Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.07.2013 № 605 Жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 208 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін
тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және
оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 18-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2-бап
Осы Хаттаманың қолданысы 3-тармақты, 8-тармақтың төртінші және бесінші абзацтарын, 13-тармақтың алтыншы абзацын, 15-тармақтың төртінші және оныншы абзацтарын қоспағанда, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күнінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
3-бап
Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2011 жылғы « » желтоқсанда ___________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және әр Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшін үшін үшін
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке
тұлғалардың жеке пайдалану үшін
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттамаға қосымша
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін
тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және
оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар
1. Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) мәтіні бойынша «кеден одағының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «кеден одағының кеден аумағының қалған бөлігіне» деген сөздер «Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының қалған бөлігіне (бұдан әрі - Кеден одағының кеден аумағы)» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«КО СЭҚ ТН 8703 тауарлық позициясында жіктелетін квадроциклдер мен қар шаналары;».
4. 5-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «төлегенге» деген сөзден кейін «(өндіріп алғанға)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «кедендік бақылауға жатпайтын тауар мәртебесін алады» деген сөздер «кедендік бақылауға жатады деп есептелмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын.
5. 10-бапта:
1-тармақтың алтыншы абзацы «- жеке тұлға» деген сөздерден кейін «кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде келу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Келісімге сәйкес еркін айналымға шығарылған, осы Келісімнің 17-бабының 1-тармағында көрсетілген автомобильдерді қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар Кеден одағының тауарлары болып есептеледі.».
6. 11-баптың 2-тармағының екінші абзацы «Осындай тауарларды еркін айналымға шығару көлік құралын пайдалану және (немесе) иелену құқығы берілетін жеке тұлға қызмет аймағында тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органында жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органы декларант мәлімдеген мәліметтердің негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді. Кедендік төлемді есептеу үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және дұрыс мәліметтерді кеден органына мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.».
8. 14-бапта:
6-тармақта:
2) тармақша «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары Кеден одағының кедендік аумағында болған кезде, әкетілмеуіне байланысты:
адамның уақытша келу мерзімі аяқталған кезде, кез келген тәсілмен шетелдік жеке адам Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген шетел мемлекетінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - бірақ уақытша болу мақсатымен шығарылған күнінен бастап бір жылдан артық емес;
Кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғалары кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелген шетел мемлекетінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - уақытша болу мақсатымен шығарылған күнінен бастап алты ай өткен кезде - уақытша әкелудің көрсетілген мерзімдерінің аяқталу күні саналады.»;
7-тармақта:
«сомаларына» деген сөз «сомасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тауарларды» деген сөз «көлік құралдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оған сәйкес» деген сөздерден кейін «көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
екінші бөлігіндегі «сомаларына» деген сөз «сомасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктердегі «2) тармақшасының үшінші абзацына» деген сөздер «2) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 15-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын.
10. 16-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден одағы кедендік аумағының шегінен тыс орналасқан шетелдегі, халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдардағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін көлік құралдарын қоспағанда, шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелген кезде».
11. 17-бапта:
3-тармақтағы «3» деген цифр «4 және» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігі «Кодекс күшіне енгенге дейін» деген сөздердің алдынан «оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулер белгіленбеген,» деген сөздермен толықтырылсын.
12. Келісімге 1-қосымшада:
«Тауарлардың атауы» деген бағанда:
реттік нөмірі 2-жолдың бесінші абзацындағы «астам» деген сөз «аспайтын» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолдағы «су кемелеріне арналған қозғалтқыштарды» деген сөздер «ілмелі қайық моторларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолдың «СЭҚ ТН коды» деген бағаны «8407» деген цифрлардан кейін «, 8408» деген цифрлармен толықтырылсын.
13. Келісімге 2-қосымшада:
Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы аумақтан әкетуге тыйым салынған немесе шектелген жеке пайдалануға арналған тауарлар тізбесінің 1-бөлімінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1.8) тармақшамен толықтырылсын:
«1.8. 18 жасқа толмаған жеке тұлғалар әкелген және (немесе) әкеткен кезде алкоголь өнімі, этил спирті және сыра, темекі және темекі өнімдері»;
3-тармақтың 3.4-тармағындағы «және алкоголь өнімі» деген сөздер «, алкоголь өнімі, сыра» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 4.3-тармағы «бұйымдарымен» деген сөзден кейін «(олардың бөлшектерімен)» деген сөздермен толықтырылсын;
Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы аумақтан әкетуге шектелген жеке пайдалану үшін тауарлардың тізбесі деген II бөлімнің 1-тармағы «кеден одағының» деген сөздердің алдынан «алып жүретін багажда тасымалданатындарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
14. Келісімге 3-қосымшада:
«Алып жүретін және алып жүрмейтін багажда Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, көлік құралдарын қоспағанда жеке пайдалануға арналған тауарлар» деген I бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдың «Тауарлардың санаты» деген бағанында:
«этил спиртін» деген сөздерден кейін «және бөлінбейтін тауарларды» деген сөздермен толықтырылсын;
«Әкелу нормасы» деген бағанда:
«3 литрден» деген сөздер «3 литрді қоса алғанда, одан» деген сөздермен ауыстырылсын:
«Тауарлардың санаты» деген бағанда:
реттік нөмірі 2-жол «тұлғасы» деген сөзден кейін «(осы бөлімнің 9-1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдың үшінші абзацындағы «не өзге де тұлғалар көрсетілген қызметкерлердің атынан және тапсырмасы бойынша әкелетін» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«не өзге де тұлғалар көрсетілген қызметкерлердің атынан және тапсырмасы бойынша әкелетін»;
реттік нөмірі 5-жолдағы «шет ел мекемесінде» деген сөздер «дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдың екінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«
9-1. |
Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекетте жұмысқа рұқсат алған шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін, жеке пайдалануға арналған, қолданыста болған тауарлар** |
Құны мен салмағына қарамастан |
»;
«Кез келген тәсілмен кедендік шекара арқылы өтетін, жеке пайдалануға арналған көлік құралдары» деген V бөлімде:
«Тауарлардың санаты» деген бағанда:
реттік нөмірі 23-жолдағы «Осындай» деген сөз «Шет елдегі Кеден одағы кедендік аумағының шегінен тыс орналасқан халықаралық, үкіметаралық ұйымдардағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін көлік құралдарын қоспағанда, осындай» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 25-жолдағы «(мұра мүлкі деп танылған)» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ** ескертпемен толықтырылсын:
«** Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен осы қосымшаның 9-1-тармағына сәйкес оларға қатысты кедендік төлемдерді төлеуден босату ұсынылатын уақытша жұмыс істейтін тұлғалардың және (немесе) олар әкелетін тауарлардың санаттары шектелуі мүмкін.».
15. Келісімге 5-қосымшада:
«Көлік құралдарын қоспағанда, жеткізушілер жеке тұлғалардың мекенжайына жеткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар» деген II бөлімде:
реттік нөмірі 7-жолдағы «Бөлінбейтін» деген сөз «Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7-1 және 7-2-жолдармен толықтырылсын:
«
7-1 |
КО СЭҚ ТН-ның 2207 және 2208 тауар позицияларының этил спирті |
5 литрді қоса алғанда, оған дейінгі мөлшерде |
1 литр үшін 22 еуро бірыңғай ставка бойынша |
7-2 |
Алкогольді сусындар мен сыра |
5 литрді қоса алғанда, оған дейінгі мөлшерде |
1 литр үшін 10 еуро бірыңғай ставка бойынша |
»;
«Кеден одағының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар» деген III бөлімде:
«Тауарлардың санаты» деген бағанда:
реттік нөмірі 8-жолдағы «бір ай» деген сөздер «күнтізбелік бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолдағы «Бөлінбейтін» деген сөз «Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кеден шекара арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары» деген IV бөлімде:
«Тауарлардың санаты» деген бағанда реттік нөмірі 10-жолдағы «Квадроциклдер, қарда жүретін, 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін жалпыға бірдей пайдалану жолдары бойынша қозғалысқа арналмаған, өзге де жеңіл көлік құралдары» деген сөздер «Әкелінетін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін квадроциклдер мен қар шаналары» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-жолдың «Кеден баждарының, салықтарының ставкалары» деген бағанындағы «осы қосымшаның IV бөлімінің 10 және 12-тармақтарында белгіленген бірыңғай ставкалар бойынша» деген сөздер «осы бөлімнің 10-тармағында белгіленген кедендік төлем жиынтығы түрінде немесе осы бөлімнің 12-тармағында белгіленген бірыңғай ставка бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Тауарлардың санаты» деген бағанда:
реттік нөмірі 12-жол «сатып алу» деген сөздерден кейін «, не алып жүрмейтін багажда немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде әкелетін» деген сөздермен толықтырылсын.