Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы:
"Сыртқы саясат орталығы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Талдау және болжамдау орталығы".
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |