Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
      2) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
      3) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
      1) Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2008 жылғы 14 ақпандағы 
N 535 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы
"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.19. N 805 Жарлығымен.

Р/с
N

Іс-шаралардың атауы

Аяқтау
нысаны

Жауапты
орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

I. Дәйекті жаңғырту және экономикалық өсудің
орнықты қарқынын қамтамасыз ету
Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттер
Өндіруші секторды дамыту

1.

Халықаралық мұнай және энергетика нарықтарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі мемлекеттің ұстанымын күшейту

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ

жыл
сайын
20
қаңтарға
дейін

2.

Тау-кен-металлургия саласын тиімді дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдау (жұмыс істеп тұрған тау-кен-металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін, сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара, түсті металдардың барланған кен орындарының жер қойнауын пайдалану құқықтарын басқару)

Мемлекет
басшысына
баяндама

Үкімет,
"Самұрық" АҚ

жыл
сайын,
2008-2010
жж.
желтоқсан

3.

Жаңа кен орындарын барлау жөнінде жұмыстар жүргізу

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭМРМ,
"Самұрық"
АҚ,
ӘКК

2008
жылғы
20 шілде,
2009
жылғы
20 қаңтар

Озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету

4.

Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС салу жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ,
Павлодар,
Алматы
облыста-
рының
әкімдері

жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
жылғы
20
қаңтар,
2009-2013
жж.

5.

"Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі" электр берудің екінші желісін және "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр беру желісін салуды аяқтау

пайдалануға
беру
актілері

ЭМРМ,
"Самұрық"
АҚ

2009
жылғы
желтоқсан

6.

"Бейнеу - Шымкент" магистральды газ құбырын салу мәселесін пысықтау және салуды бастау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭМРМ,
ЭБЖМ,
ТМРА, ЖРА,
"Самұрық"
АҚ,
Оңтүстік
Қазақстан,
Маңғыстау,
Қызылорда
облыс-
тарының
әкімдері

2008-2009
жж.
қараша

7.

Ақтау қаласында атом электр станциясын салу жөнінде нақты ұсыныстар енгізу

Президент
Әкімшілігіне
ұсыныстар

ЭМРМ,
Қоршаған-
ортамині,
Әділетмині,
СІМ,
"Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК" АҚ,
Маңғыстау
облысының
әкімі

2008 жылғы қазан

8.

Энергия үнемдейтін технологиялар енгізу жөнінде шаралар кешенін қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭМРМ,
Қоршаған-
ортамині,
ТМРА, ИСМ,
АШМ, ККМ,
"Самұрық" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2008-2013
жж.
желтоқсан

9.

Экологиялық таза технологиялар (қайта жаңартылатын энергия көздерін) енгізу жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

Қоршаған-
ортамині,
ЭМРМ, ИСМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2008-2013
жж.
желтоқсан

10.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізін іс жүзіне асыру

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ККМ,
Қаржымині,
ЭБЖМ,
Алматы,
Жамбыл,
Оңтүстік
Қазақстан,
Қызылорда,
Ақтөбе об-
лыстарының
әкімдері

2008-2012
жж.
желтоқсан

11.

"Шар - Өскемен" темір жолын салуды аяқтау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ККМ

2008
жылғы
желтоқсан

12.

"Маңғышлақ - Баутино", "Ералиев - Құрық" темір жол желілері мен "Қорғас - Жетіген" учаскесін салу

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ККМ, ЭБЖМ,
Қаржымині

2008-2011
жж.
қараша

13.

"Мақат - Қандыағаш" темір жол учаскесін электрлендіру

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ККМ, ЭБЖМ,
Қаржымині

2008-2011
жж.
қараша

14.

Астана - Бурабай, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу және қайта жаңарту

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ККМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
Алматы
қаласының,
Алматы,
Ақмола,
Қарағанды
облыста-
рының
әкімдері

2009-2012
жж.
қараша

15.

Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін заңнамалық базаны жетілдіру

Заң жобасы

ЭБЖМ,
Қаржымині,
ККМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008
жылғы
қыркүйек

16.

Өңірлерді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды инфрақұрылымды, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдарды белсенді дамытуды қамтамасыз етуі

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ЭБЖМ, ККМ,
ИСМ, АШМ,
ЭМРМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері,
ӘКК

2009-2011
жж.
ақпан

17.

ЖЭО-3 салуды қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде Астана қаласының энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру

Президент
Әкімшілігіне
есеп

Астана
қаласының
әкімі,
ЭМРМ

жыл
сайын,
есепті
жылдан
кейінгі
жылғы
20 қаңтар

"30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын іске асыру

18.

"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде "серпінді" жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭБЖМ, ИСМ,
АШМ, ЭМРМ,
ККМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

жыл
сайын,
2009-2010
жж.
20
қаңтарға
дейін

"Самұрық" АҚ,
"Қазына" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ

әр айдың
15-іне
қарай

19.

Отандық машина жасауды дамыту жөнінде шаралар кешенін дайындау және іске асыруды бастау

Үкімет
қаулысы

ИСМ, АШМ,
ККМ, ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ,
"Қазына" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ

2008
жылғы
қараша

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Азық-түлік қауіпсіздігі

20.

Қазақстан Республикасының заңнамасына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заң жобасын әзірлеу

Заң жобасы

АШМ,
Әділетмині,
ЭБЖМ, ТЖМ,
Еңбекмині,
ИСМ

2008
жылғы
желтоқсан

21.

Ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ, ИСМ,
ЭБЖМ

2008-2011
жж.
қазан

22.

Елдің ішкі қажеттілігі қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдері өндірісін ынталандыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ, ИСМ

2008-2011
жж.
қазан

Өнімді экспорттау

23.

Ауыл шаруашылығында экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ, ИСМ,
ЭБЖМ,
"ҚазАгро" АҚ

2008-2011
жж.
қазан

24.

Каспий және Қара теңіз порттары арқылы және Қытай бағытындағы астықтың экспорттық жеткізілімін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ, ККМ,
СІМ,
"ҚазАгро" АҚ

2008-2011
жж.
шілде

Мал шаруашылығы саласы

25.

Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ, ИСМ

2009-2012
жж.
қаңтар

26.

Ауыл шаруашылығын барлық деңгейлерде жүйелі қолдау үшін бұдан әрі шараларды қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ, ЭБЖМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2009-2012
жж.
қаңтар

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу

27.

Ауыл шаруашылық өңдеуші өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

АШМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері,
"ҚазАгро" АҚ

2008-2011
жж.
шілде

28.

Астана қаласының азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі жұмысты жандандыру

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

АШМ,
"ҚазАгро" АҚ,
Астана
қаласының,
Ақмола
облысының
әкімдері

2009-2012
жж.
қаңтар

Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары

29.

Ықтимал кері үрдістерді анықтау және тәуекелдерді басқару мақсатында елде және әлемде болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін енгізуді қамтамасыз ету

нормативтік
құқықтық акт

ЭБЖМ,
Қаржымині,
СІМ,
АҚӨҚОҚРА,
ҚНРА, ҰБ,
"Үкімет
және Ұлттық
Банк
жанындағы
ұлттық
талдамалық
орталық"
АҚ,
"Эконо-
микалық
зерттеулер
институты"
АҚ

2008 жылғы мамыр

30.

Қаржылық тұрақсыздық қауіп-қатерлеріне және ықтимал болжанбаған жағдайларға мемлекеттің жедел ден қоюы шараларының жүйесін әзірлеу

нормативтік
құқықтық акт

ҚНРА, ҰБ,
ЭБЖМ,
Қаржымині,
АҚӨҚОҚРА,
"Үкімет
пен Ұлттық
Банк
жанындағы
ұлттық
талдау
орталығы"
АҚ,
"Эконо-
микалық
зерттеулер
институты"
АҚ

2008 жылғы мамыр

31.

"Бәсеке туралы" жаңа Заң әзірлеу

Заң жобасы

БҚА, ТМРА,
ҚНРА, АБА

2008
жылғы
қараша

32.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту

Президент
Жарлығының
жобасы

ҚНРА

2008
жылғы
наурыз

33.

Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу

Кодекс
жобасы

ЭБЖМ,
Қаржымині,
Әділетмині,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008
жылғы
1 қыр-
күйекке
дейін

34.

Әлеуметтік шығыстарды қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ЭБЖМ,
орталық
және
жергілікті
атқарушы
органдар

2009
жылғы
қаңтар

35.

Инфляцияның болжанып отырған деңгейін ұстап тұруға бағытталған инфляциялық процестерді тежеу жөнінде шаралар кешенін әзірлеу

Премьер-
Министр
өкімі

ЭБЖМ, ҰБ,
Қаржымині,
ИСМ,
ТМРА, БҚА,
Астана
және Алматы
қалаларының,
облыстардың
әкімдері

2008
жылғы
наурыз

36.

Әлемдік экономика бәсеңдеуі мен бірқатар экспорттық тауарларға бағаның төмендеу ықтималы жағдайында тұрақтандыру іс-қимылдарының жедел жоспарын әзірлеу

Мемлекет
басшысына
баяндама

Үкімет,
ҰБ, ҚНРА

2008
жылғы
шілде

II. Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту,
мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру
Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайту

37.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заң жобасын Парламентке енгізу

Заң жобасы

Президент
Әкімшілігі,
Әділетмині,
МАМ

2008
жылғы
қыркүйек

Қазақстандағы қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту

38.

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет қаулысы

МАМ

2008 жылғы қазан

39.

Партиялық-саяси жүйені одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру, "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын Парламентке енгізу

Заң жобасы

МАМ,
Әділетмині

2008 жылғы қазан

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

40.

Заңдылықты нығайту және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын әділ және тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл жасау деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

БП,
ЖС, ҰҚК,
ЭСЖКА, ІІМ,
Әділетмині,
Қаржымині,
СК

жыл
сайын,
20 шілде,
20 қаңтар

41.

Сот жүйесін одан әрі оңтайландыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сот ісін жүргізуді оңайлату, сот әділдігінің қол жетімділігін кеңейту мақсатында оның терең реформасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ЖС, БП,
Әділетмині

2008
жылғы
II тоқсан

42.

"Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ІІМ, БП,
ЖС, БҒМ,
Әділетмині,
Қаржымині,
ҰҚК

2008
жылғы
қараша

Әкімшілік реформа және кадр саясаты

43.

Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін органдарда әкімшілік реформа жүргізу

Қауіпсіздік
Кеңесі
отырысының
хаттамасы

Президент
Әкімшілігі,
ЖС, БП,
ҰҚК, ІІМ,
ЭСЖКА,
Әділетмині,
Қаржымині

2008
жылғы
I тоқсан

Мемлекет
басшысына
баяндама

Президент
Әкімшілігі

жыл
сайын,
2009-2010
жж.
қаңтар

44.

Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін, оның ішінде пилоттық мемлекеттік органдарда енгізу жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын қамтамасыз ету

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭБЖМ,
Әділетмині,
Қаржымині,
Оңтүстік
Қазақстан
облысының
әкімі,
мемлекеттік
органдар

жыл
сайын,
ақпан

45.

Дамудың қазіргі заманғы кезеңінде адам факторын күшейтуді есепке ала отырып, жаңа кадр саясатын қалыптастыру. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа формациядағы басқарушылардың кәсіби жетекші тобын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттар әзірлеу

нормативтік
құқықтық акт

Президент
Әкімшілігі,
МҚА, ЭБЖМ,
Әділетмині

2008
жылғы
қыркүйек

46.

Мемлекеттік қызметтің кадр резерві жүйесі жұмыс істеуінің жаңа моделін енгізу

Мемлекет
басшысының
атына
ақпарат

Президент
Әкімшілігі,
МҚА, БҒМ

2008
жылғы
мамыр

47.

Экономиканың және әлеуметтік ортаның басымды салаларына "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту тетіктерін жасау, "Болашақ" стипендиаттарының мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-зерттеу институттарында тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

БҒМ,
мүдделі
орталық
және
жергілікті
мемлекеттік
органдар,
мемлекеттік
холдингтер,
ӘКК,
"Халықара-
лық бағ-
дарламалар
орталығы"
АҚ

2009
жылғы
25 қаңтар

48.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен нәтижелілігін арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және жаңа әлеуметтік объектілердің (медициналық ұйымдардың, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, спорттық ғимараттардың) халыққа сапалы, қазіргі заманғы және бұқаралық қызмет көрсету орталықтарына айналуы

Президент
Әкімшілігіне
есеп

Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері,
БҒМ, ДСМ,
ТСМ,
Әділетмині,
МҚА

жыл
сайын,
қаңтар

Бюджеттік жоспарлау

49.

Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу

Кодекстің
жобасы

ЭБЖМ,
орталық
және
жергілікті
атқарушы
органдар

2008
жылғы
1 қыр-
күйекке
дейін

Мемлекеттік қаражат аудиті

50.

Негізгі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың тиімділігіне бағалауды жүргізу

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ЭБЖМ,
Қаржымині,
тиісті
мемлекеттік
органдар

2009
жылғы
ақпан

Шағын және орта бизнестің бәсекеге
қабілеттілігін ынталандыру

51.

Шағын несиелендірудің қол жетімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын жасау жөнінде шаралар әзірлеу

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ИСМ, ЭБЖМ,
АШМ,
Еңбекмині,
"Қазына"
АҚ,
"ҚазАгро"
АҚ

2008
жылғы
қазан

52.

Бизнеске әкімшілік ауыртпалықты төмендетуді көздейтін рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеу және бәрінен бұрын лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу сияқты рұқсат беру жүйесін оңайлату

Үкімет
қаулысы

ЭБЖМ, ИСМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2008
жылғы
қараша

53.

Тексерістерді қысқарту мен реттеу мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Мемлекет
басшысына
баяндама

Үкімет, БП,
ЭСЖКА, СК,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2008
жылғы
қыркүйек

III. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру

54.

Зейнетақылардың орташа мөлшерін 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылға 2,5 есе өсіру, оның ішінде: 2009 жылы - 25 %-ке, 2010 жылы - 25 %-ке, 2011 жылы - 30 %-ке.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін 2011 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 50 %-ке жоғарылату.
2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін - орта шамамен жыл сайын 9 %-ке жоғарылату

Заң,
Үкімет
қаулысы

ЭБЖМ,
Еңбекмині,
Әділетмині

2008-2010
жж.
желтоқсан

55.

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны 2011 жылы 2007 жылғы жәрдемақылар мөлшерінен асып түсетін деңгейге дейін орташа 2,5 есе ұлғайту.
2010 жылдан бастап 4-ші және одан да көп баланың туылуына арналған бір реттік жәрдемақының мөлшерін 2007 жылмен салыстырғанда 4 еседен аса жоғарылату

Заң

Еңбекмині,
ЭБЖМ,
Әділетмині

2009
жылғы
тамыз

56.

Бюджет саласының қызметкерлеріне еңбек ақысын 2012 жылға 2 еселік деңгейге кезең-кезеңімен жақындатып жоғарылату, оның ішінде 2009 жылы - 25 %-ке, 2010 жылы - 25 %-ке және 2011 жылы - 30 %-ке

Үкімет
қаулылары

Еңбекмині,
ЭБЖМ,
Әділетмині,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008-2010
жж.
желтоқсан

57.

2009 жылдан бастап оралмандардың қоныс аударуына арналған жыл сайынғы квотасын жылына 20 мың отбасына дейін жоғарылату

Президент
Жарлығы

Еңбекмині

2008
жылғы
желтоқсан

Білім инфрақұрылымы

58.

Балабақшалар мен мектептердегі орындардың тапшылығын жою мақсатында мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерін салу

Президент
Әкімшілігіне
есеп

Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері,
БҒМ

2008-2010 жж. тамыз

59.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, оның ішінде 12-жылдық орта білімді енгізу мерзімдерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы,
Президент
Жарлығының
жобасы

БҒМ

2008
жылғы
маусым

60.

Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту үшін мектепке дейінгі білім беруді тиімді бағдарламалармен, оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

БҒМ

жыл сайын
25
маусым,
25
желтоқсан

Кәсіптік білім беру

61.

Ел экономикасы аса мүдделілік білдіретін білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды және бизнес-қауымдастықтардың белсенді қатысуын көздейтін Кәсіптік-техникалық білімді дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау

Президент Жарлығы

БҒМ, ЭБЖМ,
мемлекеттік
холдингтер,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2008
жылғы
маусым

Тілдердің үштұғырлығы

62.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын іске асыруды ескере отырып әзірлеу

Үкімет
қаулысы

МАМ, БҒМ,
ЭБЖМ,
Әділетмині

2008
жылғы
IV тоқсан

Денсаулық сақтауды дамыту

63.

Денсаулық сақтау жүйесінде қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен медициналық қызметтердің нақты құнына бағалау жүргізу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ДСМ, ЭБЖМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2009-2010
жж.
ақпан

64.

Үздіксіз кәсіптік дамудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу, халықаралық тәжірибе негізінде үздіксіз медициналық білім беру мен сертификаттау тетіктерін енгізу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ДСМ, БҒМ

жыл
сайын,
2009-2010
жж.
желтоқсан

65.

Медициналық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қабылдауды кезең-кезеңмен ұлғайту

Үкімет
қаулысы

БҒМ, ДСМ

жыл
сайын,
2008-2010
жж.
II тоқсан

66.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделін және фармацияға мемлекеттік стандарттарды енгізу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

ДСМ, ИСМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

жыл
сайын,
2009-2010
жж.
қаңтар

67.

2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы аясында салауатты қазақстандық ұлтты қалыптастыру үшін салауатты өмір салтының танымалдығы жөнінде, оның ішінде өңірлік деңгейде шаралар кешенін іске асыру

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ДСМ,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері,
БҒМ,
МАМ, ТСМ

жыл
сайын,
2009-2010
жж.
есепті
жылдан
кейінгі
жылдың
20
қаңтары

68.

Қазақстандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға инвестициялар тарту жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
есеп

ИСМ, ДСМ,
"Қазына" АҚ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008-2010
жж.
қараша

  Тұрғын үйге қолжетімділікті және оның сапасын
қамтамасыз ету

69.

Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Президент
Жарлығының
жобасы

ИСМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008
жылғы
наурыз

70.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға тұрғын үйді құрылысына үлестік қатысушылардың құқығын күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы

ИСМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
Астана және
Алматы қа-
лаларының,
облыстардың
әкімдері

2008
жылғы
қараша

71.

Астананың және облыс орталықтарының маңында жерлерді сатып алу заңдылығын тексеру, заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдау

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

БП, ЭЖКА,
Әділетмині,
ЖРА,
Астана,
облыс
әкімдері

2008
жылғы
шілде

72.

Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жер учаскелерін беру және ресімдеу ережелерін оңайлату жөнінде шаралар қабылдау

Үкімет
қаулысы

ЖРА, ИСМ

2008
жылғы
шілде

IV. Қазақстанның халықаралық беделін, өңірлік
тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту
Теңгерімді сыртқы саясатты дамыту және
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысу

73.

АӨСШК, ШЫО, ҰҚШҰ - өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құрудың негізін қалайтын халықаралық бірлестіктерде Қазақстанның бастамаларын одан әрі жылжыту және оған тікелей қатысуы

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ІІМ, Қор-
ғанысмині,
ИСМ, ЭМРМ,
АШМ,ТЖМ

жел-
тоқсан,
жыл сайын

74.

Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және саяси салалардағы ынтымақтастығын нығайту

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ, ИСМ,
ЭМРМ, ККМ,
АШМ, БҒМ,
МАМ,
Қоршаған-
ортамині,
Еңбекмині,
ТЖМ,
ІІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ,
"Қазына" АҚ,
"Самұрық" АҚ

жел-
тоқсан,
жыл сайын

75.

АҚШ-пен, ЕО-мен және НАТО-мен, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ, ИСМ,
Қорғаныс-
мині,
ІІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, МАМ, ТЖМ

жел-
тоқсан,
жыл сайын

76.

Қазақстанның қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің күн тәртібін және стратегиялық бағдарын әзірлеуіне, экономикалық ынтымақтастықтың дамытуға, басқару технологиялары мен тәжірибесін тартуға, қазақстандық сайлау, партия және медиа заңнамасын жетілдіруге ықпал ететін "Еуропаға жол" атты арнайы бағдарлама әзірлеу

Президент
Жарлығының
жобасы

СІМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
МАМ,
Әділетмині,
ИСМ, АШМ,
Қоршаған-
ортамині,
ККМ, Қор-
ғанысмині,
ІІМ, ЖС,
БП, ОСК,
МҚА, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ

2008
жылғы
шілде

77.

Қазақстанның халықаралық терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді қатысушысы ретіндегі ұстанымын нығайту

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ, Қор-
ғанысмині,
ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ІІМ

жел-
тоқсан,
жыл сайын

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін
жаңғырту және оның жауынгерлік дайындығы

78.

Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің қазіргі әрекеттерге барабар ден қою үшін шаралар қабылдауға қабілетті Қарулы Күштердің кәсіби, әскери және басқару корпусын құру

Мемлекет
басшысына
баяндама

Қорғаныс-
мині

2008
жылғы
сәуір

79.

Жаңа Әскери доктринаға сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мемлекет
басшысына
баяндама

Қорғаныс-
мині

2008
жылғы
сәуір

Халықаралық іс-шаралар

80.

Ғаламдық маңызы бар мынадай ірі халықаралық іс-шаралар:





1) 2009 жылы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезін өткізу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ, МАМ,
Әділетмині, "Сырбар" СБҚ

қараша,
жыл сайын


2) 2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізу

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ,
ЭБЖМ, ҰҚК,
ІІМ, ЭСЖКА, "Сырбар" СБҚ

қараша,
жыл сайын


3) 2009-2011 жылдар кезеңінде ЕҚЫҰ-ның басшылық үштігіндегі жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету

Үкімет
қаулысы

СІМ, МАМ,
Әділетмині,
ИСМ, АШМ,
ЭБЖМ,
Қоршаған-
ортамині,
ККМ, Қор-
ғанысмині,
ІІМ, ЖС,
БП, ОСК,
МҚА, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ

2008
жылғы
сәуір

Президент
Әкімшілігіне
ақпарат

СІМ, МАМ,
Әділетмині,
ИСМ, АШМ,
ЭБЖМ,
Қоршаған-
ортамині,
ККМ, Қор-
ғанысмині,
ІІМ, ЖС,
БП, ОСК,
МҚА, ҰҚК

қараша,
жыл сайын

      Ескертпелер:
      1. "Жауапты орындаушылар" деген бағанда бірінші көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары тұтас алғанда Жалпыұлттық жоспардың тиісті негізгі бағыттары (іс-шаралары) бойынша жауап береді.
      2. Заң жобалары мен кодекстер жобалары бойынша: Жалпыұлттық жоспарда белгіленген "Заң" аяқталу нысанының мерзімдері Парламенттің заңды қабылдауын білдіреді; "Заң жобасы" мен "Кодекс жобасы" аяқталу нысаны - заң жобасы мен Кодекс жобасын Парламенттің қарауына енгізу дегенді білдіреді.
      3. Президент жарлықтарының жобасы бойынша: Жалпыұлттық жоспарда белгіленген "Жарлық жобасы" аяқталу нысанының мерзімдері Президент Жарлығын қабылдау; "Президент Жарлығының жобасы" аяқталу нысаны - Президент Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігінің қарауына енгізу дегенді білдіреді.
      4. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
      ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      АҚӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
      ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
      ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
      "Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
      "Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
      "ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
      "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы
      "Үкімет пен Ұлттық Банк жанындағы ұлттық талдамалық орталық" АҚ - "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамы
      "Экономикалық зерттеулер орталығы" АҚ - "Экономикалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы
      "Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады