Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңының 69-бабына сәйкес және 1997 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2002 жылғы 8 қазанға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау іс-шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңында белгіленген ережелерге сәйкес және мерзімде өткізіледі деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың және Алматы мен
Астана қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай
қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қолдансын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, 2002 жылғы 7 тамыз
N 918
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.