Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Республикалық басылымда
жариялануға тиіс
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда елiмiздiң демократиялық даму негiзiн құрайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң еркiн, әдiл және бәсекелi сайлауын өткiзу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабын басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауын лайықты өткiзудi және сайлау барысында Республика азаматтарының сайлау және сайлану конституциялық құқығының iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
2. Республика Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы сайлауын толық және уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3. Республиканың Бас прокуратурасы заңнаманың сақталуын қадағалауды қатайтсын, сайлау туралы заңнаманың бұзылу фактiлерi туралы арыз-шағымдар мен өзге де өтiнiштерге жедел назар аударсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi сайлаушылар тiзiмдерiн уақтылы жасауды және олардың дұрыстығын қамтамасыз етсiн, аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына алдағы сайлауды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерiн шешуде барынша жәрдем көрсетсiн.
5. Республика Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бiрлесiп, сайлау алдындағы үгіт кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президенттiгіне кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетiмдiктi қамтамасыз етсiн.
6. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Республика Сыртқы iстер министрлiгінiң ұсынысы бойынша, алдағы сайлауға Қазақстанға келетiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын, сондай-ақ шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн аккредиттеудi заңнамаға сәйкес жүзеге асырсын. Z990451 P970903
7. Республика Әдiлет министрлігі Қазақстан азаматтарына жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды уақтылы ресiмдеу мен берудi, Қазақстан Республикасы Президенттiгiне кандидаттардың сайлау қорларын тiркеудi қамтамасыз етсiн.
8. Республика Iшкi iстер министрлiгi облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы бойынша сайлау науқаны кезеңiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық шараларды қабылдасын.
9. Қазақстанның саяси партиялары мен өзге де қоғамдық бiрлестiктерiне сайлау iс-шараларын өткiзудiң барысына қоғамдық бақылау орнату ұсынылсын.
10. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi