Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол төлемдер нысаны кезінде тиындарды дөңгелектеу жөніндегі мәселелерді реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 6, 56-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Осы Жарлықтың 5-тармағында көзделген төлемдерді қоспағанда, қолма-қол төлемдер нысаны кезінде төлемдер сомасын дөңгелектеудің арифметикалық әдісі қолданылатыны белгіленсін (50 тиынға дейінгі тиын сомасы 0-ге дейін; 50 тиыннан бастап және одан жоғары 1 теңгеге дейін дөңгелектелсін).".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев