Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін;
мына жолдар:
"Имантаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Ермек Жетпісбайұлы Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау
жұмысы және кадр саясаты басқармасы
Мемлекеттік инспекциясының
мемлекеттік инспекторы"
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
Экономикалық саясат басқармасының
бастығы"
"Храпунов - Алматы қаласының әкімі"
Виктор Вячеславович
мынадай редакцияда жазылсын:
"Имантаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Ермек Жетпісбайұлы Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау
және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің
мемлекеттік инспекторы"
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Ербол Тұрмаханұлы Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
талдау бөлімінің меңгерушісі"
"Храпунов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі";
Виктор Вячеславович
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ә.Р.Жақсыбеков шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті