Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4-Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 71-ІІ

      Мәскеуде 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4-Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей
Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс
алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4
Мемлекеттiк Орталық түраралық полигонын пайдалану тәртiбi туралы
Келісім

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

(2000 жылғы 27 шілдеде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртiбi туралы Келiсiмнiң ережелерiне сүйене отырып,
      Тараптардың қауiпсiздiгiн нығайту және экономикасын дамыту мүдделерi үшiн зерттеулер мен пайдалануға Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонын сақтау мен дамыту қажеттiгiн мойындай отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

1-бап

      Осы Келiсiмнiң тақырыбы, әрi қарай Полигон деп аталатын 4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонның Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан объектiлерi, ұрыс алаңдары (жер учаскелерi) және Ресей Федерациясының жалға алу жағдайымен жер учаскелерiн, жылжымалы және тұрақты мүлiктi пайдалану шарттары болып табылады. Полигонның жер учаскелерiн беру тәртiбi, жылжымалы және тұрақты мүлкiнiң тiзбесi мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде Тараптардың Үкіметтері арасында жасалатын Полигонды жалға берудің жеке Шартымен анықталады.
      Полигон Қазақстан Республикасының Батыс-Қазақстан облысы аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігі болып табылатын 1 Қосымшада координаталары келтірілген, геодезиялық белгілер мен тұрғылықты жердегі негізгі нүктелерді жалғастыратын сызық болып табылады.
      Полигонның әскери объектілерінің тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 2 Қосымшада келтірілген.
      Полигонның бастығына Ембі (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) және Сарышаған полигондары бағынады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

2-бап

      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейін жасалған, алынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкi Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
      2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлікке деген меншiк құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн ұстауға, пайдалануға және кезектi жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткiзудi қаржыландыруды жүзеге жасырушы Тарапқа берiледi. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлiктi жасауды және жеткiзудi, сондай-ақ жалға беру мерзiмi бiткеннен кейiн оны Тараптардың пайдалануын келiседi.
      3. Барлық жағдайларда жобалық шешiмдердiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн бақылауды қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшiн керектi мәлiметтердi беру жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай Ресей Федерациясы өз жобалық шешiмдерiнiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн кепiлдейдi.

3-бап

      1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерін жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға береді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектілері мен ұрыс алаңдарын жалға беру туралы 1996   жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерінің, оның ішінде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскелерінің жалға берілу кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесінде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

4-бап

      Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiк, осы Келiсiмнiң 1 бабында көрсетiлген тиiстi жер учаскелерi тек қана Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн Полигон туралы Ережеге сәйкес, мақсатты бағытта пайдаланылуға тиiс. Бұл мүлiк пен жер учаскелерi Тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына субарендаға берiлмейдi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

5-бап

      Жалға беру мерзiмi бiткенде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң күшi немесе, жалға беру жайымен берiлген жекелеген объектiлерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрi қарай пайдаланылатындай күйде тиiстi жер учаскелерiн, сондай-ақ олардың амортизациялануын есептей отырып, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлiктi Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлiк пен жер учаскелерiн қабылдау-беру Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құралған бiрлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
      Техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиісті жылжымалы және тұрақты мүлікке иелік ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілденген мемлекеттік органмен Тараптардың қорғаныс министрліктерінің келісілген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

6-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, соның ішiнде жалдық ақы есебінен, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартта бекiтiлген тәртiппен алуға басым құқығы бар.

7-бап

      1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн пайдалануды қамтамасыз ететiн әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, оның құрамына кiретiн адамдар және олардың отбасы мүшелерiнiң статусы, сондай-ақ Ресей Федерациясының құзыретті органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісіммен және Тараптардың басқа да келісімдерімен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келісімі бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi. Полигон бастығын Ресей Федерациясының Президенті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен келісілген, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің келісімімен тағайындауды жүзеге асырады.
      3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi Полигондағы өзiнiң әскери құрамаларының штаттық құрылымдары мен санындағы қажеттi өзгертулердi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiседi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

8-бап

      Ресей Федерациясына жалға берілген Полигонның қызметі Полигон жөніндегі Ережемен реттеледі және:
      - күрделі құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;
      - ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - ракеталарды ұшырумен әскерлердiң жаттығуларын жүргiзудiң жылдық жоспарлары мен кестелері негізінде жүзеге асырылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн бекiтiледi.

9-бап

      1. Ресей Федерациясы өзiне берiлген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:
      - Полигонның инфрақұрылымын ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарағы мен әскери техникасының үлгiлерiн сынауды Полигонның белгіленген шекараларында өткiзудi;
      - жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгiн және ракеталарды Полигон шеңберiнде ұшыруды;
      - Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық және экологиялық қадағалау және басқа да бақылау органдарының өкiлдерiн Полигонға кедергiсiз жiберуге;
      - Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi және жылдық бағдарламасын жасау, бекіту және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi:
      - нысаналар мен ракеталар құлаған алаңдарды қалпына келтiрудi  (қажет болған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен) қамтамасыз етудi мiндеттенедi.
      2. Полигонның ұрыс алаңынан тыс нысаналар, ұшу аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектерi құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасына ресми мәлімет береді, Бұл оқиға жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын беріп, үш күн мерзім ішінде құрылатын тергеу жөніндегі Тараптардың бірлескен комиссиясы тергеуді жүргізеді.
      3. Полигон басшылығы жергілікті өкімет және басқару органдарымен бірлесе отырып, Полигон аумағы учаскелерін маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарын өткізу кезінде пайдаланудың тәртібін анықтайды және апат салдарын жоюда көмек көрсетедi.
      4. Полигонның ішкі байланыс жүйелерін, автомобиль және темiр жолдарын пайдалану, ұстау және жетілдіру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
      5. Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезiнде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң бірлескен шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
      6. Осы Келісімнің 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негізінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының мүдделерінде сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде Полигонының жер учаскелері мен әуе кеңістігін пайдалануға жол беріледі.
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

10-бап

      Полигонның әуе кеңiстiгiн пайдалану, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып өту тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi Заңы және нормативтi актiлерiмен анықталады.

11-бап

      Полигон пайдаланатын жер учаскелерiнде адамдар, өсiмдiк және жан-жануарлар өмiрiне қауiп төндiретiн радиоактивтi, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнiмдердi пайдалануға және көмуге тиым салынады.
      Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізуді, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келісілген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
      Ресей Тарапы Полигон аумағында геологиялық барлауды және пайдалы қазбалар өңдеуді жүргізбейді және Полигон аумағында аң аулауды, балық ұстауды және жабайы өсімдіктерді жинауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерiн, су мен жердi пайдалану ережелерiн және нормаларын орындауға міндетті. Полигонның қызметі салдарынан келтірілген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады.
      Осыған орай, зиянның мөлшері мен өтеу формалары Тараптардың арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиясымен анықталады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

12-бап

      Полигон объектілерінде бір Тарап конверсия тәртібімен бағдарламалар мен жұмыстарды жүргiзуi үшiн ұйымдар, кәсiпорындарды құрған жағдайда, олардың тiзбесi, қызмет жағдайлары, орналастыру тәртiбi, қаржыландырылуы, қамтамасыз етiлуi Тараптардың Yкiметтерiмен келiсiледi.

13-бап

      Полигонның әскери құрамаларын шақыру бойынша қызметшiлермен жабдықтау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

14-бап

      Полигон аумағында орналасқан әскери құрамалардың, бөлiмшелердiң және өнеркәсiп кәсiпорындарының құрамына кiретiн адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен полигонға iссапарға жiберiлген адамдардың құқықтық жағдайы мен әлеуметтiк қамтамасыздығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және құрамаларға кiретiн адамдардың статусын реттейтiн Тараптардың арасындағы басқа да келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

15-бап

      Полигон аумақтарында орналасқан объектiлердi қорғау, оларды пайдаланатын әскери құрамалардың күштерiмен жүзеге асырылады.
      Полигон аумағында құқылық тәртiптi қорғау және қылмыспен күресу Полигон басшылығымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан Республикасының тәртiп сақтау органдарымен жүзеге асырылады.

16-бап

      Қазақстан Республикасы Полигонды шартты жалға беру жөніндегі Шарттың және осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу үшін Полигонға өз өкілдерін жібере алады.

17-бап

      1. Полигон режимді объект болыП табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етiлуi, Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы Әскери құрамаларының және оның құрамына кiретiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады. Полигон объектiлерiндегi режимдiк шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерiнде орнатылған тәртiппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      2. Тараптардың бақылау органдарының өте маңызды, өте құпия және құпия жұмыстар мен құжаттарға рұқсат етудiң iс жүзiндегi формаларын Тараптар өзара мойындайды.
      3. Полигон объектiлерiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Ресей Федерациясы Қорғаныс, министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкiлдерiн жiберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң келiсiлген тәжiрибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесiне, тактикалық жаттығулар жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген өтiнiмдерiне сәйкес, Тараптардың бақылау орындары, немесе Тараптардың әскери бөлiмдерiнiң штабтары, мекемелерi және ведомстволарымен берiлген рұқсат ету жөнiндегi анықтама негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Полигонға қызмет бабының мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жiберу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі нормативті актілері анықтаған тәртібімен, сондай-ақ Полигон туралы Ережемен анықталады.
      5. Қазақстан Республикасы министрліктері, ведомстволары мен бақылау орындарының лауазымды адамдары мен делегациялары Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Полигон басшылығы қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша қызметтік міндеттерін орындау мақсатында Полигон объектілеріне іссапарға жіберіледі.
      6. Аталған категориядағы адамдар үшiн Полигон объектiлерiне баруды келiсу келу күнiне дейiн үш күн бұрын жүзеге асырылады.
      7. Полигонда үшiншi елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгiленген тәртiбiмен келiсiледi.

18-бап

      Полигонда орындалатын ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оның мүдделерi үшiн өткiзiлетін Тараппен жүзеге асырылады.

19-бап

      Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының қызметi, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстау мен дамыту Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.

20-бап

      1. Полигон объектiлерiнде кедендiк тексеру Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң өкiлдерiмен Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Полигон үшiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктердi жiберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендiк заңына сәйкес алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды төлеусiз жүзеге асырылады.
      3. Әскери қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерi, өнеркәсiп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және керi қарай жiберiлгенде, алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды тәуелсiз кеден шекаралары арқылы өз жүктерін алып өтеді.
      4. Әскери тасымал тәртібі мен оларға ақы төлеу Тараптардың жеке келісімімен анықталады.

21-бап

      Полигон аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларын қамтамасыз етудiң барлық түрлері, соның ішінде сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету РесеЙ Федерациясының Қорғаныс министрлігімен жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшiлер мен жұмысшылар қызметтерiне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкестi барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

22-бап

      Осы Келiсiмдi орындау бойынша Тараптардың қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бiрлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бiрлескен комитет өз өкiлдiгi шеңберiнде пайда болатын даулы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Yкiметтерiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

23-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгертулер мен толықтырылулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады. Оның күшi, егерде бiр Тарап екiншi Тарапқа әрбiр он жылдық мерзiмнiң бiтуiне алты ай қалғанға дейiн, оның қызметiн тоқтату туралы өз тiлегiн жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметi кейiнгi он жылға өзiнен-өзi ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келісілген шешімге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса, осы Келісімнiң қызметі тоқтатылады.
      Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.

      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеуде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, сондай-ақ екі текстің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы               Ресей Федерациясы
             үшін                               үшін

Қазақстан Республикасы мен Ресей 
Федерациясы арасындағы Ресей    
Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 
объектілері мен ұрыс алаңдары   
Қазақстан Республикасы аумағында  
орналасқан 4 Мемлекеттік орталық түраралық
полигонын пайдалану тәртібі туралы 
Келісімге N 1 Қосымша       

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

Қазақстан Республикасы аумағындағы ракеталардың бөлінетін
бөліктерінің құлауы үшін ұрыс алаңдарының шекаралары
Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

      - мына координаталармен шектелген учаске
            ендік              бойлық
      1. 48 град. 47 мин.     46 град. 41 мин.
      2. 48 град. 47 мин.     46 град. 45 мин.
      3. 48 град. 44 мин.     46 град. 45 мин.
      4. 48 град. 38 мин.     46 град. 45 мин.
      5. 48 град. 38 мин.     46 град. 36 мин.

      - мына координаталармен шектелген учаске
             ендік              бойлық
      1. 48 град. 46 мин.     46 град. 48 мин.
      2. 48 град. 46 мин.     47 град. 08 мин.
      3. 48 град. 44 мин.     47 град. 10 мин.
      4. 48 град. 37 мин.     47 град. 10 мин.
      5. 48 град. 37 мин.     46 град. 48 мин.
      6. 48 град. 44 мин.     46 град. 49 мин.

           ендік              бойлық
      

      1. 48 град. 46 мин.     47 град. 03 мин.
      2. 48 град. 48 мин.     47 град. 13 мин.
      3. 48 град. 46 мин.     47 град. 21 мин.
      4. 48 град. 45 мин.     47 град. 17 мин.
      5. 48 град. 43 мин.     47 град. 13 мин.
      6. 48 град. 44 мин.     47 град. 11 мин.
      7. 48 град. 46 мин.     47 град. 08 мин.

      - мына координаталармен шектелген учаске
            ендік              бойлық
      1. 48 град. 44 мин.     47 град. 49 мин.
      2. 48 град. 42 мин.     48 град. 03 мин.
      3. 48 град. 36 мин.     48 град. 03 мин.
      4. 48 град. 36 мин.     47 град. 48 мин.
      5. 48 град. 32 мин.     47 град. 48 мин.
      6. 48 град. 32 мин.     47 град. 33 мин.
      7. 48 град. 40 мин.     47 град. 33 мин.
      8. 48 град. 40 мин.     47 град. 48 мин.

      Батыс Қазақстан облысының Жанғала ауданы
      - мына координаталармен шектелген учаске
             ендік              бойлық
      1. 48 град. 41 мин.     49 град. 09 мин.
      2. 48 град. 32 мин.     50 град. 12 мин.
      3. 48 град. 19 мин.     50 град. 16 мин.
      4. 48 град. 30 мин.     49 град. 05 мин.

      Ескерту: 11 МСП (Эмба), 10 (Сары-Шаған) жер учаскелері полигондар арасындағы әрекеттестік туралы іс жүзіндегі ережелерге сәйкес пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей  
Федерациясы арасындағы Ресей    
Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 
объектілері мен ұрыс алаңдары    
Қазақстан Республикасы аумағында   
орналасқан 4 Мемлекеттік орталық түраралық
полигонын пайдалану тәртібі туралы 
Келісімге № 2 Қосымша        

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2007 № 286 Заңымен.

Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған
4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонының әскери
объектілерінің
ТІЗБЕСІ

N р/р

Бөлімшенің,
объектінің атауы

Қоныс аудару орны

1. 20 жеке сынақ станциясы     Батыс Қазақстан облысы,
                               Жаңа қала ауданы,
                               Жаңа Қазан ауылы

2. 30 жеке инженерлік-сынақ
бөлімінің өлшеу пункттері:
8-СЖ                           Батыс Қазақстан облысы,
                               Бөкей ордасы ауданы,
                               Сайқын ауылы
16-СЖ                          Батыс Қазақстан облысы,
                               Бөкей ордасы ауданы,
                               Шоңай ауылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады