ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектілерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасуға өкiлеттік берiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.04.03. N 84 жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ЖОБА
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
2005 жылғы 28 шiлдедегi
N 623 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлерi
мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану
тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектілерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсті:
1. Келiсiм атауындағы, кiрiспенiң үшiншi абзацындағы және 1-баптың бiрiншi абзацындағы "4 Мемлекеттік орталық полигонын" деген сөздер "4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Кiрiспенің екiншi абзацындағы "Келiсiмнiң" деген сөзден кейiн ", Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 1-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Полигонды Полигонның бастығы басқарады. Полигонның бастығына Сарышаған полигонында орналасқан 10-сынақ полигонының және Ембi полигонында орналасқан 5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасының командасы бағынады.".
4. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерiн жалға беру шарттарымен Полигонның онда орналасқан объектілерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен бiрге Ресей Федерациясының уақытша пайдалануына бередi.
2. Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының объектілерi мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес Ресей Федерациясының мүддесiнде оларды жалға алу кезеңiнде Полигонның жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн Ресей Федерациясы ақы төлеудi жүзеге асырады.".
5. 4-баптағы "субарендаға" деген сөздің алдынан "Тараптардың немесе үшiншi елдердің заңды және жеке тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын.
6. 7-баптағы:
1-тармақтағы екiншi сөйлемде "Тараптардың жеке келiсiмiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Полигон бастығын Ресей Федерациясының Президентi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiлген, Ресей федерациясы Қорғаныс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің келiсiмiмен тағайындауды жүзеге асырады.".
7. 9-баптағы:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың оныншы абзацында "нысаналар" деген сөздiң алдынан "Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалған тәртiппен қажет болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы Келiсiмнің 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негiзiнде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының мүдделерiнде сынақ жұмыстарын жүргiзу кезiнде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонының жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға жол беріледi.".
8. 11-баптың екiншi және үшіншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргiзудi, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Ресей Тарапы Полигон аумағында геологиялық барлау және пайдалы қазбалар өндiрудi жүргiзбеуге мiндеттенедi. Полигон аумағында аң аулау, балық ұстау және жабайы өсiмдiктердi жинау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
9. 13-бапта "мiндетті әскери" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. Келiсiмге 1-қосымшада:
"орталық" деген сөзден кейiн "түраралық" деген сөз қосылсын;
"Орда" деген сөз "Бөкей ордасы" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. Келісімге 2-қосымшада:
"Орталық" деген сөзден кейін "түраралық" деген сөз қосылсын;
қосымшаның мәтіні осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешілетін болады.
Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнің (объектілерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонын пайдалану тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және өз қолданысын осы Келісіммен бір мезгілде тоқтатады.
________қаласында, 200__жылғы, "__" _____________ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ҮШІН ҮШІН
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлiгiнің (объектілерi мен ұрыс алаңдары
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан)
4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонын
пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге 1995 жылғы
20 қаңтардағы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
туралы хаттамаға
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
полигонның әскери объектiлерiнiң
ТIЗБЕСI
р/с |
Бөлiмшелердің, объектілердiң атауы |
Орналасқан мекенi |
1. |
20 жеке сынақ станциясы |
Батыс Қазақстан облысы |
2. |
30 жеке инженерлік-сынақ бөлiмiнiң өлшеу пункттерi: |
Батыс Қазақстан облысы |