Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 661 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 661 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дипломаттық дәрежелердi беру қағидаларын бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары бекiтiлсiн.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дипломаттық дәрежелердi беру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi – қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбiн регламенттейдi.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 3-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетiлген лауазымды адамдар қызметкердi тиiстi дипломаттық дәрежеде болу мерзiмi өткенге дейiн 1 (бiр) айдан кешiктiрмей кезектi дипломаттық дәреже беруге ұсынуға мiндеттi.

      11. Қызметкердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртiпті бұзғаны үшiн қызметкерге дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру түрiнде тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 29 тамыздағы
№ 941 Жарлығымен бекітілген
Дипломаттық дәрежелерді беру
қағидаларына ҚОСЫМША".

      2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-13) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық саясат стратегиясын iске асыруға ықпал етеді;

      2) орналасқан мемлекетінде не халықаралық ұйымда Қазақстан Республикасының бiрыңғай саяси желісін жүргiзудi қамтамасыз етедi;

      3) орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Министрлiкке ұсыныстар береді;

      4) орналасқан мемлекетiнiң мемлекеттiк органдарымен не халықаралық ұйыммен және оның шеңберiнде келiссөздер жүргiзедi және ресми байланыстарды қолдауға ықпал етеді;

      5) орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы шеңберiнде мақсаттар мен қағидаттарды жүзеге асыруға, сондай-ақ шешiмдердi iске асыруға жәрдемдеседi;

      6) орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының келiссөздер жүргiзуiн және халықаралық шарттарға қол қоюды ұйымдастырады;

      7) орналасқан мемлекетiне не халықаралық ұйымға iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және өкiлдерiне жүктелген мiндеттердi орындауда оларға жәрдем көрсетедi;

      8) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғалары қатысатын iс-шараларды протоколдық-ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

      9) орналасқан мемлекетi туралы ақпарат жинауды, орналасқан мемлекетімен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасына, оның сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық қатынастар жүйесiндегi орнына талдау жасауды, сондай-ақ басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызметiн зерделеуді жүзеге асырады;

      10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыруға қажетті ақпаратпен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;

      11) Қазақстан Республикасы мен орналасқан мемлекетiнiң не халықаралық ұйымның арасында экономика, мәдениет, ғылым саласындағы және басқа да салалардағы достық және өзара тиiмдi қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық құқықтың нормаларымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпаратты орналасқан мемлекетiнде не халықаралық ұйымда таратады;

      14) Қазақстан Республикасы және орналасқан мемлекетi не халықаралық ұйым қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;

      15) орналасқан мемлекетінде тұрып жатқан отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;

      16) орналасқан мемлекетінде, сондай-ақ көршi мемлекеттерде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы орын алған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда оларды қауiпсiз жағдайға шұғыл эвакуациялауға дейiн Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн және Қазақстан Республикасы меншiгiнің сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестірудi жүзеге асырады;

      17) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Министрліктен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;

      18) Министрлікке жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;

      19) дипломатиялық поштаның Министрлікке жеткізілуін ұйымдастырады;

      20) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      21) дипломатиялық поштаны жеткізуге қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен "ад хок" дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      10-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілдіктің қаржылық және шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге;";

      мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) өкілдікті қаржыландыру жоспары шегінде бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын, материалдық құндылықтардың нысаналы мақсатта пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      8) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, оған нұқсан келуінің алдын алу шараларын қабылдауға;

      9) өкілдікте бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз етуге, өкілдік персоналының құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтауын және оларды өкілдіктің бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті қызметкеріне уақтылы ұсынуын қамтамасыз етуге;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да функцияларды орындауға мiндеттi.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лауазымдық міндеттері бойынша өкілдіктің персоналы дипломатиялық қызметтің қызметкерлері және дипломатиялық қызметтің жұмыскерлері болып бөлінеді.".

      3. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 14) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының консулдық қызметі – дипломатиялық қызметтің қызметі халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға және экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, гуманитарлық-мәдени байланыстарды және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдем көрсетуге бағытталған бір бөлігі.

      3. Қазақстан Республикасының консулдық қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, осы Жарғыға, болу мемлекетінің заңнамасын ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес жүзеге асырады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Консулдық мекемелердің қызметін ұйымдастыру";

      17-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Консулдық мекеменің басшысы және персоналы";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өз қызметін Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүзеге асыратын консулдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары қолданылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Консулдық функциялар және олардың орындалуы";

      37-тармақтың 8) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қатысты функциялары";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке алу жөніндегі функциялар";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі функциялары";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының визаларын беру жөніндегі функциялары";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Консулдың жеке басты куәландыратын құжаттарды беру және алып қою мәселелері жөніндегі функциялары";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Консулдың азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функциялары";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының шетелде жүрген азаматтарын асырап алуға, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алуға қатысты функциялары";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелде тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу мәселелері жөніндегі функциялары";

      57 және 58-тармақтарға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Консулдың құжаттарды заңдастыру мәселелері жөніндегі функциялары";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Консулдың нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері жөніндегі функциялары";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Консулдың құжаттарды талап етіп алдыру мәселелері жөніндегі функциялары";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі функциялары";

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының және сот органдарының тапсырмаларын орындау жөніндегі консулдың функциялары";

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Консулдың санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық қорғау саласында шаралар қабылдау жөніндегі функциялары";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының әуе кемелеріне, теңіз және өзен флоты кемелеріне, автомобиль және теміржол көлігі құралдарына қатысты функциялары";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайларының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарына қатысты шаралар қабылдау жөніндегі функциялары";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасы азаматтарының мүлкіне қатысты функциялары";

      22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының қамаққа алынған, түрмеге қамалған, күзетпен ұсталған не ұстап алынған азаматтарына, сондай-ақ консулдық округ аумағында Қазақстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматтарын іздестіруге қатысты функциялары";

      23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-тарау. Құрметті консулдықтардың қызметі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады