Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1998 жылғы 20 қазандағы N 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 20 қазанда тіркелді. Тіркеу N 624. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 95 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.02 N 95 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетiне тапсырылсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Әдiлет вице-министрiне жүктелсін.    

     Ескерту: Бұйрыққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен .

     Министр

                                      Қазақстан Республикасының
                                          Әділет Министрінің
                                      1998 жылдың 20 қазандағы
                                            N 114 Бұйрығымен
                                               Бекітілген

Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік
тіркеудің тәртібі туралы
Ереже І. Жалпы ережелер

     Ескерту: Ереженiң барлық мәтiндерi бойынша:
     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын" деген сөздермен ауыстырылды;
     "Агенттiктiң", "Агенттiк" деген сөздер тиiстi септiктермен "Комитеттiң" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен .

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын (бұдан әрі - Сайлау қоры) мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді:
     1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
     2) алынып тасталды .
     Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен .

     2. Сайлау қоры Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қарсаңындағы үгітін қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34 және   58-баптарымен көзделген тәртіппен құрылады.

     3. Сайлау қоры жеке тұлғаның қоры ретінде осы Ережемен бекітілген тәртіппен тіркеуге жатады. Қорларды мемлекеттік тіркеу оларды құру және олардың қызметін тоқтату фактісін куәландыру мақсатында жүзеге асырылады. Сайлау қорын құруды ресми растайтын факт сайлау қорларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу және Комитет беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады.

     4. Комитет сайлау қорларының арнайы тізілімін жүргізеді, оларға құрылған және таратылған сайлау қорлары туралы (N 1 қосымша) мәліметтер енгізіледі.

     5. Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу үшін алым алынбайды, қорларды тіркеуге байланысты Комитеттiң шығындары республикалық бюджет қаражаттарынан өтеледі.

ІІ. Сайлау қорын мемлекеттік тіркеудің тәртібі

     6. Сайлау қорын мемлекеттік тіркеу кандидат Комитетке жүгінген сәттен бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау уақыты кіріс хат-хабарлары журналында көрсетіледі.

     7. Сайлау қорын мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке мыналар ұсынылады:
     1) бекітілген үлгідегі арыз (N 2 қосымша);
     2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеу туралы куәліктің көшірмесі. Комитеттiң тіркеушісіне ұсынылған куәлік көшірмесінің түпнұсқамен сәйкес келетінін тексеру жөнінде міндет жүктеледі.

     8. Комитет ұсынылған құжаттардың негізінде:
     3) мемлекеттік тізілімге тіркелетін сайлау қоры туралы деректер енгізеді;
     4) тіркеу нөмірі көрсетіліп сайлау қорын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (N 3 қосымша) беруге;
     Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына банк мекемелерінде қорлардың арнайы уақытша есепшоттарын ашу үшін сайлау қорларын мемлекеттік тіркеудің өткізілгені туралы хабарлауға міндетті.
     Тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Комитеттiң арнайы нарядына бауланады.

ІІІ. Сайлау қорының қызметін тоқтату тәртібі

     9. Сайлау қоры өз қызметін:
     1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 10-тармағына,   50-бабының 3-тармағына, 60-бабының 3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешім өзгертілген жағдайда;
     2) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты сайлау қоры қаражаттарының жұмсалуы туралы есепті қабылдау жөніндегі шешімі бойынша;
     3) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлауды жарамсыз деп таныған жағдайда;
     4) соттың шешімі бойынша өз қызметін тоқтатады.

     10. Сайлау қорының қызметін тоқтатуды тіркеу Орталық сайлау комиссиясының шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры қаражаттарының пайдаланылуы туралы ол қабылдаған есептің нәтижелері және пайдаланылмай қалған ақша қаражаттарының бөлінуінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Аталған шешім Комитетке жеті күндік мерзімде ұсынылады.
     Сайлау қорының қызметін тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тізілімге тиісті жазба енгізеді.

     11. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеуден бас тарту жөніндегі шешімі сот тәртібімен шағым жасалып өзгертілген жағдайда Комитеттiң сайлау қорының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы іс әрекеті түпкілікті шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

  ҮЛГІ                              Қазақстан Республикасының     
                                  Президенттігіне кандидаттардың  
                                   сайлау қорларын мемлекеттік
                                  тіркеу тәртібі туралы Ережеге
                                            N 1 қосымша

                 САЙЛАУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІ
                        1998 ЖЫЛ

Тізі-
лімнің
нөмірі.
Жазба-
ның ен-
гізіл-
ген күні

Сайлау
қорының
қызме-
тін
тіркеу,
тоқтату
туралы
жазба

Сайлау
қорының
атауы

Қазақстан
Республика-
сының Пре- зиденттігіне
кандидатты
тіркеген сайлау ко- миссиясының
атауы

Қазақстан
Республи-касының
Президенттігіне
кандидат-тың тұра-
тын жері

Жазбаны енгізген лауазым-ды адам-
ның Т.А.Ә., қолы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1.
1.12.98ж

Сайлау
қорын
тіркеу

Қазақ-
стан
Респуб-ликасы-ның Прези-
дентті-гіне
канди-
дат
Болат
Қасым-
ұлы
Ахметов-тың
сайлау
қоры

Қазақстан
Республика-
сының Орталық сайлау
комиссиясы

Индекс, Астана қ.,
Әл-Фараби
шағын-
ауданы,
5 үй,
3 пәтер

С.Ә.
Әбілова,
1 сан-
аттағы
маман
(қолы)


1.
18.01.98ж.

Сайлау
қорының
қызме-
тін
тоқтату

Қазақ-
стан
Респуб-ликасы-ның Прези-
дентті-гіне
канди-
дат
Болат
Қасым-
ұлы
Ахметов-тың
сайлау
қоры

Қазақстан
Республика-
сының Орталық сайлау
комиссиясы

Индекс, Астана қ.,
Әл-Фараби
шағын-
ауданы,
5 үй,
3 пәтер

С.Ә.
Әбілова,
1 сан-
аттағы
маман
(қолы)


       ҮЛГІ                        Қазақстан Республикасының   
                                 Президенттігіне кандидаттардың  
                                  сайлау қорларын мемлекеттік
                                  тіркеу тәртібі туралы Ережеге
                                            N 2 қосымша     

                Қазақстан Республикасының
                   Әділет министрлігі

                         АРЫЗ

Ахметов Болат Қасымұлы, 1950 жылы туған
____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың тегі, аты,   ___________________________________________________________________
                      әкесінің аты, туған жылы)
Тіркеуге ұсынады Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың_____________________________________________сайлау қоры
                   (сайлау қорының атауы)
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қазақстан _______
___________________________________________________________________
                    (кіммен және қашан)
Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тіркелген_____________
Кандидаттың тұратын жері: индекс, Астана қ., Әл-Фараби шағын ауданы 5 үй, 3 п. __________

    Арыз беруші                               ___________________
                                                   (қолы)
                                              ___________________
                                                        (күні)

     ҮЛГІ                           Қазақстан Республикасының    
                                  Президенттігіне кандидаттардың  
                                    сайлау қорларын мемлекеттік
                                   тіркеу тәртібі туралы Ережеге
                                            N 3 қосымша

     Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен .

                  Қазақстан Республикасының
                      Әділет министрлігі     

            Сайлау қорын мемлекеттік тіркеу туралы
                           N 1
                         Куәлік

    Астана қ.                               1 желтоқсан 1998 жыл.

    Сайлау қорының атауы: Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ахметов Болат Қасымұлының сайлау қоры______

    Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат кіммен тіркелген:    ____________________________________________________________________
    Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы     

    Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың тұратын жері:     ___________________________________________________________________
    Индекс, Астана қ., Әл-Фараби шағын ауданы 5 үй, 3 пәтер.     

    Куәліктің қолданылу мерзімі: Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеу туралы шешім өзгертілгенге не сайлау шаралары аяқталғанға дейін

    Тiркеу қызметi комитетiнiң
    Төрағасы                         ______________________
                                                 (аты, тегі)     

    М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады