Әскери білім жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы" мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Алматы жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Әскери училище) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. U031173
2. Әскери училище қызметінің негізгі мәні:
жоғары әскери-арнаулы білімі бар офицер кадрларын даярлау; <*>
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамын қайта даярлау және оның біліктілігін арттыру болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003.08.21. N 1173 жарлығымен .3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) екі ай мерзімде Әскери училище туралы ережені әзірлесін және бекітсін;
2) Әскери училищенің қызметін қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы етіп қайта құру туралы" 1997 жылғы 11 ақпандағы N 3353 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 5, 35-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "және орта әскери-арнаулы" деген сөздер алынып тасталсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |