Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 688 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат; N 42, 476-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде :
       1-тармақтың екінші абзацындағы "дербес құрамын" деген сөздер "құрамын" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 688 Жарлығына    
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2006 жылғы 9 қазандағы
N 194 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының
лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық
көрме-конкурсының дипломанты атағын беру
жөніндегі комиссияның құрамы

Қазақстан Республикасы                    - төраға
Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасының                 - төрағаның орынбасары
Индустрия және сауда министрі

Қазақстан Республикасы                    - хатшы
Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің төрағасы

Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

"Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

"Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

"Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

"Қазақстан машина жасау одағы" заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

"Қазақстан Республикасының тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

"Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

"Қазақстан сүт одағы" қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы (келісім бойынша)

"Сапа көшбасшылары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады