Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.10.2017 № 559 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Әкімдердің сайлауына әзірлікті және оны өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Облыстық сайлау комиссиясы:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне басшылық етеді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде құрылған төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін орындауын ұйымдастырады;
3) сайлауға әзірлікке және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы;
4) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"әкімдердің сайлауын тағайындайды және оның өткізілуін қамтамасыз етеді;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жергілікті қоғамдастықпен консультациялар тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тағайындаған сәттен бастап жүргізілуі мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Аудан (қала) әкімі әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымын аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге кемінде екі күн қалғанда кері қайтарып ала алады.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды және қабылданған шешім туралы аудан (қала) әкіміне хабарлайды.";
40-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне:
сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы;
жалақыға үстемеақы;
техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алу, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған кұрал-жабдықтарды сатып алу және жасау);
көлік шығыстары;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
байланыс қызметтері, почта-телеграф шығыстары;
полиграфиялық шығыстар;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алу;";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімінің сайлауын Қазақстан Республикасының тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде қырық бес күн қалғанда тағайындайды. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өткізіледі.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Әкімдердің сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес, осы Қағидалардың 46-1-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
"46-1. Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі.
Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты айқындауға мүмкіндік бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тізімдерін жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі бұзылған, осы Қағидаларды басқа да бұзушылықтар орын алған жағдайда, егер бұл іс-әрекеттер таңдаушылардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, әкімдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |