"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға сіңірген айрықша еңбегі және Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған белсенді қызметі үшін Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Президенті Минтимер Шарипович Шаймиевке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2005 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті