Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
1) Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 14 ақпандағы
N 535 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы
"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.19. N 805 Жарлығымен.
Р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Аяқтау |
Жауапты |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
I. Дәйекті жаңғырту және экономикалық өсудің орнықты қарқынын қамтамасыз ету |
||||
---|---|---|---|---|
Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттер | ||||
Өндіруші секторды дамыту | ||||
1. |
Халықаралық мұнай және энергетика нарықтарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі мемлекеттің ұстанымын күшейту |
Президент |
ЭМРМ, |
жыл |
2. |
Тау-кен-металлургия саласын тиімді дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдау (жұмыс істеп тұрған тау-кен-металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін, сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара, түсті металдардың барланған кен орындарының жер қойнауын пайдалану құқықтарын басқару) |
Мемлекет |
Үкімет, |
жыл |
3. |
Жаңа кен орындарын барлау жөнінде жұмыстар жүргізу |
Президент |
ЭМРМ, |
2008 |
Озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету | ||||
4. |
Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС салу жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
ЭМРМ, |
жыл |
5. |
"Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі" электр берудің екінші желісін және "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр беру желісін салуды аяқтау |
пайдалануға |
ЭМРМ, |
2009 |
6. |
"Бейнеу - Шымкент" магистральды газ құбырын салу мәселесін пысықтау және салуды бастау |
Президент |
ЭМРМ, |
2008-2009 |
7. |
Ақтау қаласында атом электр станциясын салу жөнінде нақты ұсыныстар енгізу |
Президент |
ЭМРМ, |
2008 жылғы қазан |
8. |
Энергия үнемдейтін технологиялар енгізу жөнінде шаралар кешенін қабылдау |
Президент |
ЭМРМ, |
2008-2013 |
9. |
Экологиялық таза технологиялар (қайта жаңартылатын энергия көздерін) енгізу жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
Қоршаған- |
2008-2013 |
10. |
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізін іс жүзіне асыру |
Президент |
ККМ, |
2008-2012 |
11. |
"Шар - Өскемен" темір жолын салуды аяқтау |
Президент |
ККМ |
2008 |
12. |
"Маңғышлақ - Баутино", "Ералиев - Құрық" темір жол желілері мен "Қорғас - Жетіген" учаскесін салу |
Президент |
ККМ, ЭБЖМ, |
2008-2011 |
13. |
"Мақат - Қандыағаш" темір жол учаскесін электрлендіру |
Президент |
ККМ, ЭБЖМ, |
2008-2011 |
14. |
Астана - Бурабай, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу және қайта жаңарту |
Президент |
ККМ, ЭБЖМ, |
2009-2012 |
15. |
Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін заңнамалық базаны жетілдіру |
Заң жобасы |
ЭБЖМ, |
2008 |
16. |
Өңірлерді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды инфрақұрылымды, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдарды белсенді дамытуды қамтамасыз етуі |
Президент |
ЭБЖМ, ККМ, |
2009-2011 |
17. |
ЖЭО-3 салуды қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде Астана қаласының энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру |
Президент |
Астана |
жыл |
"30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын іске асыру | ||||
18. |
"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде "серпінді" жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету |
Президент |
ЭБЖМ, ИСМ, |
жыл |
"Самұрық" АҚ, |
әр айдың |
|||
19. |
Отандық машина жасауды дамыту жөнінде шаралар кешенін дайындау және іске асыруды бастау |
Үкімет |
ИСМ, АШМ, |
2008 |
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | ||||
Азық-түлік қауіпсіздігі | ||||
20. |
Қазақстан Республикасының заңнамасына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заң жобасын әзірлеу |
Заң жобасы |
АШМ, |
2008 |
21. |
Ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау |
Президент |
АШМ, ИСМ, |
2008-2011 |
22. |
Елдің ішкі қажеттілігі қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдері өндірісін ынталандыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау |
Президент |
АШМ, ИСМ |
2008-2011 |
Өнімді экспорттау | ||||
23. |
Ауыл шаруашылығында экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру |
Президент |
АШМ, ИСМ, |
2008-2011 |
24. |
Каспий және Қара теңіз порттары арқылы және Қытай бағытындағы астықтың экспорттық жеткізілімін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
АШМ, ККМ, |
2008-2011 |
Мал шаруашылығы саласы | ||||
25. |
Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
АШМ, ИСМ |
2009-2012 |
26. |
Ауыл шаруашылығын барлық деңгейлерде жүйелі қолдау үшін бұдан әрі шараларды қабылдау |
Президент |
АШМ, ЭБЖМ, |
2009-2012 |
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу | ||||
27. |
Ауыл шаруашылық өңдеуші өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
АШМ, |
2008-2011 |
28. |
Астана қаласының азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі жұмысты жандандыру |
Президент |
АШМ, |
2009-2012 |
Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары | ||||
29. |
Ықтимал кері үрдістерді анықтау және тәуекелдерді басқару мақсатында елде және әлемде болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін енгізуді қамтамасыз ету |
нормативтік |
ЭБЖМ, |
2008 жылғы мамыр |
30. |
Қаржылық тұрақсыздық қауіп-қатерлеріне және ықтимал болжанбаған жағдайларға мемлекеттің жедел ден қоюы шараларының жүйесін әзірлеу |
нормативтік |
ҚНРА, ҰБ, |
2008 жылғы мамыр |
31. |
"Бәсеке туралы" жаңа Заң әзірлеу |
Заң жобасы |
БҚА, ТМРА, |
2008 |
32. |
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту |
Президент |
ҚНРА |
2008 |
33. |
Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу |
Кодекс |
ЭБЖМ, |
2008 |
34. |
Әлеуметтік шығыстарды қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру |
Президент |
ЭБЖМ, |
2009 |
35. |
Инфляцияның болжанып отырған деңгейін ұстап тұруға бағытталған инфляциялық процестерді тежеу жөнінде шаралар кешенін әзірлеу |
Премьер- |
ЭБЖМ, ҰБ, |
2008 |
36. |
Әлемдік экономика бәсеңдеуі мен бірқатар экспорттық тауарларға бағаның төмендеу ықтималы жағдайында тұрақтандыру іс-қимылдарының жедел жоспарын әзірлеу |
Мемлекет |
Үкімет, |
2008 |
II. Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру |
||||
Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайту | ||||
37. |
"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заң жобасын Парламентке енгізу |
Заң жобасы |
Президент |
2008 |
Қазақстандағы қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту | ||||
38. |
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Үкімет қаулысы |
МАМ |
2008 жылғы қазан |
39. |
Партиялық-саяси жүйені одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру, "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын Парламентке енгізу |
Заң жобасы |
МАМ, |
2008 жылғы қазан |
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес | ||||
40. |
Заңдылықты нығайту және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын әділ және тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл жасау деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу |
Президент |
БП, |
жыл |
41. |
Сот жүйесін одан әрі оңтайландыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сот ісін жүргізуді оңайлату, сот әділдігінің қол жетімділігін кеңейту мақсатында оның терең реформасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Президент |
ЖС, БП, |
2008 |
42. |
"Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу |
Заң жобасы |
ІІМ, БП, |
2008 |
Әкімшілік реформа және кадр саясаты | ||||
43. |
Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін органдарда әкімшілік реформа жүргізу |
Қауіпсіздік |
Президент |
2008 |
Мемлекет |
Президент |
жыл |
||
44. |
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін, оның ішінде пилоттық мемлекеттік органдарда енгізу жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын қамтамасыз ету |
Президент |
ЭБЖМ, |
жыл |
45. |
Дамудың қазіргі заманғы кезеңінде адам факторын күшейтуді есепке ала отырып, жаңа кадр саясатын қалыптастыру. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа формациядағы басқарушылардың кәсіби жетекші тобын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттар әзірлеу |
нормативтік |
Президент |
2008 |
46. |
Мемлекеттік қызметтің кадр резерві жүйесі жұмыс істеуінің жаңа моделін енгізу |
Мемлекет |
Президент |
2008 |
47. |
Экономиканың және әлеуметтік ортаның басымды салаларына "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту тетіктерін жасау, "Болашақ" стипендиаттарының мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-зерттеу институттарында тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру |
Президент |
БҒМ, |
2009 |
48. |
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен нәтижелілігін арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және жаңа әлеуметтік объектілердің (медициналық ұйымдардың, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, спорттық ғимараттардың) халыққа сапалы, қазіргі заманғы және бұқаралық қызмет көрсету орталықтарына айналуы |
Президент |
Астана және |
жыл |
Бюджеттік жоспарлау | ||||
49. |
Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу |
Кодекстің |
ЭБЖМ, |
2008 |
Мемлекеттік қаражат аудиті | ||||
50. |
Негізгі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың тиімділігіне бағалауды жүргізу |
Президент |
ЭБЖМ, |
2009 |
Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру |
||||
51. |
Шағын несиелендірудің қол жетімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын жасау жөнінде шаралар әзірлеу |
Президент |
ИСМ, ЭБЖМ, |
2008 |
52. |
Бизнеске әкімшілік ауыртпалықты төмендетуді көздейтін рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеу және бәрінен бұрын лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу сияқты рұқсат беру жүйесін оңайлату |
Үкімет |
ЭБЖМ, ИСМ, |
2008 |
53. |
Тексерістерді қысқарту мен реттеу мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Мемлекет |
Үкімет, БП, |
2008 |
III. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру | ||||
54. |
Зейнетақылардың орташа мөлшерін 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылға 2,5 есе өсіру, оның ішінде: 2009 жылы - 25 %-ке, 2010 жылы - 25 %-ке, 2011 жылы - 30 %-ке. |
Заң, |
ЭБЖМ, |
2008-2010 |
55. |
Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны 2011 жылы 2007 жылғы жәрдемақылар мөлшерінен асып түсетін деңгейге дейін орташа 2,5 есе ұлғайту. |
Заң |
Еңбекмині, |
2009 |
56. |
Бюджет саласының қызметкерлеріне еңбек ақысын 2012 жылға 2 еселік деңгейге кезең-кезеңімен жақындатып жоғарылату, оның ішінде 2009 жылы - 25 %-ке, 2010 жылы - 25 %-ке және 2011 жылы - 30 %-ке |
Үкімет |
Еңбекмині, |
2008-2010 |
57. |
2009 жылдан бастап оралмандардың қоныс аударуына арналған жыл сайынғы квотасын жылына 20 мың отбасына дейін жоғарылату |
Президент |
Еңбекмині |
2008 |
Білім инфрақұрылымы | ||||
58. |
Балабақшалар мен мектептердегі орындардың тапшылығын жою мақсатында мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерін салу |
Президент |
Астана және |
2008-2010 жж. тамыз |
59. |
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, оның ішінде 12-жылдық орта білімді енгізу мерзімдерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Заң жобасы, |
БҒМ |
2008 |
60. |
Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту үшін мектепке дейінгі білім беруді тиімді бағдарламалармен, оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету |
Президент |
БҒМ |
жыл сайын |
Кәсіптік білім беру | ||||
61. |
Ел экономикасы аса мүдделілік білдіретін білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды және бизнес-қауымдастықтардың белсенді қатысуын көздейтін Кәсіптік-техникалық білімді дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау |
Президент Жарлығы |
БҒМ, ЭБЖМ, |
2008 |
Тілдердің үштұғырлығы | ||||
62. |
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын іске асыруды ескере отырып әзірлеу |
Үкімет |
МАМ, БҒМ, |
2008 |
Денсаулық сақтауды дамыту | ||||
63. |
Денсаулық сақтау жүйесінде қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен медициналық қызметтердің нақты құнына бағалау жүргізу |
Президент |
ДСМ, ЭБЖМ, |
2009-2010 |
64. |
Үздіксіз кәсіптік дамудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу, халықаралық тәжірибе негізінде үздіксіз медициналық білім беру мен сертификаттау тетіктерін енгізу |
Президент |
ДСМ, БҒМ |
жыл |
65. |
Медициналық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қабылдауды кезең-кезеңмен ұлғайту |
Үкімет |
БҒМ, ДСМ |
жыл |
66. |
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделін және фармацияға мемлекеттік стандарттарды енгізу |
Президент |
ДСМ, ИСМ, |
жыл |
67. |
2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы аясында салауатты қазақстандық ұлтты қалыптастыру үшін салауатты өмір салтының танымалдығы жөнінде, оның ішінде өңірлік деңгейде шаралар кешенін іске асыру |
Президент |
ДСМ, |
жыл |
68. |
Қазақстандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға инвестициялар тарту жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
ИСМ, ДСМ, |
2008-2010 |
Тұрғын үйге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету |
||||
69. |
Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Президент |
ИСМ, |
2008 |
70. |
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға тұрғын үйді құрылысына үлестік қатысушылардың құқығын күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Заң жобасы |
ИСМ, ЭБЖМ, |
2008 |
71. |
Астананың және облыс орталықтарының маңында жерлерді сатып алу заңдылығын тексеру, заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдау |
Президент |
БП, ЭЖКА, |
2008 |
72. |
Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жер учаскелерін беру және ресімдеу ережелерін оңайлату жөнінде шаралар қабылдау |
Үкімет |
ЖРА, ИСМ |
2008 |
IV. Қазақстанның халықаралық беделін, өңірлік тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту |
||||
Теңгерімді сыртқы саясатты дамыту және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысу |
||||
73. |
АӨСШК, ШЫО, ҰҚШҰ - өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құрудың негізін қалайтын халықаралық бірлестіктерде Қазақстанның бастамаларын одан әрі жылжыту және оған тікелей қатысуы |
Президент |
СІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ІІМ, Қор- |
жел- |
74. |
Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және саяси салалардағы ынтымақтастығын нығайту |
Президент |
СІМ, ИСМ, |
жел- |
75. |
АҚШ-пен, ЕО-мен және НАТО-мен, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл |
Президент |
СІМ, ИСМ, |
жел- |
76. |
Қазақстанның қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің күн тәртібін және стратегиялық бағдарын әзірлеуіне, экономикалық ынтымақтастықтың дамытуға, басқару технологиялары мен тәжірибесін тартуға, қазақстандық сайлау, партия және медиа заңнамасын жетілдіруге ықпал ететін "Еуропаға жол" атты арнайы бағдарлама әзірлеу |
Президент |
СІМ, ЭБЖМ, |
2008 |
77. |
Қазақстанның халықаралық терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді қатысушысы ретіндегі ұстанымын нығайту |
Президент |
СІМ, Қор- |
жел- |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жаңғырту және оның жауынгерлік дайындығы |
||||
78. |
Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің қазіргі әрекеттерге барабар ден қою үшін шаралар қабылдауға қабілетті Қарулы Күштердің кәсіби, әскери және басқару корпусын құру |
Мемлекет |
Қорғаныс- |
2008 |
79. |
Жаңа Әскери доктринаға сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру |
Мемлекет |
Қорғаныс- |
2008 |
Халықаралық іс-шаралар | ||||
80. |
Ғаламдық маңызы бар мынадай ірі халықаралық іс-шаралар: |
|||
1) 2009 жылы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезін өткізу |
Президент |
СІМ, МАМ, |
қараша, |
|
2) 2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізу |
Президент |
СІМ, |
қараша, |
|
3) 2009-2011 жылдар кезеңінде ЕҚЫҰ-ның басшылық үштігіндегі жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету |
Үкімет |
СІМ, МАМ, |
2008 |
|
Президент |
СІМ, МАМ, |
қараша, |
Ескертпелер:
1. "Жауапты орындаушылар" деген бағанда бірінші көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары тұтас алғанда Жалпыұлттық жоспардың тиісті негізгі бағыттары (іс-шаралары) бойынша жауап береді.
2. Заң жобалары мен кодекстер жобалары бойынша: Жалпыұлттық жоспарда белгіленген "Заң" аяқталу нысанының мерзімдері Парламенттің заңды қабылдауын білдіреді; "Заң жобасы" мен "Кодекс жобасы" аяқталу нысаны - заң жобасы мен Кодекс жобасын Парламенттің қарауына енгізу дегенді білдіреді.
3. Президент жарлықтарының жобасы бойынша: Жалпыұлттық жоспарда белгіленген "Жарлық жобасы" аяқталу нысанының мерзімдері Президент Жарлығын қабылдау; "Президент Жарлығының жобасы" аяқталу нысаны - Президент Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігінің қарауына енгізу дегенді білдіреді.
4. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
АҚӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
"Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
"Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы
"Үкімет пен Ұлттық Банк жанындағы ұлттық талдамалық орталық" АҚ - "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамы
"Экономикалық зерттеулер орталығы" АҚ - "Экономикалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы
"Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі