Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 шілдедегі N 842 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол төлемдер нысаны кезінде тиындарды дөңгелектеу жөніндегі мәселелерді реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 6, 56-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Осы Жарлықтың 5-тармағында көзделген төлемдерді қоспағанда, қолма-қол төлемдер нысаны кезінде төлемдер сомасын дөңгелектеудің арифметикалық әдісі қолданылатыны белгіленсін (50 тиынға дейінгі тиын сомасы 0-ге дейін; 50 тиыннан бастап және одан жоғары 1 теңгеге дейін дөңгелектелсін).".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады