ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы" мемлекеттік мекемесі "Ұлттық қорғаныс университеті" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. U973353
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Алматы жоғары әскери училищесі " мемлекеттік мекемесін "Құрлық әскерлерінің әскери институты" мемлекеттік мекемесі болып қайта атасын ;
2) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгілесін;
4) екі ай мерзімде осы Жарлықтың 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік білім беру мекемелері туралы ережелерге тиісті өзгерістер енгізсін;
5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" 2002 жылғы 27 ақпандағы N 815 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармағының екінші абзацындағы "және орта әскери-арнаулы" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |