ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Иманғалиев Нұртілеу Иманғалиұлы - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша),
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі,
Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы енгізілсін;
аталған Комиссияның құрамынан Ғ.Т.Доскен, А.Ғ.Дунаев, Н.Н.Дүтбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті