Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдағы 4 наурыздағы № 1167 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 309-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төтенше және Өкілетті Елші, I және II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

      Жоғарыда санамаланған дипломаттық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қатысу тиімділігін және Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қатысу тиімділігін ескере отырып енгізеді.

      Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі лауазымында кемінде екі жыл дипломатиялық қызмет стажы бар дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

      I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

      II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісінен, департамент директорынан, Қазақстан Республикасының сенімді өкілінен, Қазақстан Республикасының бас консулынан төмен емес лауазымды атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.

      Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері немесе құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.";

      10-тармақтағы "екінші абзацында" деген сөздер "алтыншы бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады