Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2002 жылғы 8 қазанға тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 7 тамыз N 918

 

                                                Республикалық баспасөзде



                                                    жариялануға тиіс



 
 
       Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңының 69-бабына сәйкес және 1997 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2002 жылғы 8 қазанға тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау іс-шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңында белгіленген ережелерге сәйкес және мерзімде өткізіледі деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың және Алматы мен

 

Астана қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай

қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қолдансын.

     4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



     Астана, 2002 жылғы 7 тамыз

              N 918



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады