Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 1392 жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  85-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Парламентінiң Мәжiлiсi депутаттарының кезекті сайлауы 2004 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiндегi барлық қажеттi шараларды мүлтiксiз қабылдасын.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады