Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 523-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 478-құжат).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев