Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығы.


  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 414 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2021 № 545 Жарлығымен.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін;

      2) он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі туралы ереженің жобасын енгізсін;

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 184-құжат; № 48, 591-құжат; 2005 ж., № 6, 49-құжат; № 20, 239-құжат; 2006 ж., № 4, 23-құжат; № 15, 140-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне қарауға енгізсін.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 11 ақпандағы
№ 533 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылымға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2008.09.29 № 662,2008.10.16 № 680, 2009.12.29 № 911; 18.06.2015 № 40; 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.01.2017 № 409; 11.12.2018 № 802; 12.02.2019 № 838; 05.04.2021 № 545; 02.07.2021 № 615; 14.06.2022 № 927 Жарлықтарымен.

      Президент Әкімшілігінің Басшысы

      Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

      Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары

      Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

      Президент көмекшілері

      Президент Кеңсесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі

      Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары

      Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары

      Президент кеңесшілері

      Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы

      Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы

      Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі

      Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы

      Сыртқы саясат орталығы

      Талдау және болжамдау орталығы

      Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі

      Ішкі саясат бөлімі

      Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

      Мемлекеттік құқық бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі

      Президенттің Парламенттегі өкілдігі

      Президенттің Протокол қызметі

      Президенттің Баспасөз қызметі

      Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы

      Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі

      Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы

      Мемлекеттік кеңесшінің хатшылығы

      Жалпы бөлім

      Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі

      Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету секторы

О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 11 февраля 2008 года № 533.

  Подлежит опубликованию в Собрании
  актов Президента и Правительства Республики
  Казахстан и республиканской печати

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 17-1 Конституционного закона от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Установить штатную численность Администрации Президента Республики Казахстан в количестве 414 единиц.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции Указа Президента РК от 05.04.2021 № 545.

      2. Утвердить прилагаемую структуру Администрации Президента Республики Казахстан.

      3. Руководителю Администрации Президента Республики Казахстан:

      1) утвердить штатное расписание Администрации Президента Республики Казахстан;

      2) в десятидневный срок внести на рассмотрение Главе государства проект положения об Администрации Президента Республики Казахстан;

      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      4. Признать утратившим силу Указ Президента Республики Казахстан от 31 марта 2004 года N 1327 "О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 15, ст. 184; N 48, ст. 591; 2005 г., N 6, ст. 49; N 20, ст. 239; 2006 г., N 4, ст. 23; N 15, ст. 140; 2007 г., N 12, ст. 135).

      5. Правительству Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы в месячный срок внести на рассмотрение в Администрацию Президента Республики Казахстан проекты актов Президента Республики Казахстан с целью приведения ранее изданных актов в соответствие с настоящим Указом.

      6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      7. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан

  УТВЕРЖДЕНА
Указом Президента
Республики Казахстан
от 11 февраля 2008 года
N 533

СТРУКТУРА
Администрации Президента Республики Казахстан

      Сноска. Структура с изменениями, внесенными указами Президента РК от 29.09.2008 N 662; от 16.10.2008 N 680; от 29.12.2009 № 911; от 18.06.2015 № 40; от 23.12.2015 № 137 (вводится в действие с 01.01.2016); от 12.01.2017 № 409; от 11.12.2018 № 802; от 12.02.2019 № 838; от 05.04.2021 № 545; от 02.07.2021 № 615; от 14.06.2022 № 927.

      Руководитель Администрации Президента

      Первый заместитель Руководителя Администрации Президента

      Заместители Руководителя Администрации Президента

      Секретарь Совета Безопасности

      Помощники Президента

      Канцелярия Президента

      Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству

      Первый заместитель Секретаря Совета Безопасности

      Заместитель Секретаря Совета Безопасности

      Советники Президента      

      Секретариат Совета Безопасности

      Аналитический отдел Совета Безопасности

      Ситуационный центр Совета Безопасности

      Отдел военной безопасности и обороны Совета Безопасности

      Отдел общих вопросов безопасности Совета Безопасности

      Центр стратегических разработок и анализа

      Центр внешней политики

      Центр анализа и прогнозирования

      Отдел государственного контроля и организационно- территориальной работы

      Отдел внутренней политики

      Отдел социально-экономического мониторинга

      Государственно-правовой отдел

      Отдел правоохранительной системы Совета Безопасности

      Представительство Президента в Парламенте

      Служба протокола Президента

      Пресс-служба Президента

      Секретариат Ассамблеи народа Казахстана

      Отдел государственной службы и кадровой политики

      Секретариат Руководителя Администрации Президента

      Секретариат Государственного советника

      Общий отдел

      Отдел информатизации и защиты информационных ресурсов

      Сектор по обеспечению деятельности Специального представителя Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству