Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 1576 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін;

      мына жолдар:

      "Имантаев             - Қазақстан Республикасы Президенті
      Ермек Жетпісбайұлы      Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау
                              жұмысы және кадр саясаты басқармасы
                              Мемлекеттік инспекциясының
                              мемлекеттік инспекторы"

      "Орынбаев             - Қазақстан Республикасы Президентінің
      Ербол Тұрмаханұлы       Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                              Экономикалық саясат басқармасының
                              бастығы"

      "Храпунов             - Алматы қаласының әкімі"
      Виктор Вячеславович

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Имантаев             - Қазақстан Республикасы Президенті
      Ермек Жетпісбайұлы      Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау
                              және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің
                              мемлекеттік инспекторы"

      "Орынбаев             - Қазақстан Республикасы Президенті
      Ербол Тұрмаханұлы       Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                              талдау бөлімінің меңгерушісі"

      "Храпунов             - Шығыс Қазақстан облысының әкімі";
      Виктор Вячеславович

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ә.Р.Жақсыбеков шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады