Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінiң Мәжiлiсi депутаттарының кезекті сайлауы 2004 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiндегi барлық қажеттi шараларды мүлтiксiз қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi