"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Смағұлұлы Есімовке Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қоюға уәкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Европалық Қоғамдастықтың N ТF 058070 Гранты
ҚОСЫМША
І бап
Жалпы шарттар; Анықтамалар
1.01. Жалпы шарттар. Әртүрлі қаражат көздерінен Дүниежүзілік Банк беретін гранттар үшін 2006 жылғы 20 шілдедегі жалпы шарттар ("Жалпы шарттар") осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
1.02. Анықтамалар. Егер контексте басқаша талап етілмесе, осы келісімде қолданылған бас әріппен белгіленген терминдердің Жалпы шарттарда немесе осы Келісімде өздеріне бекітілген тиісті мағыналары болады.
II бап
Жобаны іске асыру
2.01. Жобаның мақсаттары мен сипаттамасы. Жобаның мақсаты: (а) жерасты суларының ластануын және улы қалдықтар төгінділерінің тұрғын аудандарға жетуін, қаланың ауыз су көздеріне және ақырында Ертіс өзеніне ағылуын болдырмау; және (b) жер асты суларының жергілікті, муниципалдық және өнеркәсіптік көздерден ағымдағы ластануын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жер асты суларының сапасын мониторингтеу үшін институционалдық тетіктерін нығайту. Жоба мынадай құрауыш бөліктерден тұрады:
А бөлігі: Алушының Үкіметіне жер асты суларының сапасына мониторинг жүйелерін жасауға, судың ысырап болу көзін табатын жабдықтарды және жөндейтін жабдықтарды жеткізуге және жер асты суларының ластануына дәлірек мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және су тазартатын станцияларды пайдалану шығындарын азайту мақсатында мониторинг пен бақылаушы және су алынатын ұңғымаларына жақын орналасқан су құбырларынан судың ысырап болуын жоюға бағытталған ысырап болуды азайту мен оған бақылау жасау бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу.
Б бөлігі: Алушының Үкіметіне институционалдық әлеуетін нығайтумен қатар мониторинг кезеңін іске асыруға және жобаны жобалауға дайындау бойынша іс-шараларды жүргізуге көмек көрсету.
2.02. Жобаны тұтастай іске асыру. (а) Алушы жоба мақсаттарына өзінің адалдығын мәлімдейді. Осы мақсатта Алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (СРК) арқылы Жалпы шарттардың II бабының ережелеріне және осы II баптың ережелеріне сәйкес жобаны іске асыруға міндеттенеді.
(b) Жобаны іске асыру шеңберінде Алушы СРК жанында құрамы, құзыреті мен ресурстары Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын Жобаны басқару тобын (ЖБТ) ұстауға міндетті. ЖБТ жобалық іс-шараларды білікті басқаруға, қаражаттарды басқаруға, сатып алуды жүзеге асыруға, келісімшарттардың орындалуын бақылауға, мониторинг және есептілікке жауап береді.
(с) Алушы ЖБТ қызметкерлері мен кеңесшілерін жалдап алу немесе жұмыстан шығару мәселелері бойынша СРК-ның кез келген ұсыныстарын Дүниежүзілік Банктің қарауына және бекітуіне беруін қамтамасыз етеді.
2.03. Жобаның мониторингі, есептілігімен бағалануы. (а) Алушы СРК арқылы жобаны іске асыру барысының мониторингі мен бағалауын жүзеге асырады және Жалпы шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және осы бөлімнің (b) тармағында баяндалған көрсеткіштер негізінде Жоба бойынша Есептер дайындайды. Жоба бойынша осындай әрбір есеп бір (1) күнтізбелік тоқсанға тең кезеңді қамтиды, және осындай Есеппен қамтылған кезең аяқталған күнінен бастап қырық бес (45) күн ішінде Дүниежүзілік Банкке тапсырылады.
(b) жоғарыда (а) тармағында айтылған көрсеткіштер мынадай тармақтардан тұрады:
(і) Жоба қамтитын аумақта судың ысырап болуын азайту бөлігінде жергілікті институттардың әлеуетін нығайту; және
(іі) мониторинг бағдарламасы шеңберінде міндеттерді іске асыру бөлігінде жергілікті институттардың әлеуетін нығайту.
(с) Алушы СРК арқылы Жалпы шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыру аяқталғаны туралы Есеп дайындайды. Жобаны іске асыру аяқталғаны туралы Есеп жабылу датасынан бастап алты (6) ай ішінде Дүниежүзілік Банкке ұсынылуы керек. Жобаны іске асыру аяқталғаны туралы Есепті дайындауда Алушыға жәрдемдесу үшін Алушы біліктілігі, тәжірибесі мен құзыреті Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын консультанттарды тартады.
2.04. Қаржыларды басқару. (а) Алушы СРК арқылы Жалпы шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
(b) Алушы СРК арқылы Жоба бойынша аудитор тексермеген осы тоқсанның нысаны мен мазмұны жағынан Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын аралық қаржылық есептілікті дайындауды және әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталған күнінен бастап қырық бес (45) күн ішінде Дүниежүзілік Банкке ұсынуды қамтамасыз етеді.
(с) Алушы СРК арқылы Жалпы шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық есептіліктеріне аудит жүргізуге міндетті. Әрбір қаржылық есептіліктің аудиті қарыз алушының ұзақтық кезеңі бір (1) қаржылық жылды қамтуы қажет. Осындай әрбір кезеңнің аудит тексерген қаржылық есептіліктері, осындай әрбір кезең аяқталған күнінен бастап алты (6) ай ішінде Дүниежүзілік Банкке ұсынуы қажет.
2.05. Сатып алулар.
(а) Жалпы ережелер: Грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жоба үшін барлық қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер мына құжаттарда айтылған немесе аталған талаптарға сәйкес сатып алынады:
(і) 2004 жылғы мамырда Дүниежүзілік Банк жариялаған (Сатып алу жөніндегі басшылық) "ХҚҚДБ мен қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөнінде басшылықтың" 1-бөлімінде, тауарларды сатып алған жағдайда;
(іі) 2004 жылғы мамырда жарияланған "Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарын іріктеу және жалдау жөніндегі Басшылықтың" I және IV бөлімдері ("Консультанттарды іріктеп алу жөнінде Басшылық"); және
(ііі) Сатып алу жөніндегі Басшылықтың 1.16-тармағына және Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі басшылықтың (Сатып алу жоспары) 1.24-тармағына сәйкес осы жоба бойынша Алушы жасайтын және мерзімді жаңартып отыратын сатып алу жоспарында айқындалатын осы бөлімнің ережелерінде.
(b) Анықтамалар. Бас әріппен белгіленген және осы Бөлімнің келесі тармақтарында сатып алудың жеке әдістерін немесе Дүниежүзілік Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін пайдаланатын терминдер, Сатып алу жөніндегі Басшылық немесе Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі Басшылық, әрбір нақты жағдайларға байланысты оларға нұсқалаған анықтамаларға сәйкес болады.
(с) Тауарларды сатып алудың жеке әдістері
(і) Егер төменде келтірілген (іі) тармақшада өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу Халықаралық Конкурстық Сатып Алу негізінде жүргізіледі.
(іі) Сатып алу Жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша тауарларды сатып алу үшін Халықаралық Конкурстық Сатып Алудан басқа мына әдістерді қолдануға болады: (А) Еркін саудамен сатып алулар; (D) келісімшарттарды тікелей жасасу.
(d) Консультанттардың қызметтерін сатып алудың жеке әдістері
(і) Егер төменде келтірілген (іі) тармақшасында өзгеше көзделмесе, консультанттардың қызметтерін сатып алу Сапа мен баға өлшемдері бойынша іріктеу негізінде берілген келісімшарттар бойынша жүргізіледі.
(іі) Сатып алу Жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша консультанттардың қызметтерін оқыту жөніндегі қызметтерді қоса сатып алу үшін мына әдістерді қолдануға болады: (А) ең аз баға өлшемі бойынша іріктеу; (Б) консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу; (В) жеке консультанттарды іріктеу; және (Г) жеке консультанттарды бір көзден іріктеу рәсімдері.
(е) Сатып алу бойынша шешімдерді Дүниежүзілік Банктің қарауы
Сатып алу жоспарында Дүниежүзілік Банк алдын ала қараған тақырыбы болып табылатын келісімшарттар көрсетілуі қажет. Өзге келісімшарттардың барлығы Дүниежүзілік Банк одан әрі қарайтын тақырып болып табылады.
III бап
Грант қаражатын алу
3.01. Өлшемдерді қанағаттандыратын шығыстар. Алушы Дүниежүзілік Банк алушыны хабардар ету арқылы (а) Жалпы шарттарға, (b) осы бөлімге және төмендегі кестеде көрсетілгендей өлшемдерді қанағаттандыратын шығыстарды (с) қосымша нұсқауларға сәйкес (оқтын-оқтын Дүниежүзілік Банк қайта қарайтын және осындай нұсқаулар негізінде осы Келісімге қолданылатын ("Дүниежүзілік Банктің 2006 жылғы мамыр айындағы редакциясында жобалар бойынша төлемдер жүргізуі бойынша Басшылығын" қоса алғанда) Грант қаражатын іріктей алады. Кестеде Грант ("Санат") қаражаты арқылы қаржыландырылатын, шығыстардың санаттары, әрбір санат бойынша Грант қаражатының бөлінуі, сондай-ақ әрбір санат бойынша қаржыландыру шығыстарының пайызы берілген:
Санат |
Бөлінген Гранттың |
Қаржыландыруға |
(1) Тауарлар |
1 912 643 |
85% |
(2) Консультант- |
1 444 241 |
85% |
(3) Оқыту |
73 116 |
85% |
БАРЛЫҒЫ |
3 430 000 |
Осы параграфтың мақсаты үшін "оқыту" термині оқыту сапарларына, оқыту курстарына, семинарларға және өзге де оқыту іс-шараларына, оқу құралдарының құнын, офистерді жалдауды, жол шығыстары мен тәуліктік шығыстарды қоса алғанда жобаға байланысты жүргізілетін шығыстарды білдіреді.
3.02. Қаражаттарды алу шарттары. Осы Келісімнің 3.01.-бөлімінің ережелеріне қарамастан, Грант Шотынан қаражаттарды мына жағдайларда алуға болмайды:
(а) Алушы осы Келісімге қол қойылған күнге дейін жасалған төлемдерді қаржыландыру үшін; және
(b) Алушы алатын немесе Алушының аумағындағы тауарлар мен қызметтерге қатысты кез келген салықтарды төлеуге.
3.03. Грант Шотынан қаражаттарды алу кезеңі. Жалпы шарттардың 3.06. (с) бөлімінде көрсетілген 2010 жылдың 28 ақпаны жабылу күні болып табылады.
IV бап
Құқықты қорғаудың қосымша құралдары;
Күшін жою
4.01. Құқықтарды тоқтата тұрудың қосымша оқиғалары. Жалпы шарттардың 4.02. (і) бөлімінде көрсетілген құқықтарды тоқтата тұрудың қосымша оқиғалары мынадай шарттардан тұрады:
(а) Құқықсыздық . ХҚҚДБ Алушыны ХҚҚДБ қаржыландыратын келісімшартты жасасуға құқығы жоқ деп хабарлайды.
(b) Заңды, жарлықты, жарғыны немесе СРК өзге де құрылтайшылық құжаттарына, аталған құқықтық құралдар негізделетін кез келген нормативтік немесе құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, қызметін тоқтата тұру, жарамсыз деп хабарлау, жою немесе белгісіз бір уақытқа дейін кейінге қалдыру, бұл СРК осы келісімде ескерілген өзінің қайсы бір міндеттерін орындауға айтарлықтай және теріс әсерін тигізеді.
4.02. Осы Келісімнің күшіне енуінің ең соңғы мерзімі 2008 жылғы 31 наурыз, немесе Дүниежүзілік Банк Алушыға хабарлама арқылы белгілеген кейінгі дата болып табылады.
V бап
Күшіне ену; Қолданылуын тоқтату
5.01. Осы Келісімнің күшіне енуінің қосымша шарты мыналардан тұрады: Дүниежүзілік Банк 2007 жылғы 1 ақпанда бекіткен Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы бойынша Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы Қарыз туралы келісімді (N 4848 КZ қарызы) рәсімдеу және жасасу және осындай Қарыз туралы келісімнің күшіне енуіне барлық алдын ала шарттардың орындалуы немесе осы Келісім күшіне енбей-ақ Қарыз туралы келісімнің негізінде Алушыға шоттан қаражаттар алуды жүзеге асыру құқығын беру.
VI бап
Алушының өкілі; Мекенжайлары
6.01. Алушының өкілі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Жалпы шарттардың 7.02-бөліміне сілтеме жасалатын Алушының өкілі болып табылады.
6.02. Алушының мекенжайы. Жалпы шарттардың 7.01-бөліміне сілтеме жасалатын Алушының мекенжайы:
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті
Жеңіс даңғылы, 31
Астана қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы Факс: (7)(3172) 32 1904
6.03. Дүниежүзілік Банктің мекенжайы. Жалпы шарттардың 7.01-бөліміне сілтеме жасалатын Дүниежүзілік Банктің мекенжайы:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі,
1818 Н көшесі, N.W
Вашингтон, Колумбия округы, 20433,
Америка Құрама Штаттары
Телеграфтық мекенжайы: Телекс: Факс:
INDEVAS 248423 (MCI) немесе 1-202-477-6391
Washington, D.C. 64145 (MCI)