Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 1643 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Республикалық басылымда
жариялануға тиіс   

          2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда елiмiздiң демократиялық даму негiзiн құрайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң еркiн, әдiл және бәсекелi сайлауын өткiзу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабын басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауын лайықты өткiзудi және сайлау барысында Республика азаматтарының сайлау және сайлану конституциялық құқығының iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
      2. Республика Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы сайлауын толық және уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Республиканың Бас прокуратурасы заңнаманың сақталуын қадағалауды қатайтсын, сайлау туралы заңнаманың бұзылу фактiлерi туралы арыз-шағымдар мен өзге де өтiнiштерге жедел назар аударсын.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi  сайлаушылар тiзiмдерiн уақтылы жасауды және олардың дұрыстығын қамтамасыз етсiн, аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына алдағы сайлауды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерiн шешуде барынша жәрдем көрсетсiн.
      5. Республика Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бiрлесiп, сайлау алдындағы үгіт кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президенттiгіне кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетiмдiктi қамтамасыз етсiн.
      6. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Республика Сыртқы iстер министрлiгінiң ұсынысы бойынша, алдағы сайлауға Қазақстанға келетiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын, сондай-ақ шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн аккредиттеудi заңнамаға сәйкес жүзеге асырсын. Z990451 P970903
       7. Республика Әдiлет министрлігі Қазақстан азаматтарына жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды уақтылы ресiмдеу мен берудi, Қазақстан Республикасы Президенттiгiне кандидаттардың сайлау қорларын тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      8. Республика Iшкi iстер министрлiгi облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы бойынша сайлау науқаны кезеңiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық шараларды қабылдасын.
      9. Қазақстанның саяси партиялары мен өзге де қоғамдық бiрлестiктерiне сайлау iс-шараларын өткiзудiң барысына қоғамдық бақылау орнату ұсынылсын.
      10. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О мерах по реализации избирательных прав граждан Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 9 сентября 2005 года N 1643. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 829

       Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 18.06.2009 № 829 .

      Подлежит опубликованию   
в республиканской печати

     В целях проведения в Казахстане 4 декабря 2005 года свободных, справедливых и конкурентных выборов Президента Республики Казахстан , составляющих основу демократического развитии нашей страны, и руководствуясь статьей 40 Конституции Республики Казахстан, ПОСТАНОВЛЯЮ:

     1. Центральной избирательной комиссии Республики обеспечить надлежащее проведение очередных выборов Президента Республики Казахстан и реализацию в ходе выборов конституционного права граждан Республики избирать и быть избранными.

     2. Правительству Республики осуществить полное и своевременное финансирование предстоящих выборов Президента Республики Казахстан.

     3. Генеральной прокуратуре Республики ужесточить надзор за соблюдением законодательства, оперативно реагировать на жалобы и иные обращения о фактах нарушений законодательства о выборах .

     4. Акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить своевременное составление и достоверность списков избирателей , оказывать всемерное содействие территориальным и участковым избирательным комиссиям в решении вопросов организации и проведения предстоящих выборов.

     5. Министерству культуры, информации и спорта Республики совместно с Центральной избирательной комиссией в период предвыборной агитации обеспечивать равный доступ кандидатов в Президенты Республики Казахстан к средствам массовой информации.

     6. Центральной избирательной комиссии Республики по представлению Министерства иностранных дел Республики согласно законодательству осуществлять аккредитацию наблюдателей иностранных государств и международных организаций, а также представителей иностранных средств массовой информации, прибывающих в Казахстан на предстоящие выборы. Z990451   P970903     

     7. Министерству юстиции Республики обеспечить своевременное оформление и выдачу удостоверений личности и паспортов гражданам Казахстана, регистрацию избирательных фондов кандидатов в Президенты Республики Казахстан.

     8. Министерству внутренних дел Республики совместно с акимами областей, городов Астаны и Алматы принять все меры по обеспечению общественного порядка и общественной безопасности в период избирательной кампании по выборам Президента Республики Казахстан.

     9. Рекомендовать политическим партиям и иным общественным объединениям Казахстана установить общественный контроль за ходом проведения избирательных мероприятий.

     10. Настоящий Указ вводится в действие со дня опубликования.

      Президент
     Республики Казахстан