Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 911 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі

      актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж, № 23, 229-құжат; 2008 ж, № 20, 182-құжат; 2009 ж, № 3-4, 7-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін оның аппараты - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі және Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы қамтамасыз етіп, олардың құрылымы мен штат санын Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынушы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы айқындайды.";

      17-тармақта "Хатшылығы" деген сөз "аппараты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19-тармақта "Хатшылығындағы" деген сөз "аппаратындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы және Президент Әкімшілігі Басшысының келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары болады";

      21-тармақтың 2) тармақшасында "Хатшылығының" деген сөз "аппаратының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, № 58, 559-құжат; 2002 ж, № 18, 196-құжат, № 32, 339-құжат; 2003 ж, № 20, 201-құжат; 2004 ж, № 19, 234-құжат, № 21, 265-құжат, № 33, 39-құжат; 2005 ж, № 27, 329-құжат, № 30, 380-құжат; 2006 ж, № 23, 29-құжат, № 39, 429-құжат; 2007 ж, № 43, 499-құжат; 2008 ж, № 9, 89- құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының, Талдау бөлімінің, Ахуалдық орталығының меңгерушілері, олардың орынбасарлары".

      3) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж, № 5, 52-құжат; № 39, 416-құжат):

      1-тармақтағы "356" деген цифрлар "366" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы жолдармен толықтырылсын:

      "Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы".

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады