара экономикалық толықтыру сипатын анықтау;
- экономикалық ынтымақтастықтың мақсатты үкiметаралық және ведомствоаралық бағдарламаларын қалыптастыру;
- ғылымның ең жаңа жетiстiктерiн және озық технологияларды енгiзу, шығарылатын өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлетiн арттыру саласында кәсiпорындар арасындағы өндiрiстiк-технологиялық байланыстарды дамыту;
- экономика салаларындағы өзара ұтымды және тиiмдi ынтымақтастық;
- ортақ ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру және жетiлдiру;
- экономикалық қатынастар саласындағы заңнамалық базаны үйлесiмдендiру және бiрегейлендiру жолымен мемлекеттердiң экономикалық ынтымақтастығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету көзделедi.
II. Экономикалық ынтымақтастықты дамыту
Бағдарламаны iске асыру Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының экономикалық интеграциясының одан әрi дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Тараптардың экономикалық ынтымақтастығының жалпы мәселелерiне:
екi мемлекет экономикасын құрылымдық қайта құруға қатысты тұжырымдамалық көзқарастарды жақындастыру;
ақша-несие саясаты, инвестициялар, қор рыногы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiнде Тараптардың өзара iс-қимылын тереңдету жатады.
Салалардағы өзара iс-қимылдың негiзгi нысандары болып табылатын салааралық ынтымақтастық төмендегiлердi көздейдi:
бiрлескен кәсiпорындарды құру мүмкiндiктерi ескерiле отырып, геологиялық барлау жұмыстары саласында бiрлескен шаралар кешенiн әзiрлеу және жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының өзара мүдделерi ескерiле отырып, су-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды жүзеге асыру;
қоршаған ортаны қорғау және жағдайын жақсарту, табиғатты ұтымды және ресурс үнемдеу тұрғысынан пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
машина құрылысы, химия өнеркәсiбi, көлiк және коммуникациялар саласындағы өзара тиiмдi даму және ынтымақтастық;
өзара мүдделiлiк туғызатын экономикалық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, сейсмикалық қауiп мониторингi және болжау, iргелi және қолданбалы зерттеулер саласындағы қажеттi өндiрiстiк-техникалық, нұсқаулық-әдiстемелiк және ғылыми ақпаратпен алмасуды одан әрi дамыту.
III. Бағдарламаны iске асыруды басқару
Осы Бағдарламаны iске асыру мақсатында Тараптардың Yкiметтерi ағымдағы жыл iшiнде Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi Бiрлескен Қазақстан-Қырғыз үкiметаралық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) кезектi мәжiлiсiнде тиiстi Іс-шаралар жоспарын әзiрлейтiн және қабылдайтын болады.
Осы Бағдарламаны iске асыру барысын бақылауды Комиссия жүзеге асырады.
Комиссия мыналарға қатысты шешiмдер қабылдайды:
- Бағдарламаны iске асыру жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру, оны iске асыруды бақылау және қажет болған жағдайда Бағдарламаға тиiстi өзгерiстер енгiзу;
- Бағдарламаны iске асыруға, өзара экономикалық ынтымақтастықтың перспективтiк бағыттары бойынша бiрлескен жобалар мен бағдарламаларды iске асыруды бақылауға байланысты мәселелер бойынша және Бағдарламаны орындауға байланысты басқа да проблемалар бойынша үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру.