Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 805 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс (үзінді)  

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 186-құжат; 2004 ж., N 21, 263-құжат; 2005 ж., N 32, 426-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
      кестенің 1-бағанда:
      "Әскери саладағы мәліметтер" деген 1-тарауында:
      бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздермен толықтырылсын;
      "экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген 2-тарауында:
      бірінші, үшінші, төртінші, жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтар ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер" деген 3-тарауында:
      бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші абзацтар ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Барлау, сыртқы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген 4-тарауында:
      бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтар ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.25 № 144 Жарлығымен;
      3) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 10, 115-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарында:
      реттік нөмірі 164, 165, 167-жолдардың 4-бағандары "ҰҚК," аббревиатурасынан кейін "Сырбар" СБҚ," деген сөздермен толықтырылсын;
      ескертпелерде:
      4-тармақ "Сырбар" СБҚ" - Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығына :
      2-тармақ "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі"," деген сөздермен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
      28-тармақ "Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының," деген сөздерден кейін "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының," деген сөздермен толықтырылсын;
      29-тармақ "Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы," деген сөздерден кейін "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) "Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 66-құжат);
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларының жалпыұлттық жоспарында:
      реттік нөмірі 73, 74, 75, 76, 77-жолдардың 4-бағандары "ҰҚК," аббревиатурасынан кейін "Сырбар" СБҚ," деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 80-жолдағы 1) тармақша "Әділетмині" аббревиатурасынан кейін ", Сырбар" СБҚ" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 80-жолдағы 2) тармақша "ЭСЖКА" аббревиатурасынан кейін ", Сырбар" СБҚ" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 80-жолдағы 3) тармақша "ҰҚК" аббревиатурасынан кейін ", Сырбар" СБҚ" деген сөздермен толықтырылсын;
      ескертпелерде:
      4-тармақ "Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 552 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 116-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі:
      "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген оныншы жолмен толықтырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.08.25 № 144 Жарлығымен.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады