"Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 510 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат; 2011 ж., № 53, 743-құжат; № 55, 783-құжат; 2012 ж., № 57, 773-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережедегі:
      23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Президенттің Күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Президенттің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Президенттің Күзет қызметі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      4-2. Президенттің Күзет қызметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Президент Күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Президент Күзет қызметінің құрылымы мен қызметкерлері штат санының лимитін Президент Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді.
      Президент Күзет қызметінің бастығы Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсатқа бөлінген қаражаттың шегінде белгілейді.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Президент Күзет қызметіне кәсіпкерлік субъектілерімен Президент Күзет қызметінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Президент Күзет қызметіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;
      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Президент Күзет қызметінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
      мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:
      «9-2. Президент Күзет қызметінің миссиясы - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру.»;
      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді. Күзет іс-шараларына қатысу үшін тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарына басшылықты жүзеге асырады. Күзет іс-шараларын өткізу аймағының шекарасын, олардың басталу және аяқталу уақытын, күзет іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, сондай-ақ оны өткізуге қатысу үшін тартылған күштер мен құралдардың құрамын белгілейді;»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) күзет іс-шараларын өткізу бойынша тұрақты жұмыс істейтін республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабтарын (бұдан әрі - жедел штаб) құруға құқылы. Олардың мәртебесі мен өкілеттігі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілетін ережемен айқындалады;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Президенттің Күзет қызметі:
      1) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғылатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, оларды ықтимал жасауға ықпал ететін жағдаяттарды анықтауға және өз құқықтары шегінде оларды жою шараларын қолдануға;
      2) қылмыстардан, әкімшілік құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен күзетілетін адамдарға, сондай-ақ дәрменсіз не денсаулығына және өміріне қауіп төнген өзге де жай-күйдегі адамдарға көмек көрсетуге;
      3) күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігіне немесе күзетілетін объектілердегі қоғамдық қауіпсіздікке және олар болатын басқа да орындарда дайындалып жатқан қылмыстар, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қатер төндіретін оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де келіп түсетін ақпаратты қабылдауға; заңнамада көзделген шараларды дер кезінде қолдануға;
      4) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарды анықтау мен іздеуде құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге;
      5) күзетілетін объектілер мен күзетілетін адамдар болатын басқа да орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
      6) авариялар, апаттар, өрттер, дүлей апаттар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде күзетілетін адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ күзетілетін адамдардың жеке мүлкі мен күзетуге жататын және қараусыз қалдырылған өзге де мүлкін күзету бойынша шұғыл шаралар қолдануға; Қазақстан Республикасының аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда күзетілетін адамдарға қатысты құқықтық режимді қамтамасыз етуге заңға сәйкес қатысуға, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия уақытында күзетілетін адамдарға қатысты карантиндік іс-шаралар өткізуге қатысуға;
      7) Мемлекет басшысын ақпараттық оқшаулауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті байланыс жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      8) азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің байланыс құралдарын, көлігі мен үй-жайларын қызметтік мақсатта пайдалануына байланысты оларға келтірілген залалды заңнамада белгіленген тәртіпте өтеуге міндетті.»;
      345-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін ұйымдастыру

      13. Президент Күзет қызметіне басшылықты Президент Күзет қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Президент Күзет қызметінің бастығы (бұдан әрі - бастық) жүзеге асырады.
      14. Бастықты Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      15. Бастықтың орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Бастықтың орынбасарларын бастықтың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      16. Бастық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:
      1) Президент Күзет қызметінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне, жауынгерлік дайындығына басшылық етеді және оның жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      2) республикалық жедел штабқа басшылық етеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана жедел штабының басшыларын айқындайды.
      Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі антитеррористік операцияларды өткізу, оларды өткізу кезеңінде антитеррористік операциялардың құқықтық режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
      3) күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару тәртібін, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ күзетілетін объектілерде және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарғыш қондырғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру мен жою тәртібін айқындайды;
      4) Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің арнаулы құралдарды, атыс қаруын және жауынгерлік техниканы қолдану тәртібін айқындайды;
      5) Президент Күзет қызметі жедел қамтамасыз етуді жүзеге асыратын объектілер мен арнайы трассалар учаскелерінің тізбесін, сондай-ақ Президент Күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілерінде және күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді келісу тәртібін айқындайды;
      6) Республика Президенті бекіткен штат саны мен осы мақсат үшін бөлінген қаражат шегінде Президент Күзет қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, ұйымдық құрылымын және штат санын бекітеді, сондай-ақ қолданыстағы резерві офицерлерінің санын айқындайды;
      7) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Президент Күзет қызметінің лауазымдар санатына қойылатын біліктілік талаптарын, қызметке үміткерлерді іріктеу және қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін және әдістемесін, қажетті құжаттар тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, қызметке үміткерлерге тексеру жүргізу мерзімдерін, олардың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды, дене шынықтыру дайындығын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің қызметке жарамдылық санатын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу тәртібін айқындайды;
      8) Қазақстан Республикасының азаматтарын Президент Күзет қызметіне қызметке ерікті негізде қабылдайды, оларға полковникті қоса алғанда, арнаулы атақтар береді және оларды қызметтен шығарады. Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына олардың қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметіндегі өтілін өздері белгілеген тәртіппен еңбек сіңірген жылдарына есептеуі мүмкін;
      9) Президент Күзет қызметіне запастан қабылданатын не Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден және әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік не құқық қорғау органдарынан ауысу тәртібімен қабылданатын және әскери, арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар азаматтарды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттаудан өткізудің және арнаулы атақ берудің тәртібін айқындайды;
      10) Республика Президенті қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Президент Күзет қызметінде құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін бекітеді;
      12) Президент Күзет қызметінің қызметкерлерінің меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға баруы жөніндегі мәселелерді шешеді, Президент Күзет қызметінің қолданыстағы резервіне қызметкерлерді қабылдау және олардың қызмет өткеру тәртібін айқындайды;
      13) бейбіт уақытта, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Президент Күзет қызметінің күштерін және құралдарын қолдану тәртібін айқындайды;
      14) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғылатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою туралы нұсқамалар енгізу тәртібін айқындайды;
      15) жоғары офицерлік құрамға арнаулы атақтар беру және қызметкерлерді, жұмысшылар мен қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы Республика Президентіне ұсынымдар енгізеді;
      16) Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің арнаулы киім нысанын киіп жүру тәртібін айқындайды;
      17) Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін, жұмысшыларын және қызметшілерін марапаттайды, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады. Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазалар беру бойынша Президент Күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;
      18) заңнамада белгіленген тәртіпте Президент Күзет қызметінің мүлкіне және қаржы қаражатына билік етеді. Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз етудің және лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін қызмет (жұмыс) өтілін айқындаудың тәртібін айқындайды;
      19) Президент Күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;
      20) Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасын, жетондар үлгілерін, зейнеткерлік куәліктердің нысандарын бекітеді, оларды беру және пайдалану тәртібін айқындайды;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, заңды тұлғалармен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің арнаулы және құқық қорғау органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Президент Күзет қызметінің атынан өкілдік етеді;
      22) Президент Күзет қызметінің іс-әрекетін жетілдіру мәселелері жөнінде Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгізеді;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бастық болмаған кезеңде оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      17. Бастық қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
      18. Президент Күзет қызметі бастығының Аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастық қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Аппарат басшысы басқарады.
      19. Жедел-қызметтік іс-әрекеттердің барынша маңызды мәселелерін қарау, олардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау және олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін Президент Күзет қызметінде Алқа құрылады.
      Алқаның шешімдері бастықтың бұйрығымен жарияланады.
      Алқаның міндеттері, өкілеттіктері, қызметінің тәртібі мен дербес құрамы бастық бекітетін ережемен реттеледі.
      20. Президент Күзет қызметінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады.
      21. Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылады.
      22. Президент Күзет қызметінің қызметкерлеріне мемлекеттік органдағы қызмет өтіліне лауазымдық жалақылары және сауықтыруға жәрдемақылары есептелетін коэффициенттерді белгілеу үшін қызмет өткерген бір айға бір жарым ай есебінен есептеледі.
      Президент Күзет қызметінің қызметкерлеріне зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте жеңілдік жағдайында жүргізіледі.
      23. Президент Күзет қызметі қызметкерлерінің қызмет атқаруы жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және өздігінен, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға негізделеді.
      Күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу барысында Президент Күзет қызметінің аға лауазымды тұлғасы оларды өткізуге тартылған барлық адамдар үшін жедел бастық болып табылады.

4. Президент Күзет қызметінің мүлкі

      24. Президент Күзет қызметінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Президент Күзет қызметінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ негізгі қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Президент Күзет қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Президент Күзет қызметінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Президент Күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Президент Күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 июня 2008 года № 607 "Об утверждении Положения о Службе охраны Президента Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 28 февраля 2013 года № 510. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 04.05.2014 № 814.

      Подлежит опубликованию в    
Собрании актов Президента и   
Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 3 июня 2008 года № 607 «Об утверждении Положения о Службе охраны Президента Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 29, ст. 279; 2011 г., № 53, ст. 743; № 55, ст. 783; 2012 г., № 57, ст. 773) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Службе охраны Президента Республики Казахстан, утвержденном названным Указом:
      пункты 23 изложить в следующей редакции:
      «2. Служба охраны Президента осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Служба охраны Президента является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет действительное и условное наименования, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан, штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.»;
      дополнить пунктами 4-1, 4-2 следующего содержания:
      «4-1. Служба охраны Президента имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если она уполномочена на это в соответствии с законодательством.
      4-2. Служба охраны Президента по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами начальника Службы охраны Президента.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Структура Службы охраны Президента и лимит штатной численности ее сотрудников утверждаются Президентом Республики по представлению начальника Службы охраны Президента.
      Численность работников Службы охраны Президента устанавливается начальником Службы охраны Президента в пределах выделенных для этих целей средств.»;
      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:
      «9-1. Службе охраны Президента запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Службы охраны Президента.
      Если Службе охраны Президента законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.»;
      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Службы охраны Президента»;
      дополнить пунктом 9-2 следующего содержания:
      «9-2. Миссия Службы охраны Президента - обеспечение безопасности охраняемых лиц и объектов, организация и координация вопросов обеспечения безопасности охраняемых лиц.»;
      подпункт 1) пункта 11 изложить в следующей редакции:
      «1) организует и проводит охранные мероприятия по обеспечению безопасности охраняемых лиц и объектов. Осуществляет руководство силами и средствами государственных органов, привлеченных для участия в охранных мероприятиях. Определяет границы зоны проведения, время начала и завершения охранных мероприятий, порядок организации и проведения охранных мероприятий, а также состав сил и средств, привлекаемых к участию в их проведении;»;
      пункт 12 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      «1-1) создавать постоянно действующие республиканский, областные, города республиканского значения и столицы оперативные штабы по проведению охранных мероприятий (далее - оперативный штаб), статус и полномочия которых определяются положением, утверждаемым совместным приказом государственных органов, входящих в состав республиканского оперативного штаба;»;
      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      «12-1. Служба охраны Президента обязана:
      1) предотвращать и пресекать преступления и административные правонарушения, посягающие на жизнь, здоровье, права, свободы, личное достоинство и собственность охраняемых лиц, выявлять обстоятельства, способствующие их возможному совершению, и в пределах своих прав принимать меры к их устранению;
      2) оказывать помощь охраняемым лицам, пострадавшим от преступлений, административных правонарушений и несчастных случаев, а также находящимся в беспомощном либо ином состоянии, опасном для их здоровья и жизни;
      3) принимать заявления, сообщения и иную поступающую информацию о готовящихся преступлениях, административных правонарушениях и событиях, угрожающих личной безопасности охраняемых лиц или общественной безопасности на охраняемых объектах и в других местах их пребывания; своевременно принимать предусмотренные законодательством меры;
      4) оказывать правоохранительным органам содействие в выявлении и розыске лиц, совершивших преступления против жизни, здоровья, прав, свобод, личного достоинства и собственности охраняемых лиц;
      5) обеспечивать общественный порядок и безопасность на охраняемых объектах и в других местах пребывания охраняемых лиц;
      6) принимать при авариях, катастрофах, пожарах, стихийных бедствиях и других чрезвычайных ситуациях неотложные меры по спасению охраняемых лиц и оказанию им первой медицинской помощи, а также по охране личного имущества охраняемых лиц и иного имущества, подлежащего охране и оставшегося без присмотра; участвовать в соответствии с законом в обеспечении правового режима чрезвычайного или военного положения в отношении охраняемых лиц в случае их введения на территории Республики Казахстан или в отдельных местностях, а также в проведении карантинных мероприятий в отношении охраняемых лиц во время эпидемий и эпизоотии;
      7) обеспечивать безопасность систем связи Президента Республики Казахстан с целью недопущения информационной изоляции Главы государства;
      8) возмещать в установленном законодательством порядке гражданам, предприятиям, организациям и учреждениям ущерб, причиненный в связи с использованием в служебных целях их средств связи, транспорта и помещений.»;
      главы 345 изложить в следующей редакции:

«3. Организация деятельности Службы охраны Президента

      13. Руководство Службой охраны Президента осуществляется начальником Службы охраны Президента (далее - начальник), который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Службу охраны Президента задач и осуществление ею своих функций.
      14. Начальник назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан.
      15. Начальник имеет заместителей, в том числе одного первого. Заместители начальника назначаются на должности и освобождаются от должностей Президентом Республики Казахстан по представлению начальника.
      16. Начальник в установленном законодательством Республики Казахстан порядке и в пределах своей компетенции:
      1) руководит служебно-боевой деятельностью, боевой подготовкой Службы охраны Президента и осуществляет контроль за ее состоянием;
      2) руководит республиканским оперативным штабом. Определяет руководителей областного, города республиканского значения, столицы оперативного штаба.
      Принимает решение о проведении антитеррористических операций по обеспечению безопасности охраняемых лиц, введении правового режима антитеррористической операции на период их проведения;
      3) определяет порядок организации и несения боевого дежурства по обеспечению безопасности охраняемых лиц и объектов, взаимодействия государственных органов при осуществлении санитарно-гигиенического, экологического, радиационного, биологического, химического и противоэпидемического контроля, а также обезвреживания и уничтожения взрывных устройств, взрывоопасных предметов на охраняемых объектах и в местах проведения охранных мероприятий;
      4) определяет порядок применения сотрудниками Службы охраны Президента специальных средств, огнестрельного оружия и боевой техники;
      5) определяет перечень объектов и участков специальных трасс, на которых осуществляется оперативное обеспечение Службой охраны Президента, а также порядок согласования проведения оперативно-розыскных мероприятий на объектах оперативного обеспечения Службы охраны Президента и в зоне проведения охранных мероприятий;
      6) утверждает положения, организационную структуру и штатную численность структурных подразделений Службы охраны Президента, а также определяет численность офицеров действующего резерва в пределах утвержденной Президентом Республики штатной численности и выделенных для этих целей средств;
      7) определяет перечень должностей, замещаемых на конкурсной основе, квалификационные требования к категориям должностей Службы охраны Президента, порядок организации и методику проведения мероприятий по отбору и зачислению кандидатов на службу, перечень необходимых документов, порядок их оформления, сроки проведения проверки кандидатов на службу, требования по уровню их образования, опыту работы, физической подготовке и состоянию здоровья, а также порядок направления сотрудников Службы охраны Президента на военно-врачебную комиссию для определения категории годности к службе;
      8) зачисляет граждан Республики Казахстан на добровольной основе на службу в Службу охраны Президента, присваивает им специальные звания до полковника включительно и увольняет их со службы. Отдельным категориям сотрудников Службы охраны Президента может засчитывать в выслугу лет стаж их трудовой деятельности до зачисления на службу в установленном им порядке;
      9) определяет порядок проведения переаттестации и присвоения специального звания гражданам, зачисляемым в Службу охраны Президента из запаса, либо принятым в порядке перевода из Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов либо правоохранительных органов и имеющих воинские, специальные звания, классные чины, при назначении на должность сотрудника;
      10) назначает на должность и освобождает от должности сотрудников Службы охраны Президента, за исключением тех, назначение на должности и освобождение от должностей которых осуществляются Президентом Республики;
      11) утверждает перечень сведений, подлежащих засекречиванию в Службе охраны Президента;
      12) решает вопросы по прикомандированию сотрудников Службы охраны Президента в государственные органы и организации, независимо от форм собственности, определяет порядок зачисления сотрудников в действующий резерв Службы охраны Президента и прохождения ими службы;
      13) определяет порядок использования сил и средств Службы охраны Президента по обеспечению безопасности охраняемых лиц и объектов в мирное время, а также в чрезвычайных ситуациях и в период мобилизации, военного положения и в военное время;
      14) определяет порядок внесения предписаний об устранении обстоятельств, способствующих совершению правонарушений, посягающих на жизнь, здоровье, права, свободы, личное достоинство и собственность охраняемых лиц;
      15) вносит представления Президенту Республики о присвоении специальных званий высшего офицерского состава и награждении сотрудников, рабочих и служащих государственными наградами, а также о присвоении почетных званий;
      16) определяет порядок ношения специальной формы одежды сотрудниками Службы охраны Президента;
      17) награждает, поощряет сотрудников, работников Службы охраны Президента и налагает на них дисциплинарные взыскания. Определяет полномочия руководителей структурных подразделений Службы охраны Президента по поощрению и наложению дисциплинарных взысканий на сотрудников Службы охраны Президента;
      18) распоряжается, в установленном законодательством порядке, имуществом и финансовыми средствами Службы охраны Президента.  Определяет порядок денежного обеспечения и определения стажа службы (работы) для исчисления должностных окладов и пособий для оздоровления сотрудников Службы охраны Президента;
      19) издает приказы, распоряжения, дает указания, обязательные для исполнения всеми сотрудниками и работниками Службы охраны Президента;
      20) утверждает описание служебных удостоверений сотрудников службы охраны Президента, образцы жетонов, формы пенсионных удостоверений, определяет порядок их выдачи и использования;
      21) представляет Службу охраны Президента во взаимоотношениях с государственными органами Республики Казахстан, юридическими лицами, а также со специальными и правоохранительными органами иностранных государств и международными правоохранительными организациями;
      22) вносит на рассмотрение Президента Республики предложения по вопросам совершенствования деятельности Службы охраны Президента;
      23) осуществляет иные полномочия, возложенные на него законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение обязанностей начальника в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      17. Начальник определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      18. Аппарат начальника Службы охраны Президента возглавляется руководителем Аппарата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности начальником в соответствии с действующим законодательством.
      19. Для рассмотрения наиболее важных вопросов оперативно-служебной деятельности, выработки мер по повышению ее эффективности и принятия по ним согласованных решений в Службе охраны Президента образуется Коллегия.
      Решения Коллегии объявляются приказом начальника. Задачи, полномочия, порядок деятельности и персональный состав Коллегии регламентируются положением, утверждаемым начальником.
      20. В Службе охраны Президента создается специальный государственный архив.
      21. Медицинское обеспечение и обслуживание сотрудников Службы охраны Президента, снабжение медицинским имуществом и медикаментами осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.
      22. Сотрудникам Службы охраны Президента в стаж службы в государственном органе для установления коэффициентов для исчисления должностных окладов и пособий для оздоровления засчитывается служба из расчета полтора месяца за один прослуженный.
      Исчисление выслуги лет для назначения пенсий сотрудникам Службы охраны Президента производится на льготных условиях в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
      23. Несение службы сотрудниками Службы охраны Президента является выполнением боевой задачи и основывается на осуществлении комплекса мероприятий, проводимых как самостоятельно, так и совместно с другими государственными органами.
      В ходе проведения охранных мероприятий по обеспечению безопасности охраняемых лиц и объектов старшее должностное лицо Службы охраны Президента является оперативным начальником для всех лиц, привлеченных к их проведению.

4. Имущество Службы охраны Президента

      24. Служба охраны Президента может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Службы охраны Президента формируется за счет имущества, переданного ему государством, а также имущества, приобретенного в результате основной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за Службой охраны Президента, относится к республиканской собственности.
      26. Служба охраны Президента не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выдаваемых ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Службы охраны Президента

      27. Реорганизация и упразднение Службы охраны Президента осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев