Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 27.04.2015 № 1041 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 қыркүйекке және 1 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында:
«Кіріспе» деген бөлімде:
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық жоспарды іске асыруды дамудың стратегиялық міндеттерін саралау және кезең-кезеңмен шешу қағидаттарында құру көзделеді. Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі тетігі болып аумақтарды дамыту бағдарламалары белгіленді.»;
он төртінші бөліктегі «әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының» деген сөздер «аумақтарды дамыту-бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттары» деген 4-бөлімде:
«Орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету» деген 4.1-кіші бөлімде:
«Астана қаласының орнықты экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 4.1.2-тарауда:
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаланың жоғары оқу орындары жоғары технологиялар саласында кадрларды беруші болады. Кадрлық ресурстарды берушілердің бірі Қазақстан экономикасы үшін біліктілігі жоғары кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін халықаралық деңгейдегі жаңа жоғары оку орны - «Назарбаев Университеті» болып табылады. Бұған қоса, Астана елорда ретінде әлемнің дамыған елдерінің алдыңғы қатарлы әрі беделді оқу орындарында оқыған біліктілігі жоғары жас кадрларды тартып отыр.»;
он бесінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Құрылыс материалдарын өндіру саласын дамыту жергілікті өндірушілерді қолдауға (импорт алмастыруға) және экспортты ынталандыруға бағдарланатын болады. Мемлекет тарапынан жәрдемдесу құрылыс индустриясы саласындағы, оның ішінде Индустриялық парк аумағындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.»;
жиырма бесінші бөлікте:
алтыншы абзац «, отандық кәсіпкерлер үшін де, халықаралық инвесторлар үшін де бизнесті жүргізу құнын төмендету» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«тиімсіз жобаларды іске асыруға қарсы тұру, мемлекеттік қаражаттың жұмсалу үрдістерінің ашықтығын және айқындығын арттыру.»;
отыз үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жыл сайын жергілікті бюджеттен 250-300 млн. АҚШ доллары қаланың инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға жұмсалады. Жобаларды бағалау экономикалық негіздемесі, қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу бойынша талаптарды қамтитын инвестициялық жобаларды іріктеудің әзірленген өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
отыз төртінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «бағдарламасында көзделген іс-шаралар іске асырылатын болады» деген сөздер «бағдарламасында, аумақтарды дамыту бағдарламасында көзделген іс-шаралар іске асырылатын болады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Сонымен қатар, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен толық қамтуды қамтамасыз ету тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ынталандырушы нарықтық жағдай жасау және азаматтардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді жеткізушілер мен жергілікті мемлекеттік органдарға өзара тиімді әрекет етуі жолымен жүзеге асырылатын болады.»;
отыз жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарының төмендеуімен, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізумен, нормативтік шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеу тиімділігін көтерумен бірге жүретін болады.»;
«Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты қызмет ететін инфрақұрылымды ұстау» деген 4.2-кіші бөлімде:
«Қалалық жоспарлау және дизайн» деген 4.2.1-тарауда:
отыз алтыншы бөліктегі «ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді» деген сөздер «аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде оларды іске асыру бойынша шаралар қабылданатын болады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
қырқыншы бөліктің төртінші, бесінші абзацтары алып тасталсын;
«Экологиялық инфрақұрылым» деген 4.2.2-тарауда:
қырық тоғызыншы бөліктегі «2010», «15», «80» деген цифрлар тиісінше «2015», «24», «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Көліктік инфрақұрылым» деген 4.2.4-тарауда:
отыз төртінші бөлік «бағдарламасында» деген сөзден кейін «, аумақтарды дамыту бағдарламасында» деген сөздермен толықтырылсын;
отыз сегізінші бөліктегі «қаланың көлік жүйесінің 2010 - 2030» деген сөздер «аумақтарды дамытудың 2011 - 2015» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Әлеуметтік орнықты қоғамды қалыптастыру» деген 4.3-кіші бөлімде:
«Серпінді дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру» деген 4.3.1-тарауда:
отыз сегізінші және отыз тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осыған байланысты дене тәрбиесі мен спортты жан-жақты дамыту үшін жағдай қалыптастыра отырып, қоғамдық саулықты сақтау, қаладағы санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөнінде әлеуметтік саясат жүргізу, әлеуметтік сипаттағы аурулардың алдын алуды, халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудың барабар жүйесін құру, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін арттыру, қызметкерлерді профилактикалық тексеру және оларды уақтылы сауықтыру мәселелері жөніндегі сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың тиімділігін арттыру қажет.
Әкімдік денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға да жәрдемдесетін болады.»;
мынадай мазмұндағы қырық екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, қаланың денсаулық сақтау саласына салынатын инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында түпкі нәтижеге және әрбір нақты ауруды емдеу үшін нақты шығыстар үшін төлеуге, сапаны бақылау негізінде ақы төлеуге, пайдаланылуы бәсекелестікті дамытуды көздейтін медициналық экономикалық тарифтерді енгізумен медициналық қызметтердің ашықтығына, медициналық қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын арттыруға бағдарланған тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін (бұдан әрі - ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделін іске асырумен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Меншік нысанына қарамастан, барлық әлеуетті жеткізушілерге ТМККК көрсетуге арналған мемлекет тапсырысын орналастыруға бәсекелесу мен қатысу құқығы ұсынылады. Денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін барлық медициналық ұйымдарды аккредиттеуден өткізу, 2020 жылға қарай бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (бұдан әрі - БМСК) арналған шығыс деңгейін ТМККК бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 40 %-на дейін ұлғайта отырып, БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін құру, мүгедектерді қалпына келтіріп емдеу мен оңалту қызметін дамыту жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ішкі ауруханалық менеджмент пен медициналық қызметтердің аудиті жүйесі тиісінше дамитын болады.»,
қырық төртінші және қырық бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі мекемелерді салу 1-ден 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін балаларды қамтуды 2010 жылы 41,8 %-дан 2015 жылы 69 %-ға дейін және 2020 жылы 100% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығын да қамтамасыз ететін болады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметтерін көрсететін жеке қызмет көрсетушілердің дамуын ынталандыратын жағдай жасалатын болады.
Мектепте білім беру жүйесінде оқушы орындары тапшылығының проблемалары шешіледі, 2014 жылға қарай сабақтарды 3-4 ауысымда оқыту жойылады. 2015 жылы 10 жыл бойы жалпыға бірдей міндетті білім беруді және келесі 2 жыл бойы бейіндік білім беруді көздейтін 12 жылдық білім беру моделіне ауысу жүзеге асырылатын болады. Техникалық, кәсіптік білім беруде кадрларды даярлау қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарымен байланыста болады, білім беру стандарттары Ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіби стандарттар бойынша қалыптастырылатын болады. Сондай-ақ білім беру жүйесінде электрондық оқыту жүйесі енгізілетін болады.»;
елу үшінші бөліктегі «орнықты даму» деген сөздер «аумақтарды дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «қалалық бағдарламасын» деген сөздер «іс-шаралар жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қалалық басқару жүйесін жетілдіру» деген 4.4-кіші бөлімде:
отыз екінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтер енгізуді;»;
мынадай мазмұндағы қырық екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2012 жылға қарай жұмыстың көлемі мен сапасын, жауапкершілік дәрежесін, кәсіпқойлықты арттыруды, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауды ескеретін мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі енгізіледі; біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығы құрылатын болады.»;
мынадай мазмұндағы қырық алтыншы және қырық жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтер енгізу
Мемлекеттік жоспарлауды сапалы өзгерту, мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі мен есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға қарай:
барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру үшін кешенді стратегиялық тәсілді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына негізделген бесжылдық стратегиялық жоспарлар қабылдайды;
2012 жылы тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі енгізіледі (нәтижеге бағдарланған бюджеттеу).»;
«Астана қаласын орнықты дамыту көрсеткіштерін бағалау» деген 5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Астана қаласын орнықты дамыту көрсеткіштерін бағалау
Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу қалада жоғары қарқынмен серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған және бәсекелі инновациялық экономиканың қалыптасуына алып келеді.
Есептеулердің нәтижелері 1-кестеде келтірілген. Болжамды есептемелер бойынша 2030 жылға карай ЖӨӨ көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 4,8 еседен артық, өнеркәсіп өндірісі - 3,5 есеге ұлғаятын болады.
Бұл нәтижелер қаланың өнеркәсіптік өндірісі құрылымының жақсаруымен қатар жүреді. Оның өсу сапасы мүлдем өзгеше сипат алады: қазақстандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық және ғылымды көп қажетсінетін өнімдер басым орынға ие болады. Қала шын мәнінде экологиялық таза өндірісі бар инновациялық орталыққа айналады.
1-кесте
Астана қаласын 2030 жылға дейінгі орнықты дамыту
көрсеткіштерінің болжамы
Р/с |
Көрсеткіштер |
2009 ж. нақты |
2010 ж. бағалау |
2015 ж. |
2020 ж. |
2025 ж. |
2030 ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
ЖӨӨ, млрд. теңге |
1 373,2 |
1 448,5* |
2 150,2* |
2 978,9* |
4 119,3* |
5 618,5* |
2 |
ЖӨӨ құрылымы, |
||||||
Барлығы |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
|
Ауыл шаруашылығы |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
|
Өнеркәсіп |
3,7 |
3,8 |
3,3 |
3,1 |
2,9 |
2,6 |
|
Құрылыс |
16,0 |
11,8 |
6,0 |
3,7 |
2,3 |
1,6 |
|
Сауда |
19,4 |
20,8 |
24,1 |
24,4 |
23,5 |
22,9 |
|
Көлік |
16,4 |
16,0 |
13,6 |
13,2 |
12,5 |
11,9 |
|
Байланыс |
0,9 |
0,9 |
0,7 |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
|
Өзгелер |
43,5 |
46,6 |
52,2 |
54,9 |
58,2 |
60,4 |
|
3 |
Өнеркәсіп өнімін шығару, млрд. теңге |
98,8 |
111,1 |
127,6* |
161,5* |
175,0* |
210,0* |
оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп |
77,4 |
84,6 |
99,0 |
124,3 |
134,7 |
161,7 |
|
электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
21,4 |
26,5 |
28,6 |
37,2 |
40,3 |
48,3 |
|
4 |
Халық саны, мың адам |
649,5 |
691,5 |
855,1* |
991,3* |
1104,2* |
1220,1* |
* - болжамды деректер
Қаланың орнықты дамуына қол жеткізу - ұзақ үдеріс. Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылу барысына ұдайы бақылауды жүзеге асырып, пайдаланылатын қаражаттың тиімділігіне бағалау жүргізу, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін айқындау қажет. Бұл тиісті көрсеткіштердің - орнықты даму индикаторларының болуын көздейді.
Орнықты даму саласындағы халықаралық институттар мен мамандар тұтастай ел үшін де, сондай-ақ жекелеген елді мекендер үшін де орнықты даму индикаторларын үш: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық топтар бойынша анықтау жөніндегі жұмыстарды жалғастырып отыр.
Осыған байланысты Астана қаласы үшін орнықты даму индикаторларын қолдану мүмкін болады: өмір сүру ұзақтығы, жалпы өңірлік өнім, атмосфераның ластану индексі, қалдықтар көлемінің қысқаруы және тағы басқалар. Орнықты даму индикаторларының болуы стратегиялық басқару жүйесін әзірлеу және енгізумен бірге мемлекеттік органдардың тиісті стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған қызметіне бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Орнықты дамудың бірқатар маңызды индикаторларының тізбесі және Астана қаласы үшін олардың нысаналы мәнін бағалау 2-кестеде келтірілген (Қазақстан экономикасы мен елорданың дамуын ескере отырып, орнықты даму индикаторларының нысаналы мәндері қайта қаралуы мүмкін)
2-кесте
Астана қаласын орнықты дамытудың индикаторлары және
олардың нысаналы мәндерін бағалау
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
1-кезең |
2-кезең |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Экологиялық индикаторлар |
||||||||||||
1. |
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, оның ішінде: |
мың тонна |
139,6 |
138 |
136 |
134 |
132 |
130 |
125 |
125 |
120 |
115 |
2. |
ластаудың стационарлық көздерінен |
мың тонна |
49,6 |
49 |
48 |
47 |
46 |
45 |
45 |
45 |
45 |
45 |
3. |
ластаудың жылжымалы көздерінен (автокөлік) |
мың тонна |
90 |
89 |
88 |
87 |
86 |
85 |
80 |
80 |
75 |
70 |
4. |
Атмосфералық ластану деңгейі (АЛИ5) |
индекс |
6,9 |
6,55 |
6,5 |
6,45 |
6,0 |
5,5 |
5,5 |
4,5 |
4,0 |
4,0 |
5. |
Ластаушы заттар шығарындыларының рұқсат етілген көлемінің деңгейі |
мың тонна |
106,28 |
106,28 |
101,52 |
101,52 |
101,52 |
98,33 |
98,33 |
98,33 |
95,16 |
95,13 |
6. |
Ластаушы заттар төгінділерінің рұқсат етілген көлемінің деңгейі |
мың тонна |
11,6 |
11,6 |
11,39 |
11,39 |
11,39 |
11,18 |
11,18 |
11,18 |
10,97 |
10,97 |
7. |
Қала ішіндегі бір тұрғынға шаққандағы жасыл екпелер алаңы |
шаршы метр/адам |
10 |
11 |
12 |
13 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
17 |
8. |
Қалдықтар көлемінің қысқаруы |
% |
17 |
19 |
20 |
22 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
30 |
Экономикалық индикаторлар |
||||||||||||
9 |
ЖӨӨ |
млрд. теңге |
1563,9 |
1698,8 |
1847,5 |
1989,6 |
2150,2 |
2294,4 |
2447,5 |
2612,1 |
2792,9 |
2978,9 |
10. |
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі |
млрд. теңге |
104,9 |
109,5 |
115,0 |
121,0 |
127,6 |
134,6 |
141,1 |
148,0 |
155,0 |
161,5 |
11. |
Өңдеуші өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі |
% |
103,5 |
104,1 |
104,7 |
105,0 |
105,2 |
105,4 |
104,6 |
104,6 |
104,7 |
104,0 |
12. |
Өңдеуші өнеркәсіпке отандық инвестициялар көлемі |
млрд. теңге |
12,5 |
13,2 |
14,0 |
14,9 |
15,7 |
16,0 |
17,6 |
19,4 |
20,0 |
21,0 |
13. |
Қаланың ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі |
% |
33,8 |
34,1 |
34,2 |
34,6 |
35,3 |
35,4 |
35,9 |
36,3 |
37,2 |
37,8 |
14. |
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны |
мың бірлік |
36,9 |
37,0 |
37,1 |
37,3 |
37,5 |
37,7 |
37,9 |
38,1 |
38,3 |
38,5 |
15. |
Құрылыс материалдарының отандық өндірісінің үлесін ұлғайту |
% |
8,31 |
8,34 |
8,5 |
8,6 |
8,6 |
8,8 |
8,9 |
9,0 |
9,1 |
9,2 |
16. |
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі |
% |
2,6 |
3,7 |
4,8 |
5,3 |
6,3 |
7,6 |
8,7 |
9,8 |
11,0 |
11,5 |
Инновациялық өнім көлемінің өсу қарқыны |
% |
106,5 |
105,8 |
106,0 |
106,2 |
105,8 |
105,6 |
105,4 |
105,2 |
105,0 |
104,8 |
|
Әлеуметтік индикаторлар |
||||||||||||
18. |
Халықтың саны |
мың адам |
726,5 |
760,8 |
792,8 |
825,1 |
855,1 |
880,8 |
907,2 |
934,4 |
962,4 |
991,3 |
19. |
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту |
% |
55,3 |
60,7 |
64,3 |
66,9 |
69 |
70,1 |
73,1 |
75,2 |
77,3 |
100 |
20. |
Электронды оқыту жүйесін енгізген орта білім беру (мемлекеттік) ұйымдарының үлесі, олардың жалпы санынан |
% |
7,8 |
20,3 |
31,3 |
57,8 |
70,0 |
72,0 |
75,0 |
79,0 |
81,0 |
85,0 |
21. |
Үлгілік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік білім берумен қамту үлесі |
% |
24,3 |
24,8 |
25,3 |
25,8 |
26,3 |
27,5 |
28,4 |
29,6 |
31,5 |
32,0 |
22. |
Межелі өмір сүру ұзақтығы |
жас |
75,84 |
75,86 |
75,88 |
75,89 |
76,00 |
76,10 |
76,35 |
76,40 |
76,45 |
76,50 |
23. |
Жалпы өлім-жітім |
1000 адамға шаққанда |
4,9 |
4,7 |
4,65 |
4,5 |
4,35 |
4,15 |
3,95 |
3,8 |
3,64 |
3,62 |
24. |
Ана өлімі |
100 мың тірі туған нәрестеге |
28,5 |
26,3 |
24,2 |
22,7 |
21,0 |
18,7 |
17,4 |
16,8 |
15,7 |
15,1 |
25. |
Бала өлімі |
100 мың тірі туған нәрестеге |
8,78 |
8,77 |
8,76 |
8,75 |
8,74 |
8,70 |
8,65 |
8,57 |
8,0 |
8,0 |
26. |
Туберкулезбен ауыру |
100 мың адамға |
184,3 |
179,3 |
174,3 |
169,3 |
165,0 |
163,5 |
161,9 |
156,9 |
153,4 |
153,0 |
27. |
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдар |
% |
15,0 |
17,0 |
19,0 |
21,0 |
23,0 |
26,0 |
27,0 |
28,0 |
29,0 |
30,0 |
28. |
Жұмыссыздық деңгейі |
% |
5,9 |
5,8 |
5,7 |
5,6 |
5,5 |
5,4 |
5,3 |
5,2 |
5,1 |
5,0 |
29. |
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі |
% |
3,8 |
3,6 |
3,4 |
3,2 |
3,2 |
3,1 |
3,0 |
3,0 |
3,0 |
3,0 |
30. |
Іpi және орта кәсіпорындарды ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесімен қамту |
% |
66 |
67 |
68 |
69 |
70 |
72 |
74 |
76 |
78 |
80 |
31. |
Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға қатысатын ҮЕҰ саны |
бірлік |
40 |
45 |
50 |
55 |
60 |
65 |
65 |
65 |
65 |
65 |
32. |
Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі |
% |
2 |
10 |
20 |
40 |
50 |
60 |
70 |
75 |
80 |
90 |
Қалалық басқару жүйесін жетілдіру индикаторлары |
||||||||||||
33. |
«Электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің кемінде 50 %-ын электронды нысанға ауыстыру |
% |
10 |
20 |
30 |
50 |
75 |
80 |
85 |
90 |
95 |
100 |
«Қорытынды» деген бөлімде:
төртінші бөлік «жоспары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламасы» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
екінші абзацтағы «20» деген цифрлар «8,7» деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «25» деген цифрлар «3,5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «4» деген цифр «4,4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «20» деген цифрлар «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «3» деген цифр «2» деген цифрмен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев