Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
1997 жылғы 28 наурыздағы Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияның 6-бабын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 1997 жылғы 28 наурыздағы Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органы болып Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев