Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ақша айналымында қолма-қол ақшамен төлемдер жасалған кезде ақша белгілерін - тиындарды іс жүзінде қолданудың тоқтатылғанын ескере отырып, қаулы етемін:

      1. Қолма-қол ақша белгілері - тиындар (бұдан әрі - тиындар) ақша айналымынан алынсын.

      2. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.11.09 № 170 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

       3. Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалдырылсын.

      4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 01.04.2017 № 452 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджеттен тиындармен есептелген барлық әлеуметтік төлемдер сомасын тиындардың сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін, дөңгелектеу тәртібін әзірлеп, бекітсін.

      5-1. Осы Жарлықтың 5-тармағында көзделген төлемдерді қоспағанда, қолма-қол төлемдер нысаны кезінде төлемдер сомасын дөңгелектеудің арифметикалық әдісі қолданылатыны белгіленсін (50 тиынға дейінгі тиын сомасы 0-ге дейін; 50 тиыннан бастап және одан жоғары 1 теңгеге дейін дөңгелектелсін).

      Ескерту. Жарлық 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.07.04 N 842 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

       6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      7. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады