Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2022 жылғы 26 қарашадағы
№ 5 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

      2. Жоғары аудиторлық палата өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, өзінің туы, логотипі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Жоғары аудиторлық палата азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға осыған уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Жоғары аудиторлық палата өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, егер мұндай шешімді қабылдау осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында Жоғары аудиторлық палата Төрағасының құзыретіне жатқызылған болса, Жоғары аудиторлық палата Төрағасының қаулылары, нормативтік қаулылары немесе бұйрықтары түрінде шешім қабылдайды.

      7. Жоғары аудиторлық палатаның құрылымын Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы, мүшелері және аппараты құрайды. Жоғары аудиторлық палатаның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      8. Жоғары аудиторлық палатаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.

      9. Осы Ереже Жоғары аудиторлық палатаның құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Жоғары аудиторлық палатаның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Жоғары аудиторлық палатаның кәсіпкерлік субъектілерімен Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Жоғары аудиторлық палатаға кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Жоғары аудиторлық палатаның міндеттері – халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      бюджет саясатын іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсыну;

      сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдау;

      құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұрату және талдау әрі мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар беру;

      бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы және мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру;

      орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіру;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға (босатуға) ұсыну енгізу;

      барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;

      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;

      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;

      мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тарту;

      Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және келісу;

      сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдау;

      құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыру;

      Жоғары аудиторлық палата қабылдаған актілердің мерзімді жинақтарын, бюллетеньдерді, журналдарды және басқа да басылымдарды шығару;

      басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және халықаралық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу, бірлескен, қатар тексерулер және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге қатысу, көрсетілген халықаралық бірлестіктердің құрамына кіру;

      Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу.

      Мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін хабардар ете отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады;

      заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарау;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жекелеген тапсырмаларын орындау;

      тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы жыл сайынғы ақпарат, Қазақстан Республикасының Парламентіне – өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есеп ұсыну;

      мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;

      берілген өкілеттіктер шегінде экономикалық қауіпсіздіктің тәуекелдерін талдау және анықтау жөнінде шаралар қабылдау;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді және нұсқамаларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талап қоюды беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асыру;

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастыру;

      Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ұсынылатын тоқсан сайынғы ақпарат шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларына қайта қарауды жүргізу туралы хабарлау.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.08.2023 № 313 Жарлығымен.

      14. Жоғары аудиторлық палатаның функциялары:

      1) мыналардың:

      өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) қызметінің;

      республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың;

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын іске асырудың;

      квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің;

      мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың;

      байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекеттің активтерін пайдаланудың;

      мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;

      салықтық және кедендік әкімшілендірудің;

      мынадай:

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

      ақпараттық технологиялар саласындағы шарттардың тиімділігіне аудит жүргізуді жүзеге асырады;

      2) мыналарға:

      мемлекеттік аудит объектілерінің республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметіне;

      мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті жасауының анықтығына және дұрыстығына;

      мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарттар талаптарын орындауына;

      республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына;

      мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;

      республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға;

      Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің пайдаланылуына, зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарылуына;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануына сәйкестік аудитін жүргізуді жүзеге асырады;

      3) республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;

      4) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізу;

      5) республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау қағидаларын әзірлеу;

      6) мыналарды:

      мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша қабылданатын құжаттардың нысандарын, Жоғары аудиторлық палата мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) тиісті құжаттарда пайдаланылатын логотиптерін де қамтитын сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын;

      мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін;

      тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені;

      сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын;

      сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту қағидаларын;

      Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын;

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережені;

      сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдарының тізбесін;

      мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылықтардың сыныптауышын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша;

      мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша;

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша;

      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнаулы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнаулы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну қағидаларын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша;

      мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп;

      мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп;

      тәуекелдерді басқару жүйесіне белгіленетін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмыскерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп;

      Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп;

      салық құпиясын құрайтын берілетін мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп әзірлеу және бекіту;

      7) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;

      8) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қабылдайтын құқықтық актілерді келісу;

      9) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;

      10) республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру;

      11) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмыскерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      12) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

      13) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізу, әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламаларын іске асыру;

      14) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіру;

      15) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқордың дамытылуын, жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      16) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;

      17) тексеру комиссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізу;

      18) республикалық бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      19) шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорыту;

      20) тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсету;

      21) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу;

      22) жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын талдау, бюджеттің атқарылуы, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорыту және зерттеу;

      23) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды әкімшілендіру;

      24) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

      25) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін және оған өзгерістерді келісу;

      26) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

      27) алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау түрінде сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      28) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      29) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.08.2023 № 313 Жарлығымен.

3-тарау. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының және мүшелерінің мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Жоғары аудиторлық палатаға басшылықты Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы жүзеге асырады, ол Жоғары аудиторлық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Жоғары аудиторлық палатаның жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, оның ішінде сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша бекітеді;

      2) Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің өкілеттіктерін айқындайды, Жоғары аудиторлық палатаның лауазымды адамдарының арасында міндеттерді бөледі, Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің және оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады;

      3) бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын тексереді, Жоғары аудиторлық палатаның отырыстарында қабылданған қаулылар мен нормативтік қаулыларға қол қояды;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Жоғары аудиторлық палатаның жалпы штат саны және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымын бекітеді және штат кестесін келіседі;

      5) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін бекітеді;

      6) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит жоспарларын бекітеді;

      7) Жоғары аудиторлық палатаның мүшелеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге тапсырмалар береді, Жоғары аудиторлық палата аппаратының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата құзыретінің шегінде сараптамалық-талдау қызметін жүргізуге қатысуға құқылы жұмыскерлерінің тобын белгілейді;

      8) орналасу үшін мемлекеттік аудитордың біліктілігін куәландыратын сертификаты болуы қажет Жоғары аудиторлық палата лауазымдарының тізбесін бекітеді;

      9) мемлекеттік аудиторлар және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары өзінің қызметі барысында жасайтын құжаттарға тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты тексеру және (немесе) талдау жүргізу арқылы аудиторлық қызмет сапасының бақылануын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      10) еңбек қатынастары мәселелері Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысының құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Жоғары аудиторлық палата аппаратының жұмыскерлерін мемлекеттік лауазымға тағайындайды және мемлекеттік лауазымнан босатады;

      11) республикалық және шетелдік органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара қарым-қатынастарда Жоғары аудиторлық палатаның атынан өкілдік етеді;

      12) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші және консультативтік-сараптамалық органдар құрады;

      13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары алқаларының отырыстарына, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының тұрақты комитеттерінің кез келген, ашық, сондай-ақ жабық отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы;

      14) құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға құқылы;

      15) мемлекеттік аудит объектілерінен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді талап етеді және өзі белгілеген мерзімде алады;

      16) өзі уақытша болмаған жағдайда, Жоғары аудиторлық палата Төрағасының міндетін Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің біріне жүктейді;

      17) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;

      18) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесін басқарады;

      19) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      20) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдайды.

      19. Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің өкілеттіктері:

      1) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды, тексерілетін мемлекеттік аудит объектілерінің жұмыс істеуіне кедергі жасамауға және олардың ағымдағы шаруашылық қызметіне араласпауға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары алқаларының отырыстарына қатысуға құқылы;

      3) құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сондай-ақ сараптамалық-талдау қызметін жүргізу мәселелеріне қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізе алады;

      4) мемлекеттік аудит объектілерінен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді талап етеді және өздері белгілеген мерзімдерде алады, сондай-ақ сараптамалық-талдау қызметін жүргізуді талап етеді;

      5) өз құзыреті шегінде өздері жетекшілік ететін қызмет бағыттарының мәселелері бойынша дербес түрде шешімдер қабылдайды;

      6) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ сараптамалық-талдау қызметін жүргізуге қажетті ресурстардың көлемін анықтай отырып, өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит бағдарламаларын бекітеді;

      7) Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудиторларына тексерулер жүргізуге тапсырмалар береді;

      8) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды, Жоғары аудиторлық палатаның сараптамалық-талдау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      9) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды және сараптамалық-талдау қызметін кедергісіз жүргізуді қамтамасыз етеді;

      10) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының тұрақты комитеттерінің кез келген, ашық, сондай-ақ жабық отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы;

      11) бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңға сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелеріне бақылау жүргізуді ұйымдастырады;

      12) тексеру комиссияларының, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізуді ұйымдастырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.08.2023 № 313 Жарлығымен.

      21. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін іске асыру үшін мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша құжаттар қабылдайды.

      22. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелеріне Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын куәліктер беріледі.

      23. Жоғары аудиторлық палатаның аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның мүлкі

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Жоғары аудиторлық палатаның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жоғары аудиторлық палатаның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      25. Жоғары аудиторлық палатаға бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Жоғары аудиторлық палата өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

      27. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік қызметін көрсету жағдайлары бойынша – министрдің лауазымына, ал Жоғары аудиторлық палата мүшесінің лауазымы вице-министрдің лауазымына теңестіріледі.

      28. Жоғары аудиторлық палатаның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оған көлік қызметін көрсету республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

5-тарау. Жоғары аудиторлық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Жоғары аудиторлық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғары аудиторлық палатаның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2022 жылғы 26 қарашадағы
№ 5 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына:

      "

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты

183

  ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппараты

183

  ".

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламенті Палаталары төрағаларының, Мемлекеттік еңесшісінің, Президенті Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрі орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің, Парламент депутаттарының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Парламент Палаталары аппараттары басшыларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент Палаталарының аппараттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;";

      15-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, Ұлттық Банкі, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғары аудиторлық палатасы төрағаларының, Іс Басқарушының, астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстар әкімдерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палатасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппараты басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі – қызмет көрсетілетін адамдар) қызметін көліктік және медициналық қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Парламент Палаталарының төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі өткізетін кеңестерді, конференциялар мен басқа да арнаулы іс-шараларды қаржыландыру, материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз ету мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларды ақпараттық қолдау;".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы – Комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі – хатшысы болып табылады.

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.

      Комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы".

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің құрамында (қызметі бойынша):

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы".

      5. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері";

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналарға:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне;

      министрліктерге және өзге де орталық атқарушы органдарға;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдеріне;

      сот төрелігін жүзеге асыруға, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше – Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке); Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);

      судья лауазымына кандидаттарды іріктеуге байланысты емес мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Жоғары аудиторлық палатасына, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға тапсырма беруге;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы".

      7. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      10-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шағымдану рәсімінен кейін операциялық бағалауға уәкілетті органдардың операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына;

      4) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының операциялық бағалаудың барлық блоктары бойынша қорытындыларды Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс органына;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Операциялық бағалау жүргізу кестесін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әзірлейді және ол операциялық бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүзеге асырады.

      Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы Жүйенің 18-тармағында көрсетілген операциялық бағалаудың әрбір блогы бойынша операциялық бағалауға уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен, сондай-ақ Комиссияның жұмыс органымен келісілген, операциялық бағалау өлшемшарттары мен көрсеткіштері айқындалатын тиісті әдістемелерді әзірлеп, бекітеді.";

      24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуі бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлігінде;";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Операциялық бағалау бойынша, мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша әдістемені әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде қайта тексерілуге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп жүзеге асырады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Операциялық бағалау жүргізу кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті органдар тиісті блоктар бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына және бағаланатын мемлекеттік органдарға ұсынады.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Операциялық бағалау жүргізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы бағаланатын мемлекеттік органдардың қызметін операциялық бағалаудың барлық блоктары бойынша қорытындыларды Комиссияның жұмыс органына енгізеді.

      49. Операциялық бағалаудың тиісті блоктары бойынша қорытындылардың нысандарын Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша айқындайды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Операциялық бағалау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құпиялылық режимінің, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, Комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша операциялық бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың қызметін операциялық бағалаудың интернет-порталында және "www.bagalau.kz" сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Нәтижелілікті бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан сүйемелдеуді Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы тиімділікті зерттеу, талдау және бағалау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.

      Нәтижелілікке жыл сайынғы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды нәтижелілікті бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі".

      8. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымшада:

      20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

Қарыз туралы шартты іске асыру тиімділігін талдау:
1) қарыз туралы шартты іске асыру барысының тиімділігін ішкі бағалау (әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады);
2) қарыз туралы шартты іске асыру барысының тиімділігін сыртқы бағалау (уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады);
3) қарыз туралы шартты іске асыру барысының тиімділігін сыртқы бағалау (Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүзеге асырады)


  ".

      9. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.05.2023 № 238 Жарлығымен.

      10. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:

      "Медальдар:" деген бөлімде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы:

      "Қаржы сақшысы".";

      "Төсбелгілер:" деген бөлімде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы:

      1) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері";

      2) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі".";

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің медалі" деген бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының медалі";

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төсбелгілері" деген бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төсбелгілері";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. "Қаржы сақшысы" медалімен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс істеген Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жоғары органының рөлін нығайтуға ықпал ететін жоғары жетістіктері үшін, қаржылық бұзушылықтардың алдын алудағы, жолын кесудегі және (немесе) анықтаудағы белсенді қызметі үшін, мінсіз қызметі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы қызметінің нәтижесіне және оның имиджін көтеруге қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.";

      56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында кемінде 10 жыл ұзақ әрі мінсіз қызмет атқарғаны үшін марапатталады.

      57. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі" төсбелгісімен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында кемінде 5 жыл, соның ішінде атқарып отырған лауазымында кемінде 1 жыл мінсіз жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жоғары органының функцияларын іске асырудың жаңа нысандарын, әдістері мен тәсілдерін дамытуда және енгізуде қол жеткізген табыстары үшін марапатталады.".

      11. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1-тарау. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тарауда:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелері";

      "2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "А" корпусы" деген бөлімнің 1-санаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

      Орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы";

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі".

      12. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;".

      13. "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары басқарылуын олардың өздері заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, қажетті және жеткілікті еңбек, қаржы және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қаржылық қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.".

      14. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары тағайындайтын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары тағайындайтын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  ".

      15. "Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      16. "Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.";

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің антын Қазақстан Республикасының Президенті өзі қабылдайды.".

      17. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы рейтинг өткізуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы".

      18. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.07.2024 № 611 Жарлығымен.

      19. "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үрдістері мен пайымы" деген 4-бөлімде:

      "Тексеру комиссияларының қызметін күшейту" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру комиссияларының қызметін күшейту

      Тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит органдары ретіндегі мәртебесі едәуір арттырылды, ал олардың өкілеттіктері мен функциялары айтарлықтай кеңейді. Қазіргі уақытта тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын дербес мемлекеттік органдар болып табылады.

      Тексеру комиссияларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамту мәселесінде қаржылық дербестікті қамтамасыз ету үшін оларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасын (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бейінді комитеттері арқылы қаржыландыру тәртібіне ұқсас мәслихаттың тұрақты комиссиясы арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін қолдану ұсынылады.

      Сонымен қатар, тексеру комиссиялары мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында мәслихат тексеру комиссияларының мүшелерін тағайындауды тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары аудиторлық палатамен келісе отырып, жүзеге асыратын болады.

      Мемлекеттік бақылау органдарының жеделдігін арттыру үшін мемлекеттік аудиторларға басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік беру де қажет.

      Ауылдық округ әкімі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тексеру комиссиялары көшпелі/онлайн-отырыстарды жүзеге асыра отырып, Кеңеске аудиторлық тексерудің қорытындыларын ұсынатын болады.

      Аудиторлық тексерулердің қорытындылары бойынша әкімнің халықпен, оның ішінде тексеру комиссиялары төрағасының немесе мүшелерінің қатысуымен есеп беру кездесулері өткізілетін болады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      мына:

      "

3.

Тексеру комиссияларының қызметін:
оларды мәслихаттың тұрақты комиссиясы арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін қолдану;
мәслихаттың тексеру комиссияларының мүшелерін тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы және Есеп комитетімен келісу бойынша тағайындауы арқылы күшейту

заң жобасы

ЕК, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 жылғы ақпан

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Тексеру комиссияларының қызметін:
оларды мәслихаттың тұрақты комиссиясы арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін қолдану;
мәслихаттың тексеру комиссияларының мүшелерін тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы және Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша тағайындауы арқылы күшейту

заң жобасы

ЖАП, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 жылғы желтоқсан

  ";

      Ескертпеде:

      "ЕК – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы".

      20. "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      мына:

      "

22.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін, оның ішінде оңтайландыру, қайталануды болдырмау және тәуелсіздікті қамтамасыз ету жолымен жетілдіру

Заң жобасы

2026 жылғы І тоқсан

ЕК, Қаржымині

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін, оның ішінде оңтайландыру, қайталануды болдырмау және тәуелсіздікті қамтамасыз ету жолымен жетілдіру

Заң жобасы

2026 жылғы І тоқсан

ЖАП, Қаржымині

  ";

      Ескертпеде:

      "ЕК – Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы".

      21. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "5.4.3. Бюджет шығыстарының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру" деген кiшi бөлiмде:

      "Бағалау мерзімдерін бюджеттік жоспарлаумен үйлестіре отырып, мемлекеттік орғандардың қызметін бағалау жүйесін жетілдіру" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалау мерзімдерін бюджеттік жоспарлаумен үйлестіре отырып, мемлекеттік орғандардың қызметін бағалау жүйесін жетілдіру

      Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін, бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру, бюджет қаражатының нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту мақсатында бюджеттік жоспарлауда шешімдер қабылдау кезінде бюджет шығыстарын қол жеткізілген нәтижеге қарай жоспарлау қағидатын енгізе отырып, бағалау нәтижелерінің қолданылуын жақсарту қажет.

      Өткен жылғы бюджеттік инвестицияларды бағалау, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері жоспарлы кезеңге арналған бюджетті әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.

      Бұл міндетті іске асыру үшін бағалаудың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру мерзімдерін бюджетті қалыптастыру және ресурстарды бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдау процестерімен үйлестіру қажет.

      Сонымен бірге мемлекеттік органдар қызметінің, мемлекеттік мүлікті басқарудың, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелері азаматтық қоғам мен өкілді органдарға қолжетімді болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізетін бағалаудың нәтижелері Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепке қорытындылардың қүрамына енгізілуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылуға тиіс.

      Сонымен бірге 2025 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде инфрақұрылымдық жобаларды (құрылыс, реконструкциялау, жаңғырту) іске асыруға, бюджеттік бағдарламаларды іске асырумен және бюджет қаражатымен өзара байланыста даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын бюджет шығыстары бойынша жылдық талдамалық есептің құрамына қосып, оны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастыру қажет.

      Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелері қоғамдық кеңестердің отырыстарында, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен мәслихаттарда белсенді түрде талқылануға және республикалық және жергілікті бюджеттер туралы ақпараттың құрамына енгізілуге тиіс.

      Нәтижелерді бағалау бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі тұжырымдарды ғана емес, ұсынымдарды да қамтуға, сондай-ақ мемлекет ресурстарын неғұрлым тиімді бөлуге ықпал етуге тиіс.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі функцияларды бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу

өкім жобасы

2022 жылғы желтоқсан

ЖАП, ҰЭМ, Қаржыми-ні, ҰБ (келісу бойынша)

  ";

      20 және 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

Кейбір заңнамалық актілерге:
елдің халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етуді;
ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруді көздейтін өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2028 жылғы қаңтар

Үкімет, ҰЭМ, Қаржыми-ні, АҚДМ, ЖАП (келісу бойынша)

21.

Бюджет шығыстарының шолуын енгізу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

ПӘ-ге ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині,ЖАП (келісу бойынша)

  ";

      23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23.

Мемлекеттік мүлік сыныптамасын жетілдіру белігінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАП (келісу бойынша)

  ";

      39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39.

Мыналар бойынша нәтижелерді бағалау жүйесін кешенді жетілдіру:
бюджеттік жоспарлауда шешімдер қабылдау кезінде бағалау нәтижелерінің қолданылуын жақсарту;
бағалаудың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру мерзімдерін бюджетті қалыптастыру және ресурстарды бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдау процестерімен үйлестіру;
мемлекеттік органдар қызметінің, мемлекеттік мүлікті басқарудың, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелері азаматтық қоғам мен әкілді органдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
бағалау нәтижелерін Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепке қорытындылардың қүрамына енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет- ресурстарында орналастыру;
инфрақұрылымдық жобаларды (құрылыс, реконструкциялау, жаңғырту) іске асыруға, бюджеттік бағдарламаларды іске асырумен және бюджет қаражатымен өзара байланыста даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын бюджет шығыстары бойынша жылдық талдамалық есептің құрамына қосып, оны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастыру;
мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелері қоғамдық кеңестердің отырыстарында, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен мәслихаттарда талқылау және республикалық және оларды жергілікті бюджеттер туралы ақпараттың құрамына енгізу;
нәтижелерді бағалауға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ мемлекет ресурстарын неғұрлым тиімді бөлу жөніндегі ұсынымдарды қосу

ПӘ-ге ұсыныстар

2023 жылғы шілде

ЖАП, СЖРА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині

  ";

      41-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

41.

Бюджет процесінің:
оған азаматтық қоғам институттарын тартуды; қоғамдық бақылау рәсімдерін жетілдіруді; бюджет ресурстарын пайдалану жөніндегі шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін бере отырып, жұртшылықпен кері байланысты күшейтуді кездейтін ашықтығын арттыру

ПӘ-ге ұсыныстар

2023 жылғы шілде

Үкімет, АҚДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАП (келісу бойынша)

  ";

      Ескертпеде:

      "Есеп комитеті – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы".

      22. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкімінде:

      1-тармақта:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы, басшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы, басшы";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын.".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістерге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 388 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу ҚАҒИДАЛАРЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау (бұдан әрі – бюджет жобасын бағалау) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджет жобасын бағалау жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы (бұдан әрі – бюджет жобасы) көрсеткіштерінің негізділігіне, бюджет жобасын әзірлеу үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базаның бар-жоғы мен жеткілікті болуына талдау жүргізуді, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата әзірлеген ұсынымдары бар бюджет жобасын бағалау нәтижелерін (бұдан әрі – бағалау бойынша қорытынды) жасауды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынуды көздейді.

      3. Бюджет жобасына бағалау жүргізу кезінде Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (бұдан әрі – Бюджет кодексі), "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      4. Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері бюджет жобасын бағалау объектілері болып табылады.

      5. Шығыстардың негізгі бағыттары мемлекеттік басқару функцияларын орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, тұрақты сипатқа ие шығыстарды қоспағанда, Бюджет кодексінің 53-бабының 1-тармағында айқындалған шығыстар болып табылады.

      6. Бюджет жобасына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеуді Жоғары аудиторлық палата жыл сайын Жоғары аудиторлық палатаның өткен қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау және бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларда қамтылған ақпаратты ескере отырып жүзеге асырады.

      7. Бюджет жобасына бағалау жүргізу кезінде төмендегілермен шектелмей, негізгі дереккөздер (бұдан әрі – бағалау материалдары):

      1) нормативтік құқықтық актілер;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;

      3) орта мерзімді кезеңге арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері;

      5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы қорытынды;

      6) бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды;

      7) Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық деректер;

      8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері;

      9) Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері;

      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер;

      11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы;

      12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның даму жоспарларының жобаларын (даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын) және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері жөніндегі қорытындылары;

      13) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептілігі (республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер, республикалық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы есептер, бюджеттік мониторингтеу нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп және т.б.);

      14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палата берген тұжырымдар мен ұсынымдар;

      15) тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары;

      16) стандарттар, ережелер, әдістемелік ұсынымдар және құқық белгілейтін құжаттар (жарғылар, тіркеу туралы куәліктер);

      17) халыққа жүргізілген сауалнама нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың материалдары болып табылады.

2-тарау. Бюджет жобасын бағалаудың мақсаты, негізгі міндеттері және өлшемшарттары

      8. Бюджет жобасын бағалаудың мақсаты бюджет жобасының анықтығын және бюджет заңнамасының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткен қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палатаның берген тұжырымдары мен ұсынымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.

      9. Бюджет жобасына бағалау жүргізу кезіндегі негізгі міндеттер:

      1) бағалау бойынша негізделген және анық қорытындының Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне уақтылы ұсынылуын;

      2) бюджет жүйесі қағидаттарының (шынайылық, негізділік, нәтижелілік және тиімділік) сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

      10. Бюджет жобасын бағалау бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палатаның берген тұжырымдары мен ұсынымдарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.

      11. Бюджет жобасын бағалаудың негізгі өлшемшарттары:

      1) шығыстардың негізділігі (бюджет жобасының бюджет және өзге де заңнамаға сәйкестігі, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын белгілеу, Қазақстан Республикасы Президенті жолдауларының ережелеріне, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына және Жоғары аудиторлық палатаның қаулыларына сәйкестігі);

      2) шығыстардың анықтығы (жобаларды іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін қаражат көлемдерін айқындаудың дұрыстығын растайтын қажетті құжаттаманың болуы) болып табылады.

3-тарау. Бюджет жобасына бағалау жүргізу тәртібі

      12. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік органдардың даму жоспарлары көрсеткіштерінің экономикалық және бюджеттік жоспарлау көрсеткіштерімен өзара байланысының қамтамасыз етілуін, мыналардың:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;

      2) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер және мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың ақпараты бойынша мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бағалау;

      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұлттық жобаларды іске асыруын бағалау нәтижелері негізінде қол жеткізілген нәтижелердің Қазақстан Республикасы Президенті жолдауларының ережелеріне және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалайды.

      13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесінің интеграциясы арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарланған шығыстары бойынша бюджеттік өтінімдеріне және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Жоғары аудиторлық палатаның қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган заңнамада белгіленген мерзімде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын бір мезгілде Жоғары аудиторлық палатаға ұсына отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

      15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган заңнамада белгіленген мерзімдерде:

      1) шығыстардың лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберу кезінде – оларды;

      2) Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – бюджет комиссиясы) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған шығыстарын қарау жоспар-кестесін (бұдан әрі – кесте) бюджет комиссиясының мүшелеріне жіберу кезінде оны бір мезгілде Жоғары аудиторлық палатаға ұсынады.

      16. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган заңнамада белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген бағалау материалдарын бір мезгілде Жоғары аудиторлық палатаға жібере отырып, тиісті мемлекеттік органға ұсынады.

      17. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет комиссиясының отырыстарына Жоғары аудиторлық палата өкілінің байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысуын және бір мезгілде бюджет комиссиясының мүшелеріне жібере отырып, бюджет жобасын жоспарлау мәселелері бойынша бюджет комиссиясының барлық материалдарын заңнамада белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етеді.

      18. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет комиссиясының отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаралған бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет комиссиясының қорытындыларын, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келетін мынадай құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар):

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімге түсіндірме жазбасының көшірмесін;

      2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердің мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптамасы қорытындыларының көшірмелерін;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік кредиттеудің орындылығы туралы қорытындысының көшірмесін;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған тапсырмаларының көшірмелерін жібереді.

      19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірленген бюджет жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей, Жоғары аудиторлық палатаға ұсынады.

      20. Жоғары аудиторлық палата бюджет жобасына бағалау жүргізу кезінде бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, ұлттық жобаларды және мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бағалау нәтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палата берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігіне назар аударады. Ұсынылған құжаттар мен бағалау материалдарының анықтығын және негізділігін растау қажет болған жағдайда Жоғары аудиторлық палата бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджет процесіне басқа да қатысушыларға сұрау салулар жібереді және бағалау немесе мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша материалдарды пайдаланады.

4-тарау. Бағалау бойынша қорытындыны жасау және ұсыну

      21. Бағалау бойынша қорытынды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған бюджет жобасы негізінде жасалады және ұсынымдық сипатта болады.

      22. Бағалау бойынша қорытындыны Жоғары аудиторлық палата сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына сәйкес қарайды және ол Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітіледі.

      23. Жоғары аудиторлық палата бағалау бойынша қорытындыны ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2022 жылғы 26 қарашадағы
№ 5 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 1570 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 729 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 1024 Жарлығы.

      5. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 141 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 294 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      7. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 495 Жарлығы.

      8. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 86 Жарлығы.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 714 Жарлығы.

      12. "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.

      13. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 507 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады