Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 178 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Иманғалиев Нұртілеу Иманғалиұлы - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша),
      Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі,
      Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы енгізілсін;

      аталған Комиссияның құрамынан Ғ.Т.Доскен, А.Ғ.Дунаев, Н.Н.Дүтбаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады