Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығы.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

  "Президент пен Үкімет
актілерінің жинағында" және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      3. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері;

      2) Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен;

      2-1) "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережесі;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.
      4. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.
      4-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiн;

      2) Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен;

      3) "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік жене республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін әзірлесін және бекітсін.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының департамент директоры (келісім бойынша), хатшы

      Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      "Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан құс шаруашылығы одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстанның картоп өсірушілері мен көкөніс өсірушілері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан сүт одағы" қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы (келісім бойынша)

      "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу және лауреат атағын беру ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.11.2017 № 588 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығы (бұдан әрi – сыйлық) өнiмнiң және/немесе көрсетілетін қызметтердiң сапасы саласында ұйымның елеулі нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.

      Сыйлық лауреат атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға конкурстың эмблемасын, лауреаттар дипломдарын және ақшалай сыйақыны берудi көздейді.

      Ақшалай сыйақы мөлшері 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген төрт номинациядағы үш санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді.

      Сыйлық лауреаты атағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың (бұдан әрi – конкурс) жеңiмпаздарына Комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiледi.

      3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

      4. Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.

      Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер белгіленген тәртіппен қабылданған ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      5. Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл кезеңде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.

      Ұйымдар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:

      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";

      2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";

      3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын";

      4) "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын".

      Әр номинацияда мынадай санаттар бойынша үш сыйлық беріледі:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі.

      Конкурста "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" арнайы сыйлықтары тағайындалады.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

      7. Сыйлықты белгілі бір номинацияда алғаннан кейін төрт жыл бойы оны алуға қайта ұсынуға жол берілмейді.

      8. Конкурсты ұйымдастырушы жыл сайын ағымдағы жылғы ақпанда осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген ұйымдар Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетін Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

      10. Конкурс төрт кезеңмен өткізіледі:

      1) бірінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды және материалдарды алдын ала бағалауды жүзеге асырады;

      2) екінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топтың қарауына береді. Республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топ конкурстың үшінші кезеңіне қатысуы үшін конкурс финалистерін (төрт номинацияда үш санаттан үшеу және арнайы сыйлықта екі-екіден) айқындайды;

      3) үшінші кезеңде республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топ кәсіпорындарға барып финалистерді бағалауды жүргізеді;

      4) төртінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы жергілікті жерлерде материалдарды сараптамалық бағалау және сараптау нәтижелерімен бірге конкурс финалистерінің (төрт номинацияда үш санаттан үшеу және арнайы сыйлықта екі-екіден) материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия ұсынылған материалдардың негiзiнде жеңімпаздарды айқындайды және конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаттары атағын беру туралы шешiм қабылдайды.

      11. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға тиістi диплом, конкурстың эмблемасы және ақшалай сыйақы табыс етіледі.

      12. Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi жыл сайын салтанатты түрде өткiзiледi. Конкурс женімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу күні мен орны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша айқындалады.

      13. Сыйлық лауреаттары атағына ие болған конкурсқа қатысушылардың тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      14. Сыйлық лауреаттары атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл бойы сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Жарлық ережемен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.11.2017 № 588 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастырушылар (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады. Конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады. "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімдіктерінің жергілікті бюджеттері қаражаты есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.

      2. Конкурстың негізгі мақсаттары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;

      2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;

      3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;

      4) сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

      5) халық арасында сапа идеясын насихаттау болып табылады.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер өндіруді жүзеге асыратын;

      2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушылар бола алады.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, беру және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларына сәйкес материалдарды ресімдейді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.

      5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

      1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";

      2) "Халыққа арналған үздік тауарлар";

      3) "Үздік азық-түлік тауарлары".

      Әр номинацияда үш жеңімпаз айқындалады.

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі және төрт кезеңмен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау, материалдар мен өнімдерді сараптамалық бағалау жүзеге асырылады. Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылардың шешімімен құрылған сараптамалық топ өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазын айқындайды.

      Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар республикалық конкурсты ұйымдастырушыға өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын жібереді.

      Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады;

      2) екінші кезеңде материалдар мен өнімдерді сараптамалық бағалау республикалық деңгейде жүзеге асырылады. Республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топ үш номинация бойынша 27 финалисті айқындайды;

      3) үшінші кезеңде 27 финалист онлайн-дауыс беруге қатысады;

      4) төртінші кезеңде республикалық конкурсты ұйымдастырушы 27 финалистің материалдарын алдын ала қорытындыларымен және онлайн-дауыс беру нәтижелерімен бірге Комиссияның қарауына ұсынады (әр номинацияда үш финалистен).

      Комиссия ұсынылған материалдар негізінде 9 конкурсқа қатысушыға "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы дипломанты (бұдан әрі – конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешім қабылдайды.

      Алдын ала қорытындының нәтижелері бойынша балл тепе-тең түскен жағдайда, жеңімпаз онлайн-дауыс беру арқылы айқындалады.

      7. Конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және дипломымен марапатталады.

      8. Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      9. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығын алады.

  Қазақстан Республикасы
  Президентiнiң
  2006 жылғы 9 қазанындағы
  N 194 Жарлығымен
  БЕКIТIЛГЕН

"Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу және дипломант атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен

  Қазақстан Республикасы
  Президентiнiң
  2006 жылғы 9 қазанындағы
  N 194 Жарлығымен
  БЕКIТIЛГЕН

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың", "конкурстарды" деген сөздер тиісінше "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың" және "конкурсты" деген сөздермен тиісінше "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың" және "конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын
және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты
атағын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативті-кенесші орган болып табылады және мемлекеттік басқару органдарының басшыларынан, сапаны басқару саласындағы жетекші мамандардан, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралады.

      Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.12.12 N 688, 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын алуға арналған конкурстарға (бұдан әрі - конкурстар) қатысу үшін өтінімдер берген қатысушылардың материалдарын қарау;

      2) конкурстарға қатысушыларға баға беру және үміткерлерді іріктеу;

      3) конкурстардың лауреаттарын және дипломанттарын анықтау.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      4. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:

      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;

      2) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға ие.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияның құрамына:

      1) Комиссия төрағасы;

      2) Комиссия төрағасының орынбасары;

      3) Комиссия хатшысы;

      4) Комиссия мүшелері кіреді.

      6. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарға төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      Эмблемалардың нысандарын және конкурстардың дипломдарын сипаттамаларымен қоса Комиссия төрағасы бекітеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Президентінің 24.11.2017 № 588 Жарлығымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның мүшелеріне қарауға ұсынады.

      8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мынадай функциялар жүктеледі:

      1) конкурстардың өткізілу мерзімі мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары және жұмыс органының ресми веб-сайты арқылы хабарлау;

      2) конкурстарға қатысушылардан келіп түсетін материалдарды қабылдау және конкурстарға одан әрі қатысу үшін ұйымдарды іріктеу;

      3) сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандарды, сондай-ақ құрылатын сараптамалық топтарды тарта отырып, келіп түскен материалдарды сараптауды қоса алғанда, оларды алдын ала қарау;

      4) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;

      5) конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;

      6) конкурстар жеңімпаздарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу;

      7) оқыту семинарларын және вебинарлар өткізу арқылы әлеуетті қатысушылар үшін конкурстар өлшемшарттары бойынша оқытуды ұйымдастыру;

      8) сарапшылар тізілімін жүргізу;

      9) конкурстарды ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтік желілерде сапа идеясын насихаттау;

      10) өңірлік және республикалық конкурстардың сараптамалық топтарын құру;

      11) кәсіпорындарға бару арқылы финалистерді бағалауды жүргізу.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.22 N 204, 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2017 № 588 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      9. Комиссия жыл сайын конкурстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын анықтайды және бекітеді.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

      11. Конкурстардың жеңімпаздарына атақ беру туралы түпкілікті шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның шешімі ресми басылымда жарияланады.

      12. Конкурстардың жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру салтанатты жағдайда жүзеге асырылады. Конкурс жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын тапсыру күні және орны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша айқындалады.

      Конкурстар материалдарында қамтылған және жергілікті жерлердегі сараптама барысында алынған ақпарат жасырын болып табылады және конкурсантты бағалаудан басқа өзге де мақсаттар үшін оның жазбаша келісімінсіз пайдаланылмайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 24.11.2017 № 588 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана"

Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года N 194.

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными указами Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ); от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      Подлежит опубликованию в

      "Собрании актов Президента

      и Правительства" и

      республиканской печати

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Установить ежегодное проведение конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана".

      Сноска. Пункт 1 в редакции Указа Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ); с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      2. Образовать Комиссию по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" в составе согласно приложению к настоящему Указу.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными Указами Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ); от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      3. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила проведения конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и присуждения званий лауреатов;

      2) исключен Указом Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 );

      2-1) Правила проведения республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" и присуждения званий дипломантов;

      3) положение о Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана".

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ); от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).
      4. Исключен Указом Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ).
      4-1. Исключен Указом Президента РК от 10.12.2014 № 977 (вводится в действие с 01.01.2015).

      5. Правительству Республики Казахстан в месячный срок в установленном порядке разработать и утвердить:

      1) Правила оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа";

      2) исключен Указом Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 );

      3) Правила оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана".

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными Указами Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3); от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      6. Правительству Республики Казахстан принять иные меры по реализации настоящего Указа.

      7. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      8. Настоящий Указ вводится в действие со дня официального опубликования.

     
      Президент
Республики Казахстан

  Приложение
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года № 194

СОСТАВ

Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана"

      Сноска. Состав - в редакции Указа Президента РК от 29.06.2024 № 591.

      Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан, председатель

      председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию), заместитель председателя

      директор департамента Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию), секретарь

      члены Комиссии:

      Министр промышленности и строительства Республики Казахстан

      Министр торговли и интеграции Республики Казахстан

      Министр национальной экономики Республики Казахстан

      президент объединения юридических лиц "Зерновой союз Казахстана" (по согласованию)

      президент объединения юридических лиц "Союз птицеводов Казахстана" (по согласованию)

      председатель правления объединения юридических лиц "Союз машиностроителей Казахстана" (по согласованию)

      председатель объединения юридических лиц "Союз картофелеводов и овощеводов Казахстана" (по согласованию)

      президент объединения юридических лиц "Ассоциация застройщиков Казахстана" (по согласованию)

      президент объединения юридических лиц "Союз пищевых предприятий Казахстана" (по согласованию)

      вице-президент республиканского объединения юридических лиц "Союз товаропроизводителей и экспортеров Казахстана" (по согласованию)

      сопредседатель правления общественного объединения "Молочный союз Казахстана" (по согласованию)

      исполнительный директор объединения юридических лиц "Республиканская ассоциация горнодобывающих и горно-металлургических предприятий" (по согласованию)

      председатель Казахстанской ассоциации организаций нефтегазового и энергетического комплекса "KAZENERGY" (по согласованию)

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года № 194

ПРАВИЛА
проведения конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и присуждения званий лауреатов

      Сноска. Правила в редакции Указа Президента РК от 24.11.2017 № 588 (вводится в действие с 01.01.2018).

      1. Премия Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" (далее – премия) присуждается ежегодно на конкурсной основе за достижение организацией значительных результатов в области качества продукции и/или услуг, обеспечение их безопасности, а также за внедрение организацией высокоэффективных методов управления качеством.

      Премия предусматривает вручение участникам конкурса, удостоенным званий лауреатов премии, эмблемы конкурса, дипломов лауреатов и денежного вознаграждения.

      Размер денежного вознаграждения составляет 450 (четыреста пятьдесят) месячных расчетных показателей.

      2. Комиссией по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – Комиссия) ежегодно присуждаются премии по трем категориям в четырех номинациях, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил.

      Звание лауреата премии присуждается победителям конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" (далее – конкурс) на основании решения Комиссии.

      3. Организация конкурса на соискание премии осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      4. На соискание премии могут претендовать индивидуальные предприниматели и юридические лица, занимающиеся производством товаров, оказанием услуг (за исключением производства вооружений и военной техники) на территории Республики Казахстан (далее – участники конкурса).

      Не допускаются к участию в конкурсе организации, в которых доля участия государства составляет более 50%, а также организации, в отношении которых в установленном порядке приняты решения об осуществлении процедур, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о реабилитации и банкротстве.

      5. Участники конкурса должны подтвердить Комиссии высокое качество выпускаемой продукции или оказываемой услуги за период не менее трех лет.

      Организации участвуют в конкурсе по следующим номинациям:

      1) "Лучшее предприятие производственного назначения";

      2) "Лучшее предприятие, выпускающее товары для населения";

      3) "Лучшее предприятие, оказывающее услуги";

      4) "Лучшее предприятие, выпускающее продовольственные товары и/или сельскохозяйственную продукцию".

      По каждой номинации вручаются три премии по следующим категориям:

      1) субъект малого предпринимательства;

      2) субъект среднего предпринимательства;

      3) субъект крупного предпринимательства.

      В конкурсе учреждаются специальные премии "Лучший индустриальный проект", "Лучший инновационный проект".

      6. Организатором конкурса на соискание премии является Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан (далее – организатор конкурса).

      7. Не допускается повторное выдвижение на соискание премии в течение четырех лет после ее получения в определенной номинации.

      8. Организатор конкурса ежегодно в феврале текущего года объявляет в средствах массовой информации о проведении данного конкурса.

      9. Организации, желающие участвовать в конкурсе, оформляют и подают материалы организатору конкурса в соответствии с Правилами оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа", утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.

      10. Конкурс проводится в четыре этапа:

      1) на первом этапе организатором конкурса осуществляются прием заявок на участие в конкурсе и предварительная оценка материалов;

      2) на втором этапе организатор конкурса представляет на рассмотрение экспертной группе, сформированной решением организатора республиканского конкурса, материалы участников конкурса и предварительное заключение по этим материалам. Экспертная группа, сформированная решением организатора республиканского конкурса, определяет финалистов конкурса для участия в третьем этапе конкурса (три по трем категориям в четырех номинациях и по два в специальных премиях);

      3) на третьем этапе экспертной группой, сформированной решением организатора республиканского конкурса, проводится оценка финалистов с выездом на предприятия;

      4) на четвертом этапе организатор конкурса представляет на рассмотрение Комиссии материалы финалистов конкурса с результатами экспертной оценки материалов и экспертизы на местах (три по трем категориям в четырех номинациях и по два в специальных премиях). Комиссия на основании представленных материалов определяет победителей и принимает решение о присуждении участникам конкурса званий лауреатов премии.

      11. Участникам конкурса, удостоенным званий лауреатов премии, вручаются соответствующий диплом, эмблема конкурса и денежное вознаграждение.

      12. Церемония награждения победителей конкурса проводится ежегодно в торжественной обстановке. Дата и место проведения церемонии награждения победителей конкурса определяются по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      13. Список участников конкурса, удостоенных званий лауреатов премии, публикуется в средствах массовой информации.

      14. Участники конкурса, удостоенные званий лауреатов премии, получают право использования эмблемы премии в рекламных целях в течение четырех лет после присуждения премии.

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года № 194

ПРАВИЛА
проведения республиканского конкурса-выставки
"Лучший товар Казахстана" и присуждения званий дипломантов

      Сноска. Правила в редакции Указа Президента РК от 24.11.2017 № 588 (вводится в действие с 01.01.2018).

      1. Организатором республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – конкурс) является Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан (далее – организатор конкурса), организаторами региональных конкурсов-выставок "Лучший товар Казахстана" являются палаты предпринимателей областей, города республиканского значения и столицы (далее – организаторы региональных конкурсов). Организация конкурса осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год. Организация региональных конкурсов-выставок "Лучший товар Казахстана" осуществляется за счет и в пределах средств местных бюджетов акиматов областей, города республиканского значения и столицы.

      2. Основными целями конкурса являются:

      1) активизация деятельности физических и юридических лиц, направленной на повышение качества отечественной продукции;

      2) содействие насыщению рынка Казахстана высококачественной и конкурентоспособной продукцией;

      3) создание предпосылок и содействие широкому внедрению современных методов управления и обеспечения качества на основе отечественных и международных стандартов;

      4) привлечение внимания промышленных, коммерческих и общественных организаций к необходимости решения проблем качества;

      5) популяризация идеи качества среди населения.

      3. Участниками конкурса могут быть индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, которые:

      1) осуществляют производство на территории Республики Казахстан промышленных, продовольственных товаров и продукции производственно-технического назначения;

      2) имеют положительные результаты по обеспечению стабильно высокого уровня качества продукции и его систематического улучшения, подтвержденные организатором конкурса.

      4. Юридическое лицо или индивидуальный предприниматель, желающие участвовать в конкурсе, оформляют и подают материалы организатору конкурса в соответствии с Правилами оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана", утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.

      5. Конкурс проводится по трем номинациям:

      1) "Лучшие товары производственного назначения";

      2) "Лучшие товары для населения";

      3) "Лучшие продовольственные товары".

      В каждой номинации определяются по три победителя.

      6. Конкурс проводится в соответствии с планом мероприятий, утверждаемым решением Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – Комиссия), и осуществляется в четыре этапа:

      1) на первом этапе на региональном уровне осуществляются прием заявок на участие в конкурсе, экспертная оценка материалов и продукции. Экспертной группой, сформированной решением организаторов региональных конкурсов, определяются 9 победителей региональных конкурсов.

      Организаторы региональных конкурсов направляют организатору республиканского конкурса необходимые документы победителей региональных конкурсов.

      Победители региональных конкурсов участвуют в республиканском конкурсе;

      2) на втором этапе экспертная оценка материалов и продукции осуществляется на республиканском уровне. Экспертной группой, сформированной решением организатора республиканского конкурса, определяются 27 финалистов по трем номинациям;

      3) на третьем этапе 27 финалистов участвуют в онлайн-голосовании;

      4) на четвертом этапе организатор республиканского конкурса представляет на рассмотрение Комиссии материалы 27 финалистов с предварительными заключениями и результатами онлайн-голосования (по три финалиста в каждой номинации).

      Комиссия на основании представленных материалов принимает решение о присуждении 9 участникам конкурса званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее – дипломанты конкурса).

      В случае равенства баллов по итогам предварительного заключения победитель определяется по итогам онлайн-голосования.

      7. Дипломанты конкурса награждаются эмблемой и дипломами республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана".

      8. Список дипломантов конкурса публикуется в средствах массовой информации.

      9. Дипломанты конкурса получают право в течение четырех лет использовать эмблему конкурса в рекламных целях.

  Утверждены
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года N 194

Правила
проведения Республиканского конкурса-выставки "Алтын сапа"
и присуждения званий дипломантов

      Сноска. Правила исключены Указом Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

  Утверждено
Указом Президента
Республики Казахстан
от 9 октября 2006 года N 194

ПОЛОЖЕНИЕ
о Комиссии по присуждению званий лауреатов премии
Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана"

      Сноска. Заголовок Положения с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).
      Сноска. По всему тексту слова:
      "конкурсы", "конкурсов", "конкурсах" и "конкурсами" заменены словами "конкурс", "конкурса", "конкурсе" и "конкурсом" Указом Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 );
      слова "конкурс", "конкурса", "конкурсе" и "конкурсом" заменены соответственно словами "конкурсы", "конкурсов", "конкурсах" и "конкурсами" Указом Президента РК от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

1. Общие положения

      1. Комиссия по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан и формируется из числа руководителей органов государственного управления, специалистов в области управления качеством, представителей общественных объединений.

      Состав Комиссии утверждается Президентом Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 12.11.2008 N 688 ; от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ); от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим положением.

2. Задачи и права Комиссии

      3. Задачами Комиссии являются:

      1) рассмотрение материалов участников, подавших заявки для участия в конкурсах на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее - конкурсы);

      2) проведение оценки участников конкурсов и отбор претендентов;

      3) определение лауреатов и дипломантов конкурсов.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3 ); от 23.06.2010 № 1012 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      4. В соответствии со своими задачами Комиссия имеет право:

      1) взаимодействовать с государственными органами и иными организациями, а также общественными объединениями;

      2) запрашивать и получать от рабочего органа Комиссии дополнительные материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;

      3) иные права, необходимые для осуществления возложенных на Комиссию задач.

3. Организация деятельности Комиссии

      5. В состав Комиссии входят:

      1) председатель Комиссии;

      2) заместитель председателя Комиссии;

      3) секретарь Комиссии;

      4) члены Комиссии.

      6. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее решений. Во время отсутствия председателя Комиссии его функции выполняет заместитель.

      Формы эмблем и дипломов конкурсов с их описаниями утверждаются председателем Комиссии.

      Сноска. Пункт 6 в редакции Указа Президента РК от 24.11.2017 № 588 (вводится в действие с 01.01.2018).

      7. Секретарь Комиссии представляет на рассмотрение членам Комиссии документы и материалы, подготовленные рабочим органом.

      8. На рабочий орган Комиссии, которым является Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан, возлагаются следующие функции:

      1) информирование о сроках и условиях проведения конкурсов через средства массовой информации и официальный веб-сайт рабочего органа;

      2) прием материалов, поступающих от участников конкурсов, и отбор организаций для дальнейшего участия в конкурсах;

      3) предварительное рассмотрение поступивших материалов, включая их экспертизу, с привлечением экспертов-аудиторов по сертификации систем менеджмента качества и специалистов в соответствующих областях знаний, а также образуемых экспертных групп;

      4) подготовка и организация заседаний Комиссии;

      5) организация церемонии награждения победителей конкурсов;

      6) содействие распространению опыта победителей конкурсов;

      7) организация обучения по критериям конкурсов для потенциальных участников путем проведения обучающих семинаров и вебинаров;

      8) ведение реестра экспертов;

      9) информационное сопровождение конкурсов и популяризация идеи качества в социальных сетях;

      10) формирование экспертных групп региональных и республиканских конкурсов;

      11) проведение оценки финалистов с выездом на предприятия.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 22.12.2011 № 204; от 10.12.2014 № 977 (вводится в действие с 01.01.2015); от 24.11.2017 № 588 (вводится в действие с 01.01.2018).

      9. Комиссия ежегодно определяет и утверждает план мероприятий на соответствующий год по организации и проведению конкурсов.

      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полугодие. Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      11. Окончательное решение о присуждении званий победителей конкурсов принимается Комиссией путем проведения открытого голосования и считается принятым, если за него подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель. Решение оформляется протоколом заседания и подписывается всеми присутствующими членами Комиссии.

      Решение Комиссии публикуется в официальной печати.

      12. Вручение эмблем конкурсов и дипломов победителям конкурсов осуществляется в торжественной обстановке. Дата и место вручения эмблем конкурсов и дипломов победителям конкурсов определяются по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      Информация, содержащаяся в конкурсных материалах и полученная в ходе экспертизы на местах, является конфиденциальной и не может быть использована в иных целях, кроме оценки конкурсанта, без его письменного согласия.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 02.07.2009 № 841 (порядок введения в действие см. п. 3); от 24.11.2017 № 588 (вводится в действие с 01.01.2018).

      13. Решение о прекращении деятельности Комиссии принимается Президентом Республики Казахстан.