"Актілер жинағында" және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы абзац алынып тасталсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі";
мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі".
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті