Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыз № 941 Жарлығы

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2002 жылғы 29 тамыз
N 941 Жарлығымен
бекiтiлген

Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi – қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбiн регламенттейдi.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi

      2. Қызметкерлерге мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:

      1) атташе;

      2) үшiншi хатшы;

      3) II сыныпты екiншi хатшы;

      4) І сыныпты екiншi хатшы;

      5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы;

      6) I сыныпты бiрiншi хатшы;

      7) II сыныпты кеңесшi;

      8) І сыныпты кеңесшi;

      9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

      10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

      11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.

      3. Төтенше және Өкілетті Елші, I және II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

      Жоғарыда санамаланған дипломаттық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қатысу тиімділігін және Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қатысу тиімділігін ескере отырып енгізеді.

      Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі лауазымында кемінде екі жыл дипломатиялық қызмет стажы бар дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

      I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

      II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісінен, департамент директорынан, Қазақстан Республикасының сенімді өкілінен, Қазақстан Республикасының бас консулынан төмен емес лауазымды атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

      Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері немесе құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.03.04 № 1167 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Қызметкерлер үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:

      1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;

      2) II және І сыныпты бiрiншi хатшы, ІІ сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл;

      І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi.

      5. Қызметкерлердiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне:

      1) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiндегi және оған ведомстволық бағынысты ұйымдардағы жұмыс;

      2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;

      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы өкiлдiктерiндегi жұмыс;

      4) бұрынғы KCPO мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктерiндегi жұмыс;

      5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;

      6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық қызмет;

      7) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң желiсi бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiктi арттыру;

      8) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.

      6. Қызметкерге дипломаттық дәреже беру атқаратын лауазымы, жұмыс стажы және бiлiктiлiгi ескерiле отырып, оңды мiнездемесi болған жағдайда, реттiлiкпен жүргiзiледi.

      Дипломаттық дәрежелер "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өмiр бойына сақталады.

      7. Дипломаттық дәрежелер берiлу реттiлiгiне қарай бiрiншi және кезектi болып бөлiнедi.

      8. Бiрiншi дипломаттық дәреже заңнамада белгiленген тәртiппен дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық қызметке орналасқаннан кейiн бiлiмi, стажы және мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi ескерiле отырып берiледi.

      Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес болуы тиiс.

      9. Кезектi дипломаттық дәреже атқаратын лауазымы, бұрынғы дипломаттық дәрежеде болу уақыты, мiнездемесi және қызметкердiң соңғы аттестаттау нәтижесi ескерiле отырып берiледi.

      10. Осы Қағидалардың 3-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетiлген лауазымды адамдар қызметкердi тиiстi дипломаттық дәрежеде болу мерзiмi өткенге дейiн 1 (бiр) айдан кешiктiрмей кезектi дипломаттық дәреже беруге ұсынуға мiндеттi.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      11. Қызметкердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртiпті бұзғаны үшiн қызметкерге дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру түрiнде тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      12. Дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру түрінде жаза қолдану туралы шешiм "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес қабылданады.

      13. Қызметкердi кезектi дипломаттық дәреже беруге қайтадан ұсыну тек кiдiрiс мерзiмi өткеннен кейiн ғана жүргiзiледi.

      14. Тәртiптiк жазасы бар немесе оған қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметкерлердi тәртiптiк жазасы алынғанға немесе қызметтiк тексеру бiткенге дейiн кезектi дипломаттық дәреже беруге ұсыну жүргiзiлмейді.

      15. Дипломаттық дәреженi беру туралы ұсынымда:

      1) білiмi;

      2) кезектi дипломаттық дәреже берiлген жағдайда, бұрынғы дипломаттық дәрежесi;

      3) дипломатиялық қызмет органдарындағы жұмыс стажы;

      4) қызметкердiң кәсiби қызметiнiң бағасы, iскерлiк, моральдық қасиеттерi көрсетiлуi тиiс.

3. Қорытынды ережелер

      16. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктердi тапсырумен және қызмет тiзiмiндегi (еңбек кiтапшасындағы) жазбамен расталады. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесін беру кезінде куәлікпен бірге қосымшаға сәйкес нысандағы "Төтенше және Өкілетті Елші" төсбелгісі беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 26.06.2019 № 30 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 29 тамыздағы
№ 941 Жарлығымен бекітілген
Дипломаттық дәрежелерді беру
қағидаларына
ҚОСЫМША

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.09.2021 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Төтенше және Өкілетті Елші" төсбелгісі

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 26.06.2019 № 30 Жарлығымен.



Об утверждении Правил присвоения дипломатических рангов

Указ Президента Республики Казахстан от 29 августа 2002 года N 941.

      Сноска. Заголовок - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Подлежит опубликованию в

      "Собрании актов Президента и

      Правительства"

      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" постановляю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения дипломатических рангов.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан



  Утверждено
Указом Президента
Республики Казахстан
от 29 августа 2002 года N 941

Правила присвоения дипломатических рангов

      Сноска. Заголовок - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила действуют в соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" и регламентируют порядок присвоения дипломатических рангов сотрудникам дипломатической службы Республики Казахстан (далее – сотрудники).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

2. Порядок присвоения дипломатических рангов

      2. Сотрудникам присваиваются следующие дипломатические ранги:

      1) атташе;

      2) третий секретарь;

      3) второй секретарь II класса;

      4) второй секретарь I класса;

      5) первый секретарь II класса;

      6) первый секретарь I класса;

      7) советник II класса;

      8) советник I класса;

      9) Чрезвычайный и Полномочный Посланник II класса;

      10) Чрезвычайный и Полномочный Посланник I класса;

      11) Чрезвычайный и Полномочный Посол.

      3. Дипломатические ранги Чрезвычайного и Полномочного Посла, Чрезвычайного и Полномочного Посланника I и II классов присваиваются Президентом Республики Казахстан по представлению Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      Представление на присвоение вышеперечисленных дипломатических рангов вносится Министром иностранных дел Республики Казахстан Президенту Республики Казахстан с учетом эффективности участия в реализации внешней политики Республики Казахстан и эффективности участия в реализации внешнеполитических инициатив Президента Республики Казахстан.

      Дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла может быть присвоен сотрудникам дипломатической службы, имеющим стаж дипломатической службы не менее двух лет на должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного представителя Республики Казахстан при международной организации.

      Дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника I класса может быть присвоен сотрудникам дипломатической службы, занимающим должность Министра иностранных дел Республики Казахстан, Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного представителя Республики Казахстан при международной организации, заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      Дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника II класса может быть присвоен сотрудникам дипломатической службы, занимающим должность не ниже председателя комитета, посла по особым поручениям Министерства иностранных дел, директора департамента, поверенного в делах Республики Казахстан, генерального консула Республики Казахстан.

      Другие дипломатические ранги присваиваются Министром иностранных дел Республики Казахстан по представлению руководителей загранучреждений или структурных подразделений Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 3 в редакции Указа Президента РК от 04.03.2011 № 1167 (вводится в действие с 01.01.2011); с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 18.01.2021 № 495 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Для сотрудников устанавливаются следующие сроки пребывания в дипломатических рангах:

      1) для атташе, третьего секретаря, второго секретаря II и I классов - два года;

      2) для первого секретаря II и I классов, советника II класса - три года.

      Сроки пребывания в дипломатических рангах от советника I класса и выше не устанавливаются.

      5. В сроки пребывания сотрудников в дипломатических рангах

      засчитываются:

      1) работа в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан и его подведомственных организациях;

      2) работа в загранучреждениях;

      3) работа в представительствах Министерства иностранных дел Республики Казахстан на территории Республики Казахстан;

      4) работа в министерствах иностранных дел бывшего СССР и союзных республик;

      5) работа в международных организациях;

      6) научная или преподавательская деятельность в высших учебных заведениях и научных учреждениях Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      7) повышение квалификации по линии Министерства иностранных дел Республики Казахстан в учебных и научных учреждениях;

      8) учеба временно направленных Министерством иностранных дел Республики Казахстан в высшие учебные заведения, аспирантуру, докторантуру и научные учреждения.

      6. Присвоение дипломатического ранга сотруднику производится последовательно при положительной характеристике с учетом занимаемой должности, стажа работы и квалификации.

      Дипломатические ранги сохраняются пожизненно, за исключением случаев, предусмотренных в статье 13 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан".

      7. В зависимости от последовательности присвоения дипломатические ранги подразделяются на первые и очередные.

      8. Первый дипломатический ранг присваивается после занятия в установленном законодательством порядке штатной дипломатической должности в органах дипломатической службы с учетом знаний, стажа и опыта работы по специальности.

      Дипломатический ранг сотрудника, как правило, должен соответствовать занимаемой должности дипломатической службы.

      9. Очередной дипломатический ранг присваивается с учетом занимаемой должности, времени пребывания в прежнем дипломатическом ранге, характеристики и результатов последней аттестации сотрудника.

      10. Должностные лица, указанные в части шестой пункта 3 настоящих Правил, обязаны не позднее 1 (один) месяца до истечения сроков пребывания в соответствующем дипломатическом ранге представить сотрудника к присвоению очередного дипломатического ранга.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      11. За неисполнение и ненадлежащее исполнение сотрудником возложенных на него обязанностей, превышение должностных полномочий, нарушение служебной дисциплины на сотрудника может налагаться дисциплинарное взыскание в виде задержки в присвоении дипломатического ранга до одного года.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      12. Решение о наложении взыскания в виде задержки в присвоении дипломатического ранга до одного года принимается в соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан".

      13. Повторное представление сотрудника к присвоению очередного дипломатического ранга производится только по истечении срока задержки.

      14. Представление к присвоению очередных дипломатических рангов сотрудников, имеющих дисциплинарное взыскание или в отношении которых проводится служебное расследование, не производится соответственно до снятия дисциплинарного взыскания или до окончания служебного расследования.

      15. В представлении о присвоении дипломатического ранга должны быть отражены:

      1) образование;

      2) предыдущий дипломатический ранг в случае присвоения очередного дипломатического ранга;

      3) стаж работы в органах дипломатической службы;

      4) оценка профессиональной деятельности, деловые, моральные качества сотрудника.

3. Заключительные положения

      16. Присвоение дипломатических рангов подтверждается выдачей соответствующих свидетельств и записью в послужном списке (трудовой книжке). При присвоении дипломатического ранга Чрезвычайного и Полномочного Посла наряду со свидетельством выдается нагрудной знак "Төтенше және Өкілетті Елші" по форме согласно приложению.

      Сноска. Пункт 16 в редакции Указа Президента РК от 26.06.2019 № 30.

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Правилам присвоения
дипломатических рангов,
утвержденным
Указом Президента
Республики Казахстан
от 29 августа 2002 года № 941

      Сноска. Правый верхний угол приложения - в редакции Указа Президента РК от 18.09.2021 № 661 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Нагрудной знак
"Төтенше және Өкілетті Елші"

      Сноска. Указ дополнен приложением в соответствии с Указом Президента РК от 26.06.2019 № 30.