Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы N 68 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 238 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.05.2023 № 238 Жарлығымен.


  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.10.2017 № 563 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 68 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) туралы осы ереже "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының негізінде әзірленді.

      Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және тиімділігін арттыру мақсатында, оның ішінде жедел-іздестіру қызметін, қылмысқа қарсы күресте анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының күш-жігері мен өзара іс-қимылын біріктіру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Үйлестіру кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

      Үйлестіру заңдылықты сақтау; қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі мақсаттар мен міндеттердің бір тұтастығы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру; мәселелер қоюда, ұсыныстар енгізуде және шешімдер қабылдауда әрбір ведомствоның теңдігі; келісілген іс-шаралар мен ұсынымдарды іске асырған кезде мемлекеттік органның қызметіне ұйымдастық-өкімдік араласпау; күрделі құқықтық проблемаларды шешуге деген біртұтас көзқарасты орнықтыру; туындаған мәселелерді шешкен кезде жұмыстағы және ведомстволық көзқарастағы қосарлануды жою; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамалардың талаптарына қайшы келмейтін жариялылық; Үйлестіру кеңесінің келісілген шешімдерін орындау үшін әрбір мемлекеттік орган басшысының жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.10.2017 № 563 Жарлығымен.

2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері

      2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

      1) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      2) құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға, оның құқықтық реттелуін жетілдіруге бағытталған келісілген ұсыныстар мен іс-қимылды пысықтау;

      3) қылмыстың жай-күйін, оның құрылымы мен серпінін талдау және талқылау, сондай-ақ қылмыстың және өзге де құқық бұзушылықтың даму үрдісін болжау негізінде қылмысқа қарсы күрестің негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.

      3. Негізгі міндеттерге сәйкес Үйлестіру кеңесіне мынадай функциялар жүктеледі:

      1) қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрестің стратегиясын тұжырымдау, осы жұмысқа мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тарту. Неғұрлым қолайсыз қылмыстық жағдайы бар өңірлердің құқық қорғау органдары жүйесінің жұмысында негізгі басымдықтарды айқындау, осы өңірлерде және тұтастай алғанда елімізде қылмыстардың профилактикасы және алдын алу бойынша кешенді шараларды іске асыру;

      2) келісілген шешімдерді іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарға тартылатын тікелей құқық қорғау органдары, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың функционалдық мүмкіндіктерін және материалдық-техникалық базасын келісім бойынша пайдалану;

      3) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғау бағытындағы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының қызметін, қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын талдау;

      4) неғұрлым қауіпті және кең таралған қылмыстық қол сұғушылықтарға, ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық сыбайластықтардың (қылмыстық ұйымдардың) қызметіне қарсы күрес бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу, келісім беру және орындау;

      5) қылмысты анықтау, тергеу, ашу, алдын алу және жолын кесу тәжірибесін зерделеу;

      6) қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған заңнамаларды қолданудың біркелкі практикасын қалыптастыру. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған заңнамаларды жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау, оның құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру мәселелері бойынша тапсырмаларын іске асыру;

      8) кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу және оны келісімді түрде орындаудағы ынтымақтастық функциялары жүктеледі.

      4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді орындау мақсатында:

      1) Үйлестіру кеңесінің отырысын шақыруға және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғаларын оның жұмысына қатысу үшін шақыра отырып кеңес өткізуге;

      2) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғаудағы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызмет қорытындыларын кеңес отырысында талқылауға;

      3) заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің және қылмысқа қарсы күрестің әдістемелері мен тәжірибелерін жетілдіру бойынша, сондай-ақ жұмыста орын алған кемшіліктерді жою бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне және мемлекеттік органдарға ұсынымдар беруге;

      4) мемлекеттік органдарға неғұрлым өзекті және шұғыл профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету бойынша негізделген ұсыныстар енгізуге;

      5) мемлекеттік органдарға заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы перспективалы келешегі бар әдістер мәселелерін қарау және оларды мемлекеттік ақпараттық тұрғыда қолдау бойынша шараларын тұжырымдауға уәкілетті.

      5. Үйлестірудің негізгі нысандары:

      1) қылмыстың және заңдылықтың жай-күйі туралы жедел және басқа да ақпараттармен өзара алмасу;

      2) қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күресті жандандыруға бағытталған үйлестірілген іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;

      3) жекелеген өңірлерде және тұтастай алғанда елімізде қылмыс пен құқықтық тәртіптің жай-күйін бірлесіп талқылау;

      4) ведомоствоаралық жұмыс топтар құру;

      5) қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруда тексеру жүргізу және жергілікті мемлекеттік органдарға практикалық көмек көрсету үшін республика өңірлеріне бірлесіп сапарға шығу;

      6) Үйлестіру кеңесінің отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау;

      7) бірлескен актілер шығару;

      8) қылмысқа қарсы күрестің проблемаларын талқылай отырып, баспасөз-конференцияларын, "дөңгелек үстелдерді" бірлесіп өткізу;

      9) қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін өзара пайдалану;

      10) қылмысқа қарсы күрес процесінде құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзара көмек көрсету;

      11) тәжірибе арқылы қалыптасқан және Үйлестіру кеңесі туралы осы ережеге қайшы келмейтін үйлестірудің өзге де нысандарын пайдалану.

      Үйлестіру қызметінің аталған және өзге нысандарын таңдауды нақты мән-жайды ескере отырып, оның қатысушылары айқындайды.

3. Үйлестіру кеңесінің құрамы

      6. Үйлестіру кеңесі қызметіне жетекшілік ететін төраға Үйлестіру кеңесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметі бойынша оның төрағасы болып табылады.

      Төраға:

      1) Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық жасайды;

      2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Үйлестіру кеңесі жұмысының келісілген жоспарын бекітеді;

      4) Үйлестіру кеңесінің шешімін орындау мәселелері бойынша хатшылықтың есебін тыңдайды;

      5) аумақтық үйлестіру кеңестері мен олардың құрамдары туралы ережелерін бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының Президентін Үйлестіру кеңесінің жұмысы туралы хабардар етеді.

      7. Үйлестіру кеңесі тұрақты мүшелерден және уақытша өкілеттіктер берілген мүшелерден тұрады.

      Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;

      Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

      Үйлестіру кеңесінің уақытша өкілеттіктер берілген мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.

      Үйлестіру кеңесінің уақытша өкілеттіктер берілген мүшелері шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болады және қаралатын мәселенің сипатына қарай отырыстарға қатысады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

      8. Төраға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қызметкерлерінің ішінен Үйлестіру кеңесінің хатшысын (бұдан әрі - хатшы) тағайындайды, ол Үйлестіру кеңесінің хатшылығына (бұдан әрі - хатшылық) басшылық жасайды.

      Хатшы өз құзыретінің мәселелері бойынша төрағаға тікелей бағынады және есеп береді.

      Хатшылықтың құрамына басшылары Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын мемлекеттік органдардың бір-бір қызметкерлері кіреді.

      Хатшылық Үйлестіру кеңесінің тиісті жұмысын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

      1) Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын қалыптастырады;

      2) Үйлестіру кеңесінің мүшелерін отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;

      3) отырыстың қарауына енгізілетін материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады және бақылайды;

      4) отырыстың хаттамасын ресімдейді;

      5) Үйлестіру кеңесінің шешімін орындауды ұйымдастырады және бақылайды;

      6) Үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзге де қажетті шараларды орындайды.

      Аталған іс-шараларды мемлекеттік органдарда орындауды осы органнан хатшылық құрамына кіретін қызметкер ұйымдастырады және бақылайды.

      Хатшылық өз өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органның орындаушыларынан тиісті материалдарды талап етуге құқылы.

      Хатшылыққа аумақтық үйлестіру кеңестерінің қызметін бақылау жүктеледі.

4. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

      9. Үйлестіру кеңесінің жұмысы бірлесіп қабылдаған жартыжылдық жұмыс жоспарынан тұрады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарына беретін ұсыныстарын төрағаның атына ұсынады.

      Хатшы келіп түскен ұсыныстар негізінде Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді және қол қою үшін төрағаға ұсынады.

      Жедел мән-жайлардың өзгеруіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмаларын орындау үшін Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін, ол туралы Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне хабардар етіледі.

      Үйлестіру кеңесінің қажетті шаралар бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет, оның төрағасы шақырады және Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері санының үштен екісі қатысқан кезде құқылы болады.

      Үйлестіру кеңесі мүшелерінің бастамасы бойынша жоспардан тыс мәселелер қаралатын кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін.

      Отырыстың күн тәртібі, күні, уақыты және өткізілетін орны Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен келісіледі.

      Шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Төраға немесе Үйлестіру кеңесінің басқа да мүшелері болмаған жағдайда, оның отырысын олардың міндеттерін орындаушы адамдар құрамы өткізеді.

      10. Үйлестіру кеңесінің қарауына арналған материалдарды әзірлеуді жұмыс жоспарында бірінші көрсетілген мемлекеттік орган жүзеге асырады. Іс-шараларды тең орындаушылар жауапты орындаушыға жиынтық анықтаманы дайындау үшін қажетті материалдарды ұсынады.

      Көлемі сегіз парақ болатын анықтамалар және басқа да құжаттар мен шақырылатын адамдардың тізімі хатшыға отырыс өтетін күнге дейінгі күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей беріледі.

      Үйлестіру кенесінің мүшелері материалдарды әзірлеу және Үйлестіру кеңесінің хаттамаларын орындау шеңберінде Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне ақпараттар, материалдар және осы органдардың құзыреттеріне кіретін мәселелер бойынша өзге де талдау құжаттарын ұсыну туралы сауал жолдай алады.

      Хатшы отырыста қаралуға тиіс материалдардың толықтығы мен сапасын тексереді және төрағаға баяндайды. Тиісінше әзірленбеген материалдарды төраға пысықтау үшін кері қайтарады.

      Мәселені әзірлеген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары құжаттарды пысықтайды және хатшыға күнтізбелік үш күн ішінде ұсынады.

      Хатшы ұсынылған материалдар негізінде күн тәртібін дайындайды, оны төраға бекіткен соң отырыс басталғанға дейінгі күнтізбелік үш күннен кешіктірмей барлық қажетті құжаттарды қоса отырып, Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жібереді.

      Отырысқа шақырылған адамдардың келуін қамтамасыз етуді, оларды тиісті құжаттармен таныстыруды, тиісті мәселені әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның хатшылық қызметкері жүзеге асырады.

      11. Талқылаудың нәтижелері және Үйлестіру кеңесі қабылдаған шешімдер отырыс хаттамасына (бұдан әрі - хаттама) енгізіледі, ол отырыс өткізілген соң бес жұмыс күні ішінде ресімделеді және қол қою үшін төрағаға ұсынылады.

      Шешім жобасы Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен келісіледі, ескертпелер мен толықтырулар болған жағдайда хатшылық пысықтайды.

      Қол қойылған хаттаманы хатшылық оған қол қойылғаннан кейінгі екі жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жолдайды.

      Үйлестіру кеңесі хаттамасының орындалғаны туралы хатшыға хабарланады, ол келіп түскен материалдарды талдау нәтижелері бойынша төрағаға баяндайды.

      Мемлекеттік органдарда хаттаманың орындалуын бақылауды хатшылықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

      Егер хаттамада жазылған шешімді орындауға бірнеше мемлекеттік орган қатысатын болса, ұйымдық қамтамасыз ету бірінші көрсетілген органға жүктеледі. Іс-шараларды тең орындаушылар жауапты орындаушыға қажетті материалдарды іс-шараны орындаудың белгіленген мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынуы керек.

      Үйлестіру кеңесінің шешімі қатысушы-мемлекеттік органдармен бірлескен, ведомстволық құқықтық актілерді шығару және (немесе) тиісті іс-шараларды жүзеге асыру арқылы орындалады.

      12. Үйлестіру кеңесінің отырыстарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, соттар мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.

      Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысушы өзге мемлекеттік органдардың өкілдері өздерінің құзырына жататын күн тәртібі мәселесі бойынша талқылауға және шешім әзірлеуге қатыса алады, үйлестіру ұсыныстарды келісілген тәртіпте енгізуге, құжаттардың жобаларын және талқылау мен бірлесіп шешім қабылдауды талап ететін өзге де материалдарды енгізе алады, жұмыс топтарының құрамына кіре алады және өзге де үйлестіру іс-шараларына қатыса алады.

      Үйлестіру кеңесі мен өзге мемлекеттік органдардың өзара қатынасы қызметтің нақты саласындағы қылмысқа қарсы күрестің бағытын айқындау шеңберіндегі өзара іс-қимылға негізделеді.

5. Соттармен өзара іс-қимыл

      13. Үйлестіру кеңесі қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі үйлестіру қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында соттардың тәуелсіздігі, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттың қызметіне араласпаушылық қағидатын ұстана отырып, соттармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      Өзара іс-қимыл мынадай нысандарда:

      1) қылмыстың және соттылықтың жай-күйі туралы өзара хабарлау;

      2) қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шараларды әзірлеген кезде сот статистикасы мен сот практикасы материалдарының деректерін пайдалану;

      3) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде бірлесіп жұмыс істеу;

      4) бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу, кадрлардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысқа қатысу;

      5) бірлескен ақпараттық хаттарды, анықтамаларды, шолуларды жолдау;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда жүргізіледі.

6. Өзге де ережелер

      14. Облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлардың төрағалық етуімен осыған ұқсас міндеттері мен функциялары бар үйлестіру кеңестері құрылады.

      Осы ереже аумақтық үйлестіру кеңестерінің ережелерін әзірлеген кезде үлгі құжат болып табылады.

      Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың үйлестіру қызметтері үйлестіру кеңестерін құрмастан, ведомствоаралық жиналыстар арқылы жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью

Указ Президента Республики Казахстан от 2 мая 2011 года № 68. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 30 мая 2023 года № 238.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 30.05.2023 № 238.

      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов

      Президента и Правительства

      Республики Казахстан

      В соответствии со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 30 июня 2017 года "О прокуратуре" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции Указа Президента РК от 13.10.2017 № 563.

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

     
      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2 мая 2011 года № 68

ПОЛОЖЕНИЕ
о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению
законности, правопорядка и борьбы с преступностью

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью (далее - Координационный совет) разработано на основании статьи 20 Закона Республики Казахстан от 30 июня 2017 года "О прокуратуре".

      Координационный совет является консультативно-совещательным органом, образуемым в целях координации и повышения эффективности деятельности государственных органов в обеспечении законности и правопорядка в Республике Казахстан, в том числе для объединения усилий и взаимодействия правоохранительных органов, осуществляющих оперативно-розыскную деятельность, дознание и следствие в борьбе с преступностью.

      Правовую основу деятельности Координационного совета составляют Конституция Республики Казахстан, законы, акты Президента Республики Казахстан и иные нормативные правовые акты, а также настоящее Положение.

      Координация осуществляется на основе: соблюдения законности; единства целей и задач по усилению борьбы с преступностью, объединения усилий государственных органов по укреплению законности и правопорядка; равенства каждого ведомства в постановке вопросов, внесении предложений и принятии решений; невмешательства в организационно-распорядительную деятельность государственного органа при реализации согласованных мероприятий и рекомендаций; установления единого подхода к решению сложных правовых проблем; устранения дублирования в работе и ведомственного подхода при решении возникающих вопросов; гласности, не противоречащей требованиям законодательства о защите прав и свобод человека и гражданина, о государственной и иной охраняемой законом тайне; ответственности руководителя каждого государственного органа за выполнение согласованных решений Координационного совета.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 13.10.2017 № 563.

2. Задачи, функции и полномочия
Координационного совета

      2. Основными задачами Координационного совета являются:

      1) координация деятельности правоохранительных и иных государственных органов в защите прав и свобод граждан, укреплении законности и правопорядка, а также в борьбе с преступностью;

      2) выработка согласованных предложений и действий, направленных на повышение эффективности правоохранительной деятельности, совершенствованию ее правового регулирования;

      3) определение основных направлений борьбы с преступностью на основе анализа и обсуждения состояния преступности, ее структуры и динамики, а также прогнозирование тенденций развития преступности и иных правонарушений.

      3. В соответствии с основными задачами на Координационный совет возлагаются следующие функции:

      1) выработка стратегии борьбы с преступностью и правонарушениями, привлечение к этой работе государственных органов, общественных организаций и средств массовой информации. Определение основных приоритетов в работе системы правоохранительных органов, регионов с наиболее неблагополучной криминогенной обстановкой, реализация комплекса мер по профилактике и предупреждению преступлений в этих регионах и в целом по стране;

      2) использование по согласованию функциональных возможностей и материально-технической базы как непосредственно правоохранительных органов, так и других государственных органов, вовлекаемых в профилактическую работу по предупреждению преступности и правонарушений, в целях обеспечения эффективности реализации согласованных решений;

      3) анализ деятельности правоохранительных и иных государственных органов по защите конституционных прав и свобод граждан, интересов общества и государства, а также выполнения программ борьбы с преступностью;

      4) разработка, согласование и выполнение совместных мероприятий по борьбе с наиболее опасными и распространенными преступными посягательствами, деятельностью организованных групп и преступных сообществ (преступных организаций);

      5) изучение практики выявления, расследования, раскрытия, предупреждения и пресечения преступлений;

      6) формирование единообразной практики применения законодательства, направленного на борьбу с преступностью и другими правонарушениями. Выработка и внесение предложений о совершенствовании законодательства, направленных на укрепление законности и правопорядка Президенту Республики Казахстан, в Парламент Республики Казахстан и Правительство Республики Казахстан;

      7) взаимодействие с Советом безопасности Республики Казахстан, реализация его поручений по вопросам координации деятельности правоохранительных органов;

      8) сотрудничество в разработке и согласованном осуществлении мер подготовки и повышения квалификации кадров.

      4. В целях выполнения возложенных задач Координационный совет уполномочен:

      1) созывать и проводить заседания Координационного совета с приглашением для участия в его работе руководителей и иных должностных лиц государственных органов и общественных организаций;

      2) обсуждать на заседаниях совета итоги работы правоохранительных и иных государственных органов по защите прав и свобод граждан, интересов общества и государства;

      3) давать рекомендации членам Координационного совета и государственным органам по совершенствованию методики и практики обеспечения законности, правопорядка и борьбы с преступностью, а также по устранению имеющихся недостатков в работе;

      4) вносить предложения в государственные органы по организационному и финансовому обеспечению актуальных и неотложных профилактических мероприятий;

      5) вносить предложения в государственные органы по совершенствованию законодательства;

      6) рассматривать вопросы и вырабатывать меры по государственной информационной поддержке перспективных методов профилактики преступности и правонарушений.

      5. Основные формы координации:

      1) взаимный обмен оперативной и другой информацией о состоянии преступности и законности;

      2) планирование и реализация скоординированных мероприятий, направленных на активизацию борьбы с преступностью и правонарушениями;

      3) совместное обсуждение состояния преступности и правопорядка в отдельных регионах и в целом по стране;

      4) создание межведомственных рабочих групп;

      5) совместные выезды в регионы республики для проведения проверки и оказания практической помощи местным государственным органам в организации борьбы с преступностью;

      6) заслушивание на заседаниях Координационного совета отчетов должностных лиц правоохранительных и других государственных органов о проводимой работе по предупреждению преступности и правонарушений;

      7) издание совместных актов;

      8) совместное проведение пресс-конференций, "круглых столов" с обсуждением проблем борьбы с преступностью;

      9) взаимное использование возможностей правоохранительных и иных государственных органов для повышения квалификации работников;

      10) оказание взаимной помощи в обеспечении собственной безопасности правоохранительных органов в процессе борьбы с преступностью;

      11) использование иных форм координации, выработанных практикой и не противоречащих настоящему Положению о Координационном совете.

      Выбор названных и иных форм координационной деятельности определяется ее участниками исходя из конкретной обстановки.

3. Состав Координационного совета

      6. Координационный совет возглавляется председателем, который руководит деятельностью Координационного совета. Председателем является Генеральный прокурор Республики Казахстан по должности.

      Председатель:

      1) руководит деятельностью Координационного совета;

      2) председательствует на его заседаниях;

      3) утверждает согласованный план работы Координационного совета;

      4) заслушивает отчет секретариата по вопросам исполнения решений Координационного совета;

      5) утверждает положения о территориальных координационных советах и их состав;

      6) информирует Президента Республики Казахстан о работе Координационного совета.

      7. Координационный совет состоит из постоянных членов и членов с временно делегированными полномочиями.

      Постоянные члены Координационного совета:

      Генеральный прокурор Республики Казахстан;

      Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      Председатель Высшей аудиторской палаты;

      Председатель Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы);

      Министр внутренних дел Республики Казахстан;

      Министр юстиции Республики Казахстан.

      Члены Координационного совета с временно делегированными полномочиями:

      Председатель Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      Члены Координационного совета с временно делегированными полномочиями обладают правом голоса при принятии решений и участвуют в заседаниях в зависимости от характера рассматриваемого вопроса.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции Указа Президента РК от 26.11.2022 № 5.

      8. Председатель из числа сотрудников Генеральной прокуратуры Республики Казахстан назначает секретаря Координационного совета (далее - секретарь), который руководит секретариатом Координационного совета (далее - секретариат).

      По вопросам своей компетенции секретарь непосредственно подчинен и подотчетен председателю.

      В состав секретариата входит по одному сотруднику государственного органа, руководитель которого является постоянным членом Координационного совета.

      Секретариат обеспечивает надлежащую работу Координационного совета, в частности:

      1) формирует план работы Координационного совета;

      2) информирует членов Координационного совета о дате, времени и месте проведения заседания;

      3) организует и контролирует подготовку материалов, выносимых на рассмотрение заседания;

      4) оформляет протокол заседания;

      5) организует и контролирует исполнение решений Координационного совета;

      6) выполняет и иные необходимые меры для обеспечения эффективности работы Координационного совета.

      Исполнение указанных мероприятий в государственных органах организовывает и контролирует сотрудник, входящий в состав секретариата от данного органа.

      Секретариат в рамках осуществления своих полномочий вправе истребовать от исполнителей государственного органа соответствующие материалы.

      На секретариат возлагается контроль за деятельностью территориальных координационных советов.

4. Организация работы Координационного совета

      9. Работа Координационного совета строится на основе совместно принятых полугодовых планов работы. Предложения в планы работы представляются членами Координационного совета на имя председателя.

      Секретарь на основании поступивших предложений готовит проект плана работы Координационного совета и предоставляет на подпись председателю.

      В связи с изменением оперативной обстановки, а также во исполнение поручений Президента Республики Казахстан, руководства Администрации Президента Республики Казахстан и Совета Безопасности Республики Казахстан в план работы Координационного совета могут вноситься корректировки с уведомлением об этом членов Координационного совета.

      Координационный совет созывается его председателем по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал, и правомочен при кворуме не менее двух третей от числа постоянных членов Координационного совета.

      По инициативе членов Координационного совета могут созываться внеочередные заседания, на рассмотрение которых выносятся внеплановые вопросы.

      Повестка заседания, дата, время и место проведения заседания согласовываются с членами Координационного совета.

      Решения принимаются простым большинством голосов. При равенстве голосов членов Координационного совета голос председательствующего является решающим.

      В случае отсутствия председателя или других членов Координационного совета его заседание проводится в составе лиц, исполняющих их обязанности.

      10. Подготовка материалов на рассмотрение Координационного совета осуществляется государственным органом, указанным в плане работы первым. Соисполнители мероприятий предоставляют ответственному исполнителю необходимые материалы для составления сводной справки.

      Справки объемом до восьми страниц, иные материалы и список приглашаемых лиц передаются секретарю не позднее, чем за двадцать календарных дней до дня заседания.

      Члены Координационного совета в рамках подготовки материалов и исполнения протоколов Координационного совета могут направлять членам Координационного совета запросы о предоставлении информации, материалов и иных аналитических документов по вопросам, входящим в компетенцию этих органов.

      Секретарь проверяет полноту и качество материалов, подлежащих рассмотрению на заседании, и докладывает председателю. Материалы, подготовленные ненадлежащим образом, председателем возвращаются на доработку.

      Документы дорабатываются должностными лицами государственных органов, подготовивших вопрос, и представляются секретарю в течение трех календарных дней.

      На основе представленных материалов секретарем готовится повестка заседания, которая после утверждения председателем, не позднее чем за три календарных дня до начала заседания, с приложением всех необходимых документов направляется членам Координационного совета.

      Обеспечение явки приглашенных на заседание лиц, ознакомление их с соответствующими документами осуществляется сотрудником секретариата от государственного органа, ответственного за подготовку вопроса.

      11. Результаты обсуждения и принятые решения Координационного совета заносятся в протокол заседания (далее - протокол), который оформляется в течение пяти рабочих дней после проведенного заседания и представляется на подпись председателю.

      Проект решения согласовывается с членами Координационного совета, при наличии замечаний и дополнений дорабатывается секретариатом.

      Подписанный протокол направляется секретариатом членам Координационного совета в течение двух рабочих дней после его подписания.

      Об исполнении протокола Координационного совета сообщается секретарю, который по результатам анализа поступивших материалов докладывает председателю.

      Контроль за исполнением протокола в государственных органах осуществляется сотрудниками секретариата.

      Если в исполнении решения, изложенного в протоколе, участвуют несколько государственных органов, организационное обеспечение возлагается на орган, указанный первым. Соисполнителям мероприятий следует предоставлять ответственному исполнителю необходимые материалы не менее чем за пять календарных дней до истечения установленного срока исполнения мероприятия.

      Решения Координационного совета исполняются государственными органами-участниками путем издания совместных, ведомственных правовых актов и (или) осуществления соответствующих мероприятий.

      12. На заседаниях Координационного совета могут принимать участие представители Администрации Президента Республики Казахстан, Совета Безопасности Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, центральных государственных органов, судов и иных государственных органов.

      Представители иных органов, участвующих в работе Координационного совета, могут участвовать в обсуждении и выработке решения по вопросу повестки, относящемуся к их ведению, вносить в согласованном порядке предложения, проекты документов и иные материалы, требующие обсуждения и принятия совместного решения, входить в состав рабочих групп и принимать участие в иных координационных мероприятиях.

      Взаимоотношения Координационного совета и иных государственных органов основываются на взаимодействии в рамках определения направления борьбы с преступностью в конкретной сфере деятельности.

5. Взаимодействие с судами

      13. Координационным советом в целях повышения эффективности координации деятельности по вопросам борьбы с преступностью и правонарушениями осуществляется взаимодействие с судами с соблюдением принципов независимости судей, невмешательство в деятельность суда по отправлению правосудия.

      Взаимодействие проводится в следующих формах:

      1) взаимное информирование о состоянии преступности и судимости;

      2) использование данных судебной статистики и материалов судебной практики при разработке мер по усилению борьбы с преступностью и правонарушениями;

      3) совместная работа по подготовке нормативных правовых актов;

      4) проведение совместных семинаров и конференций, участие в работе по повышению квалификации кадров;

      5) подготовка совместных информационных писем, справок, обзоров;

      6) и иных формах, не противоречащих действующему законодательству Республики Казахстан.

6. Иные положения

      14. Под председательством прокуроров областей и приравненных к ним прокуроров создаются координационные советы с аналогичными задачами и функциями.

      Настоящее Положение является типовым документом при подготовке положений о территориальных координационных советах.

      Координирующая деятельность городских, районных и приравненных к ним прокуроров осуществляется через межведомственные совещания, без образования координационных советов.